Теориялық және практикалық сабаққа әдістемелік талдау


Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі – 40 минут



бет4/7
Дата02.01.2022
өлшемі21.32 Kb.
#452827
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Миология 2.3

Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі – 40 минут

Түсіндіру әдісі: баяндау, сұрақ-жауап


Тұлғаның бұлшықеттері мен фасциялық қабықшасы

Тұлға бұлшықеттері топографиялық орна­ласуына қарай симметриялық жағдайда орналасқан: кеуде, құрсақ және арқа бұлшықеттерінен тұрады.Тұлға бұлшықеттерінің эмбрионалдық дамуы. Адам қаңқасының бұлшықеттерінің жалпы эмбрионалдық дамуы, ұрықтық дамудың 4 апталығынан басталады. Бұл миотомдар, ұрықтың вентральды және дорсальді бағытта дамып,өзара ұрықтың бүйір қапталында және алдыңғы,артқы қапталында дәнекер ткандар арқылы байланысқан. Сонымен қатар, дорсальды және вен­тральды миотомдар, бір-бірімен өзара бойлай орналасқан жарғақтар арқылы шектеліп орналасқан. Кейінгі даму кезеңінде миотомдардың терең қабатындағы саңылаулар бір-бірімен жабысып, саңылаулары кері дамып, өте күрделі түрде өзара бітісіп, болашақта сегменттік жағдайда орналасқан бұлшықеттің қабаттары пай­да болады.Бұлшықеттің қабаттары, терең қабатына қарай бағытталған дәнекер ткандер бұлшықеттің беткей орналасқан бөлігін, терең қабатында орналасқан бөлігінен бөліп тұрушы фасциялық қабықшаларды құрайды.



АРКА БҰЛШЫҚ ЕТІ Арқа бұлшықеттері көп: олардың басты бөлігін тұлға миотомдарының дорсалды бөлімдерінен пайда құрайды, оған бастан және қолдан арқаға ауысқан бұлшықеттер қабаттасады, соның себебінен олар екі беткей және терең-қабат болып орналасады. Беткей бұлшықеттер Иық белдеуі мен тоқпан жілікке бекитін бұлшықеттер Қабырғаларға бекитін бұлшықетте бұлардың екеуі де тұлғаның кейін қарай ығысқан вентралды бұлшықеттерінің туындылары. Олар бас сүйек нервтерінің алдыңғы тармақтарынан нервтендіріледі. Терең бұлшықеттер Арқаның беткей бұлшықеттері: Иық белдеуі мен тоқпан жілікке бекитін бұлшықеттер екі қабат болып орналасады, олардың ең беткісі екі жалпақ бұлшықеттен тұрады: Трапеция тәрізді бұлшықет- Жоғарғы бөлігі жауырынды көтереді, ортадағысы жауырынды омыртқа жотасына жақындатып, ал астыңғысы оны төменге тартады. Арқаның аса жалпақ бұлшықеті-иықты, қолды артқа тартып, қолды ішке бүгеді. Ромбтәрізді бұлшықет Жауырынды көтеретін бұлшықет Артқы жоғары тісті бұлшықет Артқы төменгі тісті бұлшықет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет