1.9. Сабақтың тақырыбы: Гинекологиялық ауруларды арнайы тексеру
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Тақырып бойынша білімдерін бекіту, тереңдету, кеңейту, бір жүйеге келтіру.
ә) тәрбиелік: Адамгершілікке, шыншылдыққа, тапсырылған іске жауапты түрде қарауға тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Қосымша деректермен таныстыру арқылы ой-өрісін дамыту, студенттің бойында логикалық және клиникалық ойлау қабілетін дамыту, оқыс жағдайда дер кезінде шұғыл шешім қабылдауға дағды жасау.
Сабақтың түрі: Практикалық.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастырушылық кезеңі
ә) Үй тапсырмасын сұрау
б) Жаңа сабақты түсіндіру
Гинекологиялық тексерулер-әйел жыныс жүйесін тексеру әдістерінің жиынтығы. Гинекологиялық тексерудің әдістерін негізгі және қосымша деп бөлуге болады. Негізгі тексеру әдістері барлық науқастарды міндетті түрде тексеру мақсатында қолданылады. Қосымша тексеру әдістері алдын-ала қойылатын диагнозға байланысты көрсетулер бойынша қолданылады. Негізгі әдістерге:
1.сыртқы жыныс мүшелерін қарау,
2. айнаның көмегімен қарау,
3.қынаптық тексерулер-бір қолды және екі қолды/ қынаптық-құрсақты не іш қабырғалы/, көрсетулер бойынша көтеншекті және көтеншекті-қынаптық тексерулержатады. Диагнозды анықтау үшін /көрсетулер бойынша/ қосымша тексеру әдістері қолданылады. Оған жатады: 1. Кольпоскопия 2. Цитологиялық тексерулер 3. Бактериоскопиялық тексерулер
4.Жатырды зонд арқылы тексеру
5.Қысқыштар пулевые щипсы көмегімен тексеру
6.Жатыр мойыны мен жатыр денесінің шырышты қабаттарын жекеше диагностикалық қыру.
7.Биопсия, соның ішінде аспирациялық әдістер
8.Іш қуысының пункциясы.
9.Рентгенологиялық әдістер гистеросальпингография, газды және биконтрасты рентгенопельвиография, лимфография, флебография/.
10.Эндоскопиялық әдістер кульдоскопия, лапароскопия, гистероскопия.
11. Аналық бездің қызметін тексеру функциональды диагностикалық тестер,гормон мөлшерін тексеру,гормондық сынаулар, соның ішінде жатыр денесінің шырышты қабатын диагностикалық қыру.
12. Түкікшенің қызметін тексеру пертубация, гидротубация.
13. Ультрадыбысты тексеру.
14. Көршілес мүшелерді тексеру /қуықты қатетерлеу, хромоцистоскопия, ректороманаскопия, колоноскопия, ирригоскопия, асқазан және ішек рентгеноскопиясы.
Бақылау сұрақтары:
* Сыртқы жыныс мүшелерін қарау.
* Гинекологиялық тексеру.
Достарыңызбен бөлісу: |