Теориялық ЖӘне симуляциялық сабақтарға арналған әдістемелік нұСҚаулық


Сабақтың тақырыбы:Экстракорпоральды ұрықтану



бет38/56
Дата13.05.2023
өлшемі0.71 Mb.
#473657
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   56
Акушерия теориялық және симмуляция

1.20.Сабақтың тақырыбы:Экстракорпоральды ұрықтану.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Тақырып бойынша білімдерін бекіту, тереңдету, кеңейту, бір жүйеге келтіру.
ә) тәрбиелік: Адамгершілікке, шыншылдыққа, тапсырылған іске жауапты түрде қарауға тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Қосымша деректермен таныстыру арқылы ой-өрісін дамыту, студенттің бойында логикалық және клиникалық ойлау қабілетін дамыту, оқыс жағдайда дер кезінде шұғыл шешім қабылдауға дағды жасау.

Сабақтың түрі: Практикалық.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастырушылық кезеңі
ә) Үй тапсырмасын сұрау
б) Жаңа сабақты түсіндіру

Қолдан ұрықтандыру екі тәсіл арқылы жүзеге асады: І Жасанды ұрықтандыру-ғасыр жаңалығы


1.1 Арнайы медициналық түтікшелерде қолдан ұрықтандыру арқылы сәбиді дүниеге әкелу (экстрокорпоральды ұрықтандыру)«Қолдан ұрықтандыру» – табиғи жолмен өздігінен ұрықтана алмаған жағдайда, әйел жұмыртқа клеткалары мен еркек ұрық клеткасын сыртқы ортада арнайы медициналық түтікшелер көмегімен біріктіріп ұрықтандыру тәсілі. Ұрықтандырылған бұл зигота артынша әйел жатырына салынады.Бұл тәсіл XX ғасырдың алғашқы жартысында ең әуелі жан-жануарларда қолданыла бастады. Бір ғана еркек малдың ұрығымен мыңдаған ұрғашы малдар қолдан шағылыстырылды. Бұл ғылыми жаңалық мал шаруашылығына айтарлықтай экономикалық тиімділік әкелді. Мыңдаған сиырларға бір ғана бұқа салу қиындық туғызатындықтан, шаруа иелеріне бұрынырақта көптеп бұқа ұстау, оларды арнайы күту, бағу керек болатын. Енді жаңаша мына тәсіл арқылы оларды күтуге жұмсалатын шығын азайды. Оған қоса, бұқаларды көптеп ұстағаннан кейін қартайған бұқалардың етін өткізу де қолайсыз болатын. Жаңа тәсіл арқылы санаулы ғана бұқа ұсталатындықтан басқа еркек малдарды жас кезінде сойып етке өткізу де экономикалық пайда әкелді. Оның үстіне, бұқалардың ұрықтарын зертханада зерттеу арқылы олардың ішінен аурудан таза, етті, ең мықтылары таңдалып, ұрықтандыруға қажетті бұқалар іріктелетін болды. Сөйтіп, жоғарғы сапада мал төлдету мен мал түрлерін көбейтуде бұл тәсіл таптырмайтын мүмкіндік сыйлады.Кейін келе-келе бұл тәсіл табиғи жолмен ұрықтана алмайтын адамдарға да қолданыла бастады. 1978 жылы Эдвардс және Стептоу атты дәрігерлер, Джон Браун, Луиз Браун атты ерлі-зайыптылардың ұрықтарын түтікшеде ұрықтандырып, оны қайтадан Луиз Браунның жатырына салады. Сөйтіп, 1978 жылы 25 тамызда Лесли Браун атты алғашқы сәби дүниеге келген.
1. Қолдан іштей ұрықтандыру тәсілі. Бұл тәсілде ер кісінің спермасы алынып, әйел жатырының қолайлы жеріне қойылады.
2. Қолдан сырттай ұрықтандыру тәсілі. Бұл тәсіл ер кісінің спермасы мен әйелдің жұмыртқа клеткасы алынғаннан кейін оларды зертханада арнайы түтікшелерде ұрықтандырып, артынша оны әйелдің жатырына орналастыру арқылы жүзеге асады.Қазіргі таңда әлемде барлық тәсілдер кеңінен қолданылуда. Қолдан ұрықтандыруды біреулер тек ақша табу мақсатында пайдаланса, енді біреулері үйленбей-ақ балалы болу үшін немесе ерлі-зайыптылардың біреуіндегі яки екеуіндегі жүкті болуға бөгет келтіретін кей ақауларға байланысты кеңінен қолдануда.
1.3 «ҚҰРСАҚ АНАНЫҢ» ҚҰҚЫҒЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОРҒАЛАДЫ
Қосымша репродукциялық технологиялар (ҚРТ) - Ұрықтану мен эмбриондардың ертеден дамуының жеке немесе барлық сатылары ағзадан тыс жүзеге асырылатын белсіздікті емдеу әдісі. Суррогат ана - баланы ұрықтандыру мен тууында үш адам қатысатын қосымша репродуктциялық технология. 1) генетикалық әке - өзінің шәуетін ұрықтандыру үшін берген және бала туғаннан кейін әкелік міндетті өзіне алуға келіскен тұлға; 2) генетикалық ана - өзінің аналық жасушасын ұрықтандыру үшін берген және бала туғаннан кейін аналық міндетті өзіне алуға келіскен тұлға; 3) суррогат ана - бала туатын жастағы, ақылы немесе ақысыз негізде генетикалық ата-аналардан бала көтеруге және тууға келіскен және осы баланың анасы рөліне таласпайтын әйел. Қазақстанда суррогат ана өзінің бастауын 1998 жылдан бастайды, ол кезде «Неке және отбасы туралы» заң қабылданды, ол қосымша репродукциялық технологиялардың әдісін пайдалану құқығын берді. 1999 жылы Адам репродукциясы орталығында суррогат ананың бірінші бағдарламасын жүргізді. 2004 жылы «Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы» Заң шықты. 2009 жылы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс шықты. Бұл құжаттарда суррогат ананың құқықтық негізі баяндалды. 2012-жылғы 7-ақпанда «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілді. 1998-жылғы 17-желтоқсандағы бұрын қолданыста болған «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшін жойған болып танылды. Сонымен, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінде 9-бөлім «Суррогат ана және қосымша репродукциялық әдістер мен технологияларды қолдану» бөлімі бар. Кодекстің 54-бабы суррогат ана шартын қарастырады, ол Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарын сақтау арқылы жазбаша түрде жасалады және міндетті нотариалдық куәландыруға жатады. Суррогат ана шартымен бірге ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) сәйкес қызмет көрсететін, қосымша репродукциялық әдістер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйыммен шарт жасайды. Кодекстің 56-бабы суррогат анаға қойылатын талаптарды бекітеді. Біріншіден, суррогат ана болуды қалайтын әйел жиырмадан отыз бес жас аралығында болуы, медициналық ұйымның қорытындысымен расталған қанағаттанарлық дене, психикалық және репродукциялық денсаулыққа ие болуы тиіс, сонымен қатар өзінің дені сау баласы болуы тиіс. Екіншіден, егер суррогат ана тіркелген некеде (ерлі-зайыптылық) тұрған жағдайда, суррогат ана шартын жасағанда ерінің жазбаша келісімін беруі тиіс, ол нотариалдық тәртіпте расталуы тиіс. Үшіншіден, қосымша репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйым олардың қолданылуы туралы балалы болуды қалайтын тұлғалар немесе донорлық банк үшін қолданылған биоматериалдар туралы толық және жан-жақты ақпарат бар қорытынды шығаруға міндетті. Қорытындының бір данасы суррогат ананын нотариалдық расталған шартына тіркеледі және келісім жасалған орында сақталады. Кодекстің 59-бабына сәйкес, суррогат ана шарты негізінде қосымша репродукциялық әдістер мен технологияларды қолдану нәтижесінде туылған баланың ата-анасы болып ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) танылады. Басқа сөзбен айтқанда, баланың генетикалық анасы туылғаннан кейін бірден сәбидің анасы болып ресми жазылады және сол сәттен бастап суррогат ананың бұл балаға ешқандай қатысы болмайды. енетикалық ата-аналар суррогат ананың медициналық бақылау, қосымша репродукциялық әдістер мен технологиялардан өтуімен байланысты материалдық шығындарды өтеуге; жүктілік кезеңінде, босану және босанған кейін елу күн ішінде, ал жүктілік және босанумен байланысты асқынулар болған жағдайда - босанғаннан кейін жетпіс күн бойы медициналық қызметтерді төлеуге міндетті. Суррогат ана үнемі дәрігерге қаралып, оның нұсқаулықтары мен тағайындауларын қатаң орындауы тиіс; «тапсырыс берушілерге» жүктілік ағымы туралы үнемі ақпараттандыруы тиіс, ал ең бастысы - суррогат ана бағдарламасы бойынша оның туған баласын «тапсырыс берушілерге» беруі тиіс. Суррогат ана мен сәйкес медициналық процедураларды іріктеу бойынша қызметтерді Қазақстанда ЭКО орталықтар мен мамандандырылған суррогат ана орталықтары жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет