Бақылау сұрақтары:
* Антиденелердің шабуылы
* Резус қайшылығы кезінде балаға қан құю нешеу
1.22. Сабақтың тақырыбы: Жүктілік кезінде әйел организмінде болатын өзгерістер.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Тақырып бойынша білімдерін бекіту, тереңдету, кеңейту, бір жүйеге келтіру.
ә) тәрбиелік: Адамгершілікке, шыншылдыққа, тапсырылған іске жауапты түрде қарауға тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Қосымша деректермен таныстыру арқылы ой-өрісін дамыту, студенттің бойында логикалық және клиникалық ойлау қабілетін дамыту, оқыс жағдайда дер кезінде шұғыл шешім қабылдауға дағды жасау.
Сабақтың түрі: Практикалық.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастырушылық кезеңі
ә) Үй тапсырмасын сұрау
б) Жаңа сабақты түсіндіру
Анықтамасы Жүктілік кезіндегі көптеген өзгерістер барлық жүйелер мен ағзаларды қамтиды. Әйел ағзасындағы кейбір өзгерістер әйелді алғаш тексере бастағанда-ақ, ал кейбірі арнайы және күрделі тексеруден өткеннен кейін барып байқалады.
Жіктелуі Жүкті әйел ағзасындағы физиологиялық өзгерістерді шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады : Жалпы өзгерістер. Жыныс аймағындағы өзгерістер.
Әйел жүкті болған кезде, күмәнді және күмәнсіз белгілері пайда болады. Күмәнді белгілерге, жүктілікке байланысты әйел организміндегі жалпы өзгерістер жатады. Оларға : 1. Тәбеттің өзгеруі ( жүрек айну, құсу )
2. Иіс сезудің өзгеруі ( әтірге, темекіге ), жиіркену
3. Жүйке жүйесінің бұзылуы ( ұйқышылдық, ашуланшақтық )
4. Бет қарын және емшек ұшы терісінің қараюы (пигментация) жатады .
Күмәнсіз белгілерге :
1. Етеккірдің тоқталуы
2. Сүт бездерінде уыздың пайда болуы
3. Қынап пен жатыр мойынының көгеруі
4. Жатырдың пішіні мен көлемінің өзгеруі жатады.
Жүкті әйелдің сырт бейнесі, әсіресе жүктіліктің екінші жартысында қатты өзгереді. Көп әйелде бет бейнесі дөрекіленіп, аяқ-қолдары, бет сүйегі, жақтары үлкейеді. Іш үлкейген сайын омыртқа сүйектері түзеліп, иық пен желке артқа қарай шалқаяды. Осының бәрі олардың жүріс-тұрысын өзгертеді. Шекспир айтқандай, “ жүктілердің тәкаппар жүрісі ” пайда болады. Жүктілік кезінде жамбас сүйек қосылыстарында қашанда қатты өзгерістер, әсіресе шат қосылысының жан-жаққа ажырауы байқалады. Тері қабаттары да өзгереді. Жатырдың өсуіне байланысты құрсақ созылып, іштің ақ жолағы кеңейеді. Іштің төменгі жағында, шат аймағында, жамбаста және сүт бездерінде шамадан тыс май жинала бастайды. Терінің көбірек созылған жерлерінде жүктілерге тән жолақтар, терісіне тән қоңыр түсті дақтар пайда болады. Дақ, әсіресе, бетте айқын көрінеді, сонымен бірге іштің ақ жолақтарында, емшек ұшында, айналасында, қынап қабырғаларында, емшек бездерінде, көктамырдың кеңеюі мүмкін. Әдетте, ол босанғаннан кейін қалпына келеді.
Жүктілік кезінде әйел салмағы артады, ол жатырдың, іштегі ұрықтың өсуіне, май талшықтарының жиналуына, сүт бездерінің өсуіне, қан көлемінің ұлғаюына, тканьде судың жиналуына байланысты. Жүкті кезде дененің жалпы салмағы орташа есеппен 10-11 кг артады, ұрықтық салмағы, плацента, су – 5 кг; жатыр, сүт бездері 1,4-1,8 кг ұлғаяды, таза қоспа 3,6 – 4,4 кг болады. Ал 90% жүкті әйелдерде босанардан үш-төрт күн бұрын салмағы орта есеппен 1 кг шамасында кемиді. Сонымен қатар әйелдің дене қызуы әдетте 37-37,2 0 С-ге көтерілуі мүмкін. Сүт бездерінің қызметі артып, көлемі ұлғаяды. Жүктіліктің екінші жартысында уыз пайда болады. Жүкті әйел ағзасының тіршілік етуі ұрықтың дамуы үшін оңтайлы жағдайлар туғызуға және қамтамасыз етуге бағытталған. Ұрықтанған аналық жұмыртқаның имплантациясынан бастап баланың тууына дейін ұрықтың талаптары үнемі өсіп отырады. Ол ана ағзасынан өзінің дұрыс дамуын қамтамасыз ететін бейімделуші-компенсаторлы механизмдерді жетілдіруді талап етеді. Ұрық оттегінің, ақуыздардың, майлардың, көмірсутегінің, дәрумендердің, минералды және басқа өмірге қажетті маңызды заттардың қажетті мөлшерін анасынан алады. Ал ұрықтың тіршілік әрекетінің өнімдері ана ағзасына келіп түсіп, оның бөлу жүйесімен шығарылады. Үнемі алмасып отыратын осы процестер жүктіліктің түрлі мерзімдеріне тән гомеостаздың және гомеостазы анықталмайтын дені сау жүкті емес әйелдің жаңа деңгейін белгілейді. Жүктілік мерзімі бойында әйел ағзасы әрекетінің қайта құрылуы орталық жүйке жүйесінен бастап, тірек-қозғалыс аппаратына дейін барлық мүшелер мен жүйелерді қамтиды. Зат алмасудың барлық түрі өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |