Ревматология
Қай патологияға аталған белгілер тән: балтырдың тері үстінде симметриялық папуло-геморрагиялық бөртпелер,басқанда кетпейді және артынан пигментация қалдырады:
* Жүйелі склеродермия
* Дерматомиозит
* Жүйелі қызыл жегі
* Жжедел ревматикалық қызба
* Геморагиялақ васкулит
Әртүрлі терiлiк бөртпе, неврит немесе нейропатия, қалтыраусыз және терлеусiз кызба, бiрге бүйрек, жүрек, буын, өкпенiн зақымдануы қосарласқан жүйелі закымданулар мынаған БАРЫНША тән:
* Зооноздарга
* Жүйелi васкулитке
* Туберкулездi процесске
* Ірiндi-септикалық процесске
* Дәнекер тiннiң жүйелi ауруына
16 жастағы балада суыктағаннан кейiн дене қызуының 39°С дейiн көтерiлуi; жамбасында және аяктарында кейбiр жерлерiнде орталык некрозымен симметриялы папуллезды-геморрагиялык бөртпелер пайда болды. Бiр аптадан кейiн бел аймағындагы,iшiндегi ауру сезiмi, зәрiнiн каратуы пайда болды. Зәр анализинде- белок 0,99 г/л, эритроциттер- бүкіл к/а, цилиндрлер- 2-3 к/а. Тәулiгiне 30 мг преднизолон тағайындалды.
Айтылған дәрiлердiң қайсысын емге қосу БАРЫНША тиiмдi?
* Тренталды
* Викасолды
* Гепаринді
* Плавиксті
* Курантилды
25 жастағы ер адам оңжақ тізе және балтыр табан буыны, ахилл сіңірі аймағындағы ауырсыну сезіміне шағымданады. 3 апта бұрын үрпіден мардымсыз бөлінділер және дизурия байқалған.
Төмендегі диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?
* Реактивті артрит
* Септикалық артрит
* Ревматоидты артрит
* Гонококкты артрит
* Стрептококктан кейінгі артрит
32 - жастағы ер адам бірнеше жыл бойы невропатологта омыртқа остеохондрозымен нәтижесіз ем қабылдаған. Кеуде және мойын омыртқаларында қозғалыс шектелген. Рентгенде: кеуде омыртқаларының квадраттануы, синдесмофиттер.
Төмендегі диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?
* Псориаздық спондилоартрит
* Анкилоздаушы спондилоартрит
* Кеуде омыртқа бөлімінің остеохондрозы
* Бруцеллезді этиологиялы созылмалы спондилоартрит
* Туберкулезді этиологиялы созылмалы спондилоартрит
Спондилоартриттің клиникалық көріністері бар, рентгенологиялық сакроилеит дәлелденбеген ер адамға, серонегативті спондилоартрит диагнозын нақтылау үшін келесі HLA анықтау БАРЫНША ақпаратты?
* B27
* DR1
* DR4
* DR3
* Drw52
Диуретиктер қабылдайтын 57 - жастағы әйелде, кенеттен 1-ші плюснефалангалық буынында ауырсыну пайда болып, буыны гиперемияланып, ісінген, дене қызуы 37,8°С дейін жоғарлаған. Қанда – лейкоциттер – 9,2х109/л.
* Іріңді артриттің
* Реактивті артриттің
* Бруцеллезды артриттің
* Жедел подагралық артриттің
* Остеоартроз кезіндегі екіншілік синовиттің
73 - жастағы ер кісіні соңғы 5 жылда шынтақ, білезік, тізе буындарының ауыру сезімі мазалайды. Буындары өзгермеген, halux valgus сол жақта үлкен. Екі шынтақ буындарының жазатын беткейінде ауырмайтын дөңгелек 2х4 см құрылым анықталады. Қанда – лейкоциттер 8,2 х 109/л, ЭТЖ - 19 мм/сағ. Несеп қышқылы – 640 мкмоль/л. РФ латекс-сынама – 1:20.
Шынтақ буындары аймағында қандай құрылым анықталғанын көрсетіңіз?
* Тофустар
* Фиброзиттар
* Ревматоидты түйіндер
* Ревматикалық түйіндер
* Құрылған бурситтер
26 жастағы ер адам жиі ангинамен зардап шегеді, иық, шынтақ, тізе буындарында ауыру сезімі мазалайды. Индометацинді тағайындағаннан кейін тез жақсару байқалған. 8 айдан кейін митральды ақау анықталған.
Жоғарыдағы сипаттама буындардың қандай зақымдануына сәйкес келеді?
* Рейтер синдромы
* Реактивті артрит
* Ревматоидты артрит
* Подагралық артрит
* Ревматикалық полиартрит
19 жастаға жасөспірім, жиі фарингиттің өршуімен жүрек қағуына, ентігуге және буындарындағы ауыру сезімдеріне шағымданады. Қарап тексергенде: жүрек тондарының тұйықталуы, жүрек ұшында систолалық шу естіледі.
Тағайындалған зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША тиімді?
* Эхокардиография
* Фонокардиография
* Электрокардиография
* Буын рентгенографиясы
* Жүрек тамырларының ангиографиясы
46 жастағы әйел, қол саусақтары, шынтақ-білезік, бақай фалангалық буындарының ауыруы мен ісінуіне шағымданады. Объективті: қол саусақтарының «бутоньерка» типті деформациялануы. Буындарында қозғалыс көлемінің шектелуі. Ревматоидты фактор 1:64.
Аталған диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
* Дерматомиозиттің
* Ревматоидты артриттің
* Жүйелі склеродермияның
* Жүйелі қызыл жегінің
* Жүректің созылмалы ревматикалық ауруының
Жүйелі склеродермиядағы CREST-синдромының құрылымдық бөлігі болуы БАРЫНША мүмкін:
* Кардит
* Эзофагит
* Пневмонит
* Шегрен синдромы
* Склеродермиялық бүйрек
68 жастағы әйелді, физикалық жүктемеден кейін жамбассан буындарындағы ауыру сезімі. Қарап тексергенде: дистальды фалангаралық буындардың деформациясы мен олардың шеткі беттерінде тығыз түйіндердің болуы; жамбассан және тізе буындарындағы активті және пассивті қимылдардың шектелуі, крепитация байқалады.
Аталған диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
* Подагра
* Остеоартроз
* Бехтерев ауруы
* Ревматоидты артрит
* Псориаздық артрит
32 жастағы әйел күйдіруге, көзінде бөгде затты сезінуге, жарықтан қорқу, ауызының құрғауы, полиартралгияға шағымданады. Қарап тексергенде: коньюктивиттің, стоматиттің белгілері, лимфоаденопатия, гепатоспленомегаля. ЖҚА: ЭТЖ – 35 мм/сағ, ревматоидты фактор – 1: 80.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы Барынша мүмкін?
* Жүйелі қызыл жегі
* Бехтерев ауруы
* Шегрен ауруы
* Рейтер синдромы
* Бехчет ауруы
20 жастағы қыз бала, жөтелге, артралгияға, шашының түсуіне, дене қызуының 39 С көтерілуіне шағымданады. Қарап тексергенде: бетінің гиперемиясы мен ісінуі, кеудесі мен арқасында эритематозды- папуллезді бөртпе; ауыз қуысының кілегей қабығында афтылар. Лимфаденопатия. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 110 рет минутын* АҚҚ 150\90 мм.*б* Гепатомегалия. Қан анализінде: эритроцит- 2,9 млн. НВ- 95 г\л, лейкоцит- 2 мың. ЭТЖ – 40 мм\сағ. Зәр анализінде: белок – 0,9 г\л, эритроцит- 10-18 к\*
Диагнозды нақтылауға титрін анықтау БАРЫНША мәліметті:
* Антимитохондриялы антидене
* Антинуклеарлы антидене
* Кардиолипинге антидене
* Ревматоидты фактор
* Антицентромерды антидене
Жедел ревматикалық қызбаның клиникалық көріністері өткерген ангинадан кейін қанша уақыт өткен соң пайда болады?
* 3-4 айдан кейін
* 6 айдан кейін
* 2-3 аптадан кейін
* 1 жылдан кейін
* 3-5 күннен кейін
Жедел ревматикалық қызбадағы тері зақымдалуының сипаттамасы:
* Индуративті ісік
* Сақиналы эритема
* «Васкулитті көбелек»
* Тері асты ревматикалық түйіндер
* Геберден түйіндері
Жедел ревматикалық қызбаға тән иммунологиялық өзгерістер:
* Қанның сарысуында ревматоидты фактордың пайда болуы
* Антистрептокиназаның титрі 1:300, ал анти-о-стрептолизиннің титрі 1:250 –ден жоғары
* Нативті ДНК-ға антиденелердің пайда болуы
* Антицентромерлі антиденелердің пайда болуы
* Диспротеинемия
Аурудың дебютінде ревматоидты артритке қандай көрініс барынша тән?
* Буындардағы таңертеңгілік құрысулар
* Буындардағы ұшқыш ауру сезімі
* Жамбас-сан буындардағы «Стартты» ауру сезімі
* Шырышты қабықтардың зақымдалуы
* Арқаның төменгі бөлігіндегі ауру сезімі
Ревматоидты артриттің дамуының ерте сатыларында көрсетілген буындардың қайсысы жиі зақымдалынады?
* Тізе
* Жамбас-сан
* Білезік
* Шынтақ
* Омыртқаның мойын бөлігі
Ревматоидты артриттің диагностикасында лабораторлы көрсеткіштердің қайсысы ең маңызды болады?
* ЭТЖ-ң жоғарлауы
* α2-глобулиннің деңгейінің жоғарлауы
* Қанның сарысуында ревматоидты фактордың жоғарлауы
* С-реактивті белоктың жоғарлауы
* Қанда зәр қышқылының деңгейінің жоғарлауы
Ревматоидты артритте синовиальді сұйықтықта анықталынады:
* Рагоциттер
* Кальций пирофосфатының кристаллдары
* Эритроциттер
* Нейтрофилдер
* Ревматоидты фактор
Остеоартрозға барынша тән рентгенологиялық өзгерістер қандай?
* Буындық беттерінің эрозиялары
* Қуысты ашық жерлер (кистовидные просветления)
* Анкилоздар
* Буын қасындағы остеопороз
* Субхондральді склероз
Іріңді артритке күмән болғанда диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу әдісі барынша тиімді?
* Антибиотиктерді тағайындап көру
* Қанның бактериологиялық зерттеуі
* Синовиальді сұйықтықтың зерттеуі
* Буынның рентгенологиялық зерттеуі
* Буынның компьютерлі томографиясы
Бехтерев ауруы диагнозын нақты қою үшін міндетті түрде аурудың қандай көрінісі анықталуы қажет?
* Науқастың HLA-DR27 генотипі
* Омыртқаның кеуде бөлігіндегі спондилит
* Төс-қабырға қосылыстардың зақымдалуы
* Жамбас-сан буынының зақымдалуы
* Екіжақты сакроилеит
Жедел подагралық артритті басу үшін препараттың қайсысын бірінші қатарда тағайындау керек?
* Колхицин
* Преднизолон
* Метилпреднизолон
* Индометацин
* Аллопуринол
Қай ауруға симптомдар триадасы тән: пальпацияланатын пурпура, артрит және абдоминальді синдром?
* Түйінді периартериит
* Вегенер гранулематозы
* Алыпклеткалы артериит
* Облитерациялық тромбангиит
* Геморрагиялық васкулит
Қай ауруға симптомдар триадасы тән: жоғары тыныс жолдары, өкпе мен бүйректің некротизациялық зақымдалуы?
* Такаясу ауруы
* Хортон ауруы
* Вегенер гранулематозы
* Шенлейн-Генох ауруы
* Кавасаки ауруы
Кәрі және қарт жаста болатын ұзақ уақытты субфебрильді қызбаның себебінің қайсысы барынша болуы мүмкін:
* Гипертиреоз
* Созылмалы бронхит
* Жүйелі қызыл жегі
* Қатерлі ісік
* Жүйелі васкулит
Қызба мен кеуде қуысындағы (средостение) лимфа түйіндердің өлшемдерінің тез ұлғаюы қандай патологияға тән?
* Бруцеллезге
* Өкпенің бронхогенді ісігіне
* Лимфогранулематозға
* Туберкулезға
* Іріңдеуі бар бронхоэктаздарға
Лимфаденит, артралгия, жоғары температурасы бар, жағдайы қанағаттанарлық және активтілігі сақталған науқастарда қандай ауру дамыған?
* Ревматоидты артрит
* Созылмалы бруцеллез
* Туберкулезді лимфаденит
* Жедел бруцеллез
* Шегрен ауруы
Гипертермияға тән емес, бірақ қызбада болатын температураның жоғарлау механизмдері қандай?
* Температураның жоғарлауы простагландиндердің әсерінен терморегуляция орталығында set point жоғарлауымен байланысты
* Температураның жоғарлауы жылу қайтарудың шектелуімен байланысты
* Температураның жоғарлауы жылу өнімінің ұлғаюымен байланысты
* Температураның жоғарлауы қабыну ошағындағы макрофагтар түзетін простагландиндердің әсерімен байланысты
* Температураның жоғарлауы терморегуляция орталығындағы бактерийлердің липополисахаридтердің әсерімен байланысты
Сіз дене қызыуы бір айдың көлемінде көтерілетін, 8 кг арықтаған, осы уақыт ішінде іш өтуге (2-6 рет тәулігіне) шағымданған науқасты қарап отырсыз. Тексергенде бұғана асты, қолтық асты, шап аймағындағы лимфотүйіндері ұлғайған. Бірінші кезекте қандай ауру туралы ойлайсыз ?
* Сзылмалы дизентерия
* Крон ауруы
* Сепсис
* АИВ-инфекциясы
* Уиппл ауруы
Жүйелі қызыл жегіде цитостатиктерді тағайындауға көрсеткіш?
* Люпус-кардит
* Люпус-артрит
* Люпус-нефрит
* Полисерозит
* Цитопения
Жүйелі қызыл жегінің Американдық ревматологтар ассоциациясының ұсынысы бойынша диагностикалық критерийлерін көрсетіңіз?
* Биетт эритемасы ( в исправленном- эритема лица)
* Готрон папулдар
* Рейно синдромы
* Гематурия
* Лимфоцитоз
Ұлпалардың жайылмалы зақымдануы салдарынан нефриттің гистологиялық суреті, «сым ілмек», фибриноидтық, гиалиндік тромбтар, ядроның патологиясы симптомдарымен сипатталатын қызба қандай ауруды куәлендіреді?
* Ревматоидты артриттті
* Крон ауруын
* Түйінді периартериитті
* Жүйелі қызыл жегіні
* Созылмалы гломерулонефритті
Қандай белгілер дерматомиозитке тән:
* Биетт эритемасы
* Көз терісі айналысындағы ісіктері мен қызыруы
* Тырнақ фалангілерінің остеолизі
* Протеинурия
* Спленомегалия
Цитостатиктермен емдеу кезіндегі жиі ауыр асқынулардың бірі
* Гипертониялық криз
* Нефротикалық синдром
* Остеопороз
* Экссудативті плеврит
* Токсикалық гепатит
Т. деген 16 жаста науқас, дене қызуының 40°С көтерілуі, ентігу, жөтел, ісінуге шағымданады. Об-ті: тамақтануы төмен, лимфаденопатия, ұрты мен мұрын қырының эритемасы, полисерозит белгілері (плеврит, перикардит, перивисцерит), кардит, нефрит. Қанында эр-2,4 млн, Нв-70 г/л, лейк-2,2 мың, ЭТЖ-70 мм/сағ. ЖҚА: белок-5,2 г/с, эритр-20-30 к/а, Lе-жасушалар-5:1000. Диагноз: жүйелі қызыл жегі. Пульс-терапия кезіндегі преднизолон мөлшері?
* 60 мг
* 100 мг
* 150 мг
* 500 мг
* 1000 мг
Пульмонология
17 жастағы ер азамат жағымсыз иісті, көлемі 150-200 мл кілегейлі–ірінді қақырықпен жөтелге шағымданады. Жөтел көбінесе таңертең мазалайды. Сонымен қатар, қан қақыру, дене қызуының 38,5*С көтерілуіне, тершеңдікке, салмағының азаюына шағымданады. Бала кезінде басыннан көкжөтелді өткізген, содан кейін жыл сайын бронхитпен ауырған. Тыңдағанда- өкпенің екі жағында төменгі бүйір аймақтарында ылғалды орта және ірі көпіршікті сырылдар естіледі.
Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?:
* Созылмалы өкпе абсцессі
* Бронхоэктаз ауруы
* Созылмалы бронхит
* Өкпе поликистозы
* Өкпе қатерлі ісігі
24 жастағы әйел, ауыл тұрғыны, таңертеңгісін көп мөлшерлі қақырықпен тұрақты жөтелге, ауызыннан келетін жағымсыз иіске, ауа жетпеу сезіміне, қалтырау және жоғары дене қызуына, тәбетінің болмауына шағымданады.Қақырықтың көлемі 1стаканға жетеді, кейде қан араласқан, иісі оте жағымсыз. Ауырғанына көп жыл болды. Тексергенде:арықтаған, терісі сұр түсті, саусақтары «барабан таяқшалары», тырнақтары «сағат әйнегі» тәрізді өзгерген.
Көрсетілген зерттеу әдістердің қайсысы бұл жағдайда БАРЫНША тиімді?
* Сыртқы тыныс функцияларды зерттеу
* Кеуде қуысының рентгенографиясы
* Қақырықтың бактериологиялық анализі
* Өкпенің сцинтиграфиясы
* Бронхография
46 жастағы ер адам, темекі шегуші, суық тиюден кейін шырышты іріңді қақырықпен жөтелге, дене қызуының 37,50С жоғарлауына шағымданады. Қарап тексергенде: ТЖ-20 рет мин., өкпесінде тынысы қатқыл, жайылған құрғақ, ызылдаған сырылдар естіледі, жөтелден кейін азаяды. Рентгенологиялық өкпе суретінің күшеюі анықталады.
Көрсетілген диагноздардың қайсы БАРЫНША болуы мүмкін?
* Өкпе саркоидозы
* Өкпе туберкулезі
* Созылмалы бронхит
* Ауруханадан тыс певмония
* Идиопатиялық фиброзирлеуші альвеолит
68 жастағы ер адам түсі қарақат желесі тәрізді қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Анамнезінде ішімдік қолдану және созылмалы жүрек жетіспеушілігі. Қарағанда: ТЖ - 34 рет мин, өкпесінде аз мөлшерде ылғалды сырылдар естіледі.
Көрсетілген қоздырғыштардың қайсысы пневмонияның дамуына БАРЫНША алып келуі мүмкін?
* Хламидиялар
* Ротавирустар
* Клебсиеллалар
* Парвовирустар
* Микоплазмалар
56 жастағы ер адам іріңді-қанды қақырықты жөтелге, ентігуге, дене қызуының 39°С жоғарлауына шағымданады. Қарағанда: ТАЖ – 32 рет мин. Өкпенің артқы бөліктерінде перкуторлы дыбыстың тұйықталуы анықталды, амфоралық тыныс, майда көпіршікті ылғалды сырылдар. Рентгенограммада - оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде сұйықтық деңгейімен бірнеше күңгірттенген қуыстар анықталды. Қанда: лейк - 18×109/л, таяқша -10%, ЭТЖ – 33 мм/с.
Науқаста көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?
* Өкпе рагы
* Пневмония
* Өкпе абсцессі
* Өкпе туберкулезі
* Бронхоэктаз ауруы
Урологиялық бөлімшеден екі күн бұрын шығарылған 65 жастағы ер кісіні жоғары дене қызуы және іріңді қақырықты жөтел мазалайды. Рентгенограммада сол өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы анықталды.
Науқаста көрсетілген пневмониялардың қайсысы БАРЫНША дамуы мүмкін?
* Атиптік
* Аспирациялық
* Ауруханадан тыс
* Нозокомиальді
* Иммунотапшылықты жағдаймен негізделген
20 жыл шахтада жұмыс істеген 50 жастағы ер кісі қурғақ жөтелге, қан қақыруға, физикалық жүктеме кезінде болатын ентігуге, кеудедегі ауыру сезіміне, 8 кг салмақ тастауына шағымданып түсті. Емханада «Пневмония» диагнозымен өткізілген антибиотикотерапия жеңілдікке алып келмеді. Өкпе рентгенограммасында диаметрі 1-2 см көптеген түйінді қараюлар анықталды.
Науқаста қандай болжам диагноз БАРЫНША болуы мүмкін?
* Өкпе рагы
* Силикотуберкулез
* Плевраның мезотелиомасы
* Созылмалы обструкциялы бронхит
* Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит
29 жасар әйел кеуденің сол жағының шаншып ауырғанына, дене қызуының 39°С жоғарылауына, іріңді қақырықты жөтелге, өршімелі ентікпеге шағымданады. Тексергенде: сол жауырын астында дауыс дірілінің әлсіреуі, перкуторлы дыбыстың қысқаруы анықталды. ТАЖ -22 рет минутына. ЖСЖ -100 рет минутына.
Көрсетілген әдістердің қайсысы диагнозды қою үшін БАРЫНША тиімді:
* Кеуде қуысының рентгенографиясы
* Қақырықтың жалпы анализі
* Қанның жалпы анализі
* Электрокардиография
* Спирография
Кондиционерлі офисте жұмыс істейтін жас әйелдікілегейлі қақырықпен жөтел, қан қақыру, қалтырау, миалгиялар, терлеу, іштің ауыруы, диарея, айқын әлсіздік мазалайды. Қанда
лейкоцитоз және лимфоцитопения. Өкпенің шолу рентгенограммасында көп инфильтративті көленкелер анықталады. Бір неше күн бұрын бұл офистың қызметкері пневмониямен ауруханаға жатқызылған.
Бұл аурудың дамуына көрсетілген қоздырғыштардың қайсысы БАРЫНША алып келуі мүмкін?
* Хламидия
* Легионелла
* Микоплазма
* Пневмококк
* Стафиллококк
Жас ер адамды суық тиюден кейін құрғақ жөтел, дене қызуының 37-37,8*С жоғарылауы,жүрек қағуымазалайды, ентікпе және әлсіздік күшейіп келе жатыр. Тексергенде - кеуденің оң жағы дем алуда қалынқы, перкуссияда оң жаурын астында тұйық дыбыс, дауыс дірілі анықталмайды.
Бұл клиникалық жағдай көрсетілген синдромдардың қайсысына БАРЫНША тән:
* Өкпе тінінің инфильтративті тығыздану
* Плевра құысында суйықтық жиналу
* Плевра құысында ауа жиналу
* Өкпеде құыс пайда болу
* Обтурациялы ателектаз
65 жастағы ер адам аз мөлшерлі қиын бөлінетін қақырықпен жөтелге, жүрек қағуына, физикалық жүктеме кезінде болатын ентігуге шағымданады. 15 жыл бойы бронх-өкпе патологиясы бар дертпен ауырады. Тексергенде: тынысы қатаң, тыныс шығару фазасы ұзарған, барлық аймақтар үстінде құрғақ ызылдаған сырылдар естіледі.
Науқаста көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?
* Пневмония
* Бронхтық астма
* Бронхоэктаз ауруы
* Созылмалы ірінді бронхит
* Созылмалы обструкциялы бронхит
Тиффно индексі бұл келесі көрсеткіштердің ара қатынасы:
* ТШФК1/ӨФӨС
* ТШФК1/ӨСК
* ӨЖК/ ӨСК
* СФК/ ӨСК
* ӨӨС/ ӨФӨС
Пневмонияның өмірге АСА ҚАУІПТІ асқынуын көрсетіңіз:
* Плеврит
* Миокардит
* Перикардит
* Өкпе абсцессі
* Инфекциялы-токсикалық шок
Өршу кезеңдегі созылмалы бронхиттың созылмалы обструкциялы бронхитпен дифференциалды диагностикасын жүргізу кезінде қандай әдісті өткізу БАРЫНША тиімді?
* Спирографияны
* Торакоскопияны
* Диагностикалық бронхоскопияны
* Кеуде қуысының рентгенографиясын
* Кеуде қуысының компьютерлі томографиясын
55 жастағы ер адамда жөтел, ентігу, дене қызуының 38*С жоғарылауы. Тексергенде: кеуденің сол жағы тыныс алуда қалынқы, перкуторлы дыбыс тұйық. Дауыс дірілі және бронхофония күшейген, тыңдағанда патологиялық бронх тынысы естіледі.
Науқаста БАРЫНША болуы мүмкін:
* Экссудатты плеврит
* Туберкулезді каверна
* Крупозды пневмония
* Пневмоторакс
* Өкпе ателектазы
28 жастағы әйел біртіндеп кушейіп келетін ентікпеге, құрғақ жөтелге, тез шаршағыштыққа шағымданады. Көп рет антибиотиктер және муколитиктермен өткізілген ем нәтижесіз. Аускультацияда- өкпе тынысы бәсеңдеген, целлофан дыбысына ұқсаған крепитация естіледі. Кеуденің компьютерлі томографиясын өткізгенде өкпенің «бұлынғыр әйнек» және «ара ұяшық тәріздес» өзгерулері анықталды.
Науқаста БАРЫНША болуы мүмкін диагноз:
* Туберкулез
* Өкпе аталектазы
* Екіжақтық пневмония
* Созылмалы обструктивты бронхит
* Идиопатиялық фиброзирлеуші альвеолит
Көп жыл бойы бронх-өкпе дертімен ауырған, ентікпесі кушейіп келе жатқан ер адамға идиопатиялық фиброзирлеуші альвеолит диагнозы қойылды. Пациентттің сыртқы тыныс функциялары тексерілді. Зерттеуде қандай өзгерістер БАРЫНША анықталуы мүмкін.
* Форсирленген тыныс шығару көлемінің азаюы
* Өкпенің тіршілік сыйымдылығының көбеюі
* Өкпенің қалдық көлемінің көбеюі
* Өкпенің тіршілік сыйымдылығының азаюы
* Тиффно индекстің жоғарлауы
Бөліктік пневмониямен ауыратын 42 жастағы ер адамда 7-ші тәулікте оң жақ жаурын астында тынысы естілмей қалды.
Науқаста қандай асқынудың дамуы БАРЫНША мүмкін?
* Құрғақ плеврит
* Өкпе абсцессі
* Плевра эмпиемасы
* Экссудатты плеврит
* Спонтанды пневмоторакс
Ауыр бөліктік пневмониямен ауыратын 72 жастағы ер адамда жоғары дене қызуының критикалық түрде төмен түсуімен айқын әлсіздік, бас айналуы, құлағында шуыл, жүрек айнуы, құсу поывтері байқалады. Қарағанда: жағдайы ауыр, адинамиялы, бозғылттау, айқын акроцианоз, салқын тер. Жүрек тондары әлсіреген, ЖСЖ-120 рет минутына,жіптәрізді пульс, АҚ– 80/50 мм рт.ст.
Жағдайының бірден нашарлауының БАСТЫ себебі неде болуы мүмкін:
* Сепсис
* Кардиогенді шок
* Инфекционды-токсикалық шок
* Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
* Жедел респираторлыдистресс-синдром
28 жасар әйелде суықтап қалғаннан кейін кеуде қуысының оң жақ бөлігінде қатты шаншып ауырсыну пайда болған, терең тыныс алғанда және жөтелгенде күшейеді. Оң жаққа еңкейгенде және қабырғааралықты пальпациялағанда ауырсыну күшейеді. Асукультативті қар сықыры тәрізді шуыл естіледі. Рентгенологиялық өзгерістер байқалмайды.
Мына аталған диагноздардың қайсы БАРЫНША тән?
* Бронхоэктазды ауру
* Экссудативті плеврит
* Бронхопневмония
* Жедел бронхит
* Құрғақ плеврит
55 жаста ер адам, дәнекерлеуші, тыныштық күйде ентігуге, ұстама тәрізді қою қақырықпен жөтелге, жүрек қағуына, жөтелден кейін бас айналуына шағымданады. 20 жылға жуық ауырады. Жағдайы ауыр, ортопное, мойын веналарының ісінуі, диффузды цианоз, балтыр мен сан ісінуі байқаладды. Кеуде қуысы бөшке тәрізді, перкуторлы – қораптық дыбыс. Аускультативті- қатқыл тыныс, тыныс шығару ұзарған, құрғақ ызылдаған және ысқырықты сырылдар, екі жағында да төменгі бөлігінде ылғалды сырылдар естіледі. ТАЖ – 34 рет минутына. Жүрек тондары әлсіреген, өкпе артериясының үстінде II тон акценті естіледі. Бауыр қабырға доғасынан 4 – 5 см төмендеген, Плеша симптомы оң мәнді. Бұл науқаста қандай асқыну БАРЫНША тән:
* Созылмалы обструктивті бронхит
* Сол қарыншалық жетіспеушілік
* Созылмалы өкпе текті жүрек
* Өкпе эмфиземасы
* Бауыр циррозы
53 жаста ер адам, ұстама тәрізді қиын бөлінетін қақырықпен жөтелге, тыныс алудың қиындығымен ентігуге шағымданады. 15жылдан астам созылмалы бронхитпен ауырады, өршу жиі байқалады.
Қарағанда: кеуде қуысы «бөшке тәрізді» формада, қабырғалар горизанталды орналасқан, қабырғааралық қуыстар кеңейген. Перкуторлы қораптық дыбыс, өкпенің төменгі шекарасы айқын төменге ығысқан. Бұл науқасқа қай диагноз БАРЫНША тән:
* Өкпе қатерлі ісігі, созылмалы бронхит, өкпе эмфиземасы ТЖ 2
* Созылмалы бронхит, бронхоэктазды ауру, ТЖ1
* Созылмалы обструктивті бронхит, өкпе эмфиземасы, ТЖ2
* Екі жақты төменгі бөлікті пневмония, ТЖ3
* Саркоидоз, өкпе эмфиземасы, ТЖ2
Өкпе эмфиземасымен сырқаттанатын науқастың спирограммасында байқалуы мүмкін:
* Өкпенің тіршілік сыйымдылығының ұлғаюы
* Форсирленгенн тыныс шығару көлемінің ұлғаюы
* Өкпенің минуттық вентиляциясының ұлғаюы
* Тиффно индексінің ұлғаюы
* Өкпенің қалдақ көлемінің ұлғаюы
Кіші қан айналым шеңберінінің тамырларындағы гипертензия мынаның әсері болуы мүмкін:
* Мюссе рефлексі
* Бабинский рефлексі
* Брудзинский рефлексі
* Воскресенский рефлексі
* Эйлер-Лильестранд рефлексі
Өкпе эмфиземасының ЭКГ-де қандай өзгерістер басты болуы мүмкін:
* Жүректің электр осінің оңға ығысуы.
* Жүректің электр осінің солға ығысуы
* AVF, III, II тіркемелерде терең S тісшелері
* AVF, III, II тіркемелерде биік Р тісшелері
* Төмен вольтажды ЭКГ.
Созылмалы өкпе текті жүрек дамуымен өкпе эмфиземасына жүрек жағынан қандай аускультативті сұрет тән:
* Аорта үстінде II тон акцентінің болуы
* Аортада диастолалық шуыл болуы
* Үшжармалы қақпақшада систолалық шуыл болуы
* Жүректің салаыстырмалы тұйықтығының солға ығысуы
* I тон шапалақтаушы (хлопающий) және жүрек ұшында пресистолалық шуыл
Созылмалы обструктивті бронхит фонында дамыған созылмалы өкпе текті журекті емдеуде төменде аталғандардың қайсысы қолданылады:
* β-блокаторлар
* Антибиотиктер
* Антикоагулянттар және антиагреганттар
* Аминохинолинді топ препараттары
* Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
Өкпе саркоидозын емдеуде базисті терапия ретінде қайсысы ұсынылады:
* Пенициллинді топ антибиотиктері
* Сульфаниламидтер
* Делагил немесе плаквенил
* Физио шаралар
* Антигистаминді препараттар
ӨСОА- мен сырқаттанатын науқастарды емдеуде негізгі базисті терапия қайсысы болып табылды?
* Оксигенотерапия
* Антибактериалды терапия
* Тыныс жетіспеушілігін коррекциялау
* Муколитикалық және мукорегуляторлық терапия
* Бронхолитиктерді жүйелі түрде қолдану
ӨСОА-мен сырқаттанатын 60 жастағы науқаста аздаған жүктеме кезінде ентігу байқалады, жөтел аздаған мөлшерде қақырық бөлінуімен, оң қабырға астында ауырсыну, зәр бөлінуінің төмендеуі байқалады. Қарағанда: ортопное, акроцианоз, мойын веналарының ісінуі,эпигастралды аумақта пульсация,өкпе артерияларының үстінде II тон акценті, тахикардия, бауыр ұлғаюы,аяғында ісінулербайқалады. Науқастың ЭКГ түсірілімінде мынадай өзгеріс табылуы мүмкін:
* Қарыншаішілік блокадалар
* Сол қарынша гипертрофиясы
* Сол жүрекше гипертрофиясы
* Оң қарынша гипертрофиясы
* Гис шоғырының сол аяқшасының блокадалары
50 жастағы шахтер 12 жыл жұмыс істеген көмір шахтасындағы жұмысынан шығарылды,антракосиликоз анықталуына байланысты. Науқаста бірнеше жылдан соң жөтел күшейіп, қан түкіру байқалған, тершеңдік, әсіресе түнде; салмақ тастау, субфебрилитет байқаладды. Аускультацияда тынысы қатқылдау, екі жақта да аздаған ылғалды және құрғақ сырылдар естіледі. ЭТЖ - 27 мм/сағ. Науқасқа өкпенің қандай патологиясы қосарланған болуы мүмкін?
* Пневмония
* Өкпе туберкулезі
* Созылмалы бронхит
* Өкпенің орталық қатерлі ісігі
* Бронхоэктазды ауру
Достарыңызбен бөлісу: |