Артериалды гипертензия. МҮҰ.
1
|
Мезгіл-мезгіл қан қысымының көтерілуі, жүйелермен ағзалардың қызметінің бұзылуы қандай патологияға тән белгілер:
a) артериалды гипертензия
б) симтоматикалық гипертензия
в) гипертониялық криз
г) дисциркуляторлық дистония
е) атеросклороз
|
2
|
Артериалды гипертензияның этиологиясы:
a) иммундық жүйенің әлсіреуі
б) инфекциялық ошақтар
в) нервтік-стрестік жағдайлар
г) темекіні шамадан тыс қолдану
е) радиацияның әсері
|
3
|
Артериалды гипертензияның негізгі клиникалық белгілері:
a) іш қату, бас ауруы
б) жөтелу, қақырық тастау
в) бас ауруы, тахикардия
г) жүрек тұсының шаншуы, ентігу
е) лоқсу, құсу, ентігу
|
4
|
Қалыпты ( оптимальді) артериалдық қан қысымының көрсеткіші:
a) 140/90 мм.с.б.б
б) 180/100 мм.с.б.б
в) 90/60 мм.с.б.б
г) 120/80 мм.с.б.б
е) 160/90 мм.с.б.б
|
5
|
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымы (ДДҰ) және Гипертония бойынша халықаралық қоғам (ГХҚ) сарапшыларының шешімінің жіктемесі бойынша артериалды гипертензияның
ІІІ дәрежесіне тән қан қысымы:
a) 130/80 мм.с.б. б
б) 100/60 мм.с.б б
в) 150/90 мм.с.б. б
г) 180/110 мм.с.б.б
е) 140/90 мм.с.б.б
|
6
|
Артериалды гипертензияның жиі асқынуы:
a) аритмия
б) бүйрек жетіспеушілігі
в) гипертониялық криз
г) жүрек жетіспеушілігі
е) бүрек үсті безінің жетіспеушілігі
|
7
|
Артериалды гипертензияда қолданылатын дәрілер тобы:
a) кальций антагонистері
б) цитостатиктер
в) антибиотиктер
г) витаминдер
е) анальгетиктер
|
8
|
Гипертониялық кризде дәрігерге дейінгі жедел жәрдем көрсету тактикасы:
a) науқасты тыныштандыру, маңдайына мұзды мұйық қою
б) науқастың аяқ жағын көтеріңкі етіп жатқызу
в) жүрекке тікелей емес массаж жасау
г) қолдан дем бер
е) бетіне суық су бүрку
|
9
|
Артериалды гипертензияда электрокардиограммада анықталатын өзгеріс:
a) жүректің оң бөлігінің гипертрофиясы
б) жүректің сол бөлігінің гипертрофиясы
в) Гис будасы оң аяқшасының блокадасы
г) жүрек бұлшық еттерінің некроздану белгілері
е) атриовентрикулярлық блокадасы
|
10
|
Артериалды гипертензияның асқынуы:
a) инсульт, миокард инфаркты
б) кардиомиопатиялар
в) пневмосклероз
г) пневмония
е) жүрек ақауы
|
11
|
Гипертониялық криздің дамуына ықпал ететін себепші жағдайлардың бірі:
a) психоэмоционалдық стрестер
б) инфекциялық ошақтар
в) тәтті тағамдарды көп қолдану
г ) 8-9 сағаттан көп ұйықтау
е) еңбек пен демалыс режімін сақтау
|
12
|
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымы (ДДҰ) және Гипертония бойынша халықаралық қоғам (ГХҚ) сарапшыларының шешімінің жіктемесі бойынша артериалды гипертензияның І дәрежесіне тән қан қысымы:
a) 140-159/90-99 мм сын б.б.
б) 160-179/100-109 мм сын б.б.
в) 180/110 мм сын б.б.
г) 120/80 мм сын б.б.
е) 110/70 мм сын б.б.
|
13
|
Артериалды гипертензияда жиі зақымдалынатын нысаналы мүшелер:
a) жүрек, ми, бүйрек
б) бауыр, асқазан, бүйрек
в) бауыр, өкпе, көкбауыр
г) өкпе, көз, құлақ
е) қуық, 12 елі ішек, бауыр
|
14
|
Бас ауру, көз көруінің нашарлауы, жүрек тұсының шаншуы тән:
a) артериалды гипертензияға
б) стенокардияға
в) ревматизмге
г) жүрек ақауына
е) перикардитке
|
15
|
Артериалды гипертензияны дифференциалды диагностика жүргізу қажет:
a) симптоматикалық гипертензиямен
б) қант диабетімен
в) стенокардиямен
г) ревматизммен
е) перикардитпен
|
16
|
Артериалды гипертензияны емдеудегі алғашқы мақсат:
a) қан қысымын оптимальді деңгейде ұстау
б) нысана ағзаларының құрылымы мен қызметінің өзгеруіне жол бермеу
в) нысана ағзалары жағынан асқынуларға жол бермеу
г) ас тұзының 10 -15 гр., сұйықтық деңгейін 1,5 - 2 л. жеткізу
е) зат алмасу процессінің бұзылуына жол бермеу
|
17
|
Артериалды гипертензияда антигипертензивті дәрілерді тағайындаудың басты ережелері:
a) минимальді дозадан бастау, әсері ұзартылған дәріні қолдану, дәрілердің бір – бірімен үйлесімділігі
б) қысқа уақыт әсер ететін дәріні қолдану
в) дәрілердің ағзадан шығарылатын уақытын ескеру
г) максимальді дозадан бастау
е) максимальді дозадан әрі әсері ұзартылған дәріні қолдану
|
18
|
Артериалды гипертензияда қолданылатын дәрілер:
a) пентамин, корвалол, кардиомагнил
б) каптоприл, атенолол, гипотиазид
в) күкiрттi қышқыл магнезия, анальгин
г) дроперидол, фентанил, кофеин
е) кофеин, анальгин, никотин қышқылы
|
19
|
Науқасты ұмытшақтық, жүрек қағысының жиілеуі, ентігу, тұншығу сезімі, аяқтың ісінуі мазалайды. Бұл клиникалық көрініс артериалды гипертензияның қайсы даму сатысына тән белгілер:
а) бастапқы сатысына
б) І- сатысына
в) ІІ- сатысына
г) ІІІ- сатысына
е) ІV- сатысына
|
20
|
Артериалды гипертензияда дәрмексіз ем шаралар:
a) алькоголді 50мг/тәулігіне қолдану
б) тәулігіне 2 000 м шақырым жүгіру
в) тағам рационынан жануар майларын, белоктарды шектеу
г) ас тұзын,сұйықтықты шектеу
е) тағамға бояғыш заттарды, эмульгаторларды қоспау
|
21
|
Гипертониялық кризбен түскен науқаста АҚҚ 180/110мм.с.бб. Қан қысымын төмедету мақсатында берілетін препарат:
а) Каптоприл
б) Изокет спрей
в) Дицинон
г) Супрастин
е) Преднизалон
|
|
|