«Терапиядағы мейіргер ісі» пәнінен тест-сұрақтары


Перикардиттер, миокардиттер, эндокардиттер. МҮҰ



бет9/37
Дата09.06.2024
өлшемі237.37 Kb.
#502453
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37
«Терапияда ы мейіргер ісі» п нінен тест с ра тары

Перикардиттер, миокардиттер, эндокардиттер. МҮҰ.

1

Перикардиттің қабыну процесіне байланысты жіктелуі:
a) құрғақ, экссудатты
б) дилятациялық, гипертрофиялық
в) рестрикциялық, дилятациялық
г) атрофиялық, дилятациялық
е) аллергиялық, инфекциялық

2

Эндокардиттің этиологиясы:
a) жасылдаушы стрептококк, алтын сары стафилококк, энтерококк
б) хеликобактер пилори
в) а-типтік клеткалар
г) микобацилла
е) гемофильді таяқшалар

3

Эндокардиттің клиникалық ерекшелігі:
a) дене қызуының өте жоғары көтерілуі, терісі «сүт қатқан кофе» тәріздес, геморрагиялық бөртпелер
б) ентігу, жөтеліп іріңді қақырық тастау, терісі диффузды цианоз, дене қызуы субфебрильді
в) жүрек тұсының ауырсынуы, аяқта ісік пайда болады, бауыр ұлғаюы
г) жүрек ритмінің өзгеруі, ентігу, мөлдір ал қызыл көбікті қақырық тастау
е) жүрек тұсының ауырсынуы, ентігу

4

Инфекциялық эндокардиттің ІІІ- дәрежесінде қан талдауындағы өзгеріс:
a) ЭТЖ – 56 мм/сағ.
б) ЭТЖ – 30 мм/сағ.
в) ЭТЖ – 16 мм/сағ.
г) ЭТЖ – 10 мм/сағ.
е) ЭТЖ-4 мм/сағ

5

Эндокардиттің ең тиімді емі:
a) витаминдер, глюкокортикоидтар, жүрек гликозидтері
б) үлкен дозада антибиотиктер, антикоагулянттар, дезинтоксикациялық терапия
в) антигипертензивтік ем, витаминдер, β – блокаторлар
г) вазодилятаторлар, жүрек гликозидтері, витаминдер
е) β – блокаторлар, диуретиктер

6

Эндокардиттің асқынуы:
a) артериальді гипертензия
б) миокард инфаркты
в) тромбоэмболия
г) стенокардия
е) кардиомиопатиялар

7

Инфекциялық, аллергиялық немесе токсикалық әсерлерден дамитын миокардтың қабынуы:
a) перикардит
б) эпикардит
в) эндокардит
г) миокардит
е) плеврит

8

Миокардит басталады:
а) инфекциялық аурудан кейін 2-3 аптадан
б) миокард инфарктының 4-ші аптасынан
в) вирусты гепатиттің 9 – шы айынан
г) жіті коронарлық синдромының 1 – шы аптасында
е) миокард инфарктының басталуынан 18-24 сағаттан кейін

9

Миокардиттің асқынуы:
a) анафилактикалық шок
б) миокард инфаркты
в) гипертониялық криз
г) аритмиялық өзгерістер
е) өкпе ісінуі

10

Экссудатты перикардитте ісіну, асцит, ауыр ентікпе болғанда, науқастың жағдайы дұрысталғанша тағайындалатын режим:
a) жартылай төсек тәртібінде
б) 3-4 апта төсек тәртібінде
в) 1 апта төсек тәртібінде
г) еркін режим
е) 15- 20 күн төсек режимі

11

Құрғақ перикардиттің клиникалық белгілері:
a) жүрек тұсының сыздап, түйіліп, тырнап ауруы, ортопноэ, аускультацияда жүрек тұсынан перикард үйкелісі, аритмиялық өзгеріс естіледі
б) жөтелу, қақырықтың түсуінің қиындауы, ентігу
в) төс артының ауырсынуы, ентігу, цианоз
г) жұтынудың қиындауы, лоқсу
е) жүрек тұсының сыздап ауырсынуы, ентігу, лоқсу

12

Эксудатты перикардиттің құрғақ перикардиттен ең негізгі айырмашылығы:
a) жүрек тұсының ауырсынуы
б) перкуссияда жүрек шекараларының ұлғаюы
в) перикардтың үйкеліс шуы
г) плевраның үйкеліс шуы
е) дене қызуының көтерілуі, ентігу

13

Экссудатты перикардиттің рентгенографиядағы көрінісі:
a) жүрек пішіні аортальді
б) жүрек пішіні митральді
г) «қалқыған жүрек » белгісі
в) жүрек пішіні «шар тәріздес»
е) қабырғалардың төменгі шеттерінің кетіктенуі

14

Экссудатты перикардитте диагностикалық және емдік мақсатта жүргізілетін тексеру әдісі:
a) ультрадыбыспен тексеру
б) рентгендік тексеру
в) перикардқа пункция жасау
г) биопсия жасау
е) магниттік резонанстық томография

15

Миокардиттерде қолданылатын дәрілер:
a) вибрамицин 0,1г; преднизолон 30 мг
б) эуфиллин 0,15 г; креон 10000 ӘБ
в) кардикет 10мг; бритомар 5 мг
г) омез 20 мг; фестал
е) изоптин 40 мг; кардиомагнил 75 мг

16

Перикардиттің дамуына ықпал ететін факторлар:
a) туберкулез, ревматизм, мерез
б) ларингит, бронхит, пневмония
в) бауыр циррозы, холецестит, холангит
г) нефрит, пиелонефрит, гломерулонефрит
е) гайморит, ринит, цистит

17

Жүрек тұсының сыздап, түйіліп, тырнап ауруы, ортопнойдық жағдай, аускультацияда жүрек тұсынан перикард үйкелісі, аритмиялық өзгерісі естілеуі қандай патологияға тән белгілер:
a) құрғақ перикардитке
б) эпикардитке
в) эндокардитке
г) миокардитке
е) плевритке

18

Дене қызуының өте жоғары көтерілуі, терісі «сүт қатқан кофе» тәріздес, геморрагиялық бөртпелердің пайда болуы қандай патологияға тән белгілер:
a) перикардитке
б) эпикардитке
в) эндокардитке
г) миокардитке
е) плевритке

19

Құрғақ перикардиттің басты диагнистикалық белгісі:
a) перикартың үйкелісі
б) систолдық шу
в) диастолдық шу
г) инсператорлы ентігу
е) экссператорлы ентігу

20

Науқастың жүрек аймағында көп мөлшерде сұйықтықтың жиналуы эксудатты перикардиттегі қандай синдромға жатады:
a) адгезиялық
б) жасырын
в) басылу
г) қосымша
е) тепе-теңдік






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет