«Терапиядағы мейіргер ісі» пәнінен тест-сұрақтары


Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы



бет17/37
Дата09.06.2024
өлшемі237.37 Kb.
#502453
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37
«Терапияда ы мейіргер ісі» п нінен тест с ра тары

Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы.Ойық жара ауруларының асқынулары. МҮҰ.

1

Асқазан сіре қабының бүтіндігінің бұзылуы:
а) асқазан ойық жарасы
б) колит
в) гастрит
г) гепатит
е) дуоденит

2

Ойық жараның асқазаның кардиалді бөлігіне тән ауырсыну симптомы:
а) үнемі асқазан тұсының ауырсынуы
б) асқазан тұсының, төстің артының тамақ ішкенен кейін 10-15 минуттан кейін ауырсынуы
в) асқазан тұсының тамақ ішкенен 4- 4,5 сағ кейін ауырсынуы
г) кіндік тұсы толғақ тәрізді, тесіп бұрғылап ауырады
е) «ашқарынға» түн мезгілінде, тамақ ішсе басылады.

3

Ұлтабардың ойық жараларына тән ауырсыну симптомы:
а) үнемі асқазан тұсының ауырсынуы
б) асқазан тұсының тамақ ішкеннен 2- 2,5 сағ кейін немесе аш қарында ауырсынуы
в) іштің кебуі
г) асқазан тұсының тамақ ішкенен 15-20 минуттан кейін ауырсынуы
е) ішек бойымен бүріп,толғақ тәрізді ауырсыну

4

Ұлтабардың ойық жарасының асқынуы:
а) жүрек жетіспеушілігі
б) асқазаннан қан кету
в) асқазан тұсының шаншуы
г) кома
е) шок

5

Асқазаннан қан кеткенде дәрігерге дейінгі көмек:
а) кордиамин тері астына енгізу
б) жылыту компрессін асқазан тұсына қою
в) мұзды мұйықты асқазан тұсына қою
г) атропин сульфатын тері астына енгізу
е) тері астына инсулин енгізу

6

«пышақ сұққандай» ауырсыну симптомы тән:
а) ішектің түйілуіне
б) асқазан ойық жарасының перфорациясына
в) соқыр ішектің қабынуына
г) өт жолындағы тас ауруына
е) өт жолдарының дискинезиясына



7



Асқазанның, ұлтабардың ойық жараларын анықтайтын аспаптық тексеру әдісі:
а) ирригоскопия
б) холецистоскопия
в) фиброгастродуоденоскопия
г) колоноскопия
е) ректеромоноскопия

8

Асқазанның ойық жарасынан қан кеткендегі құсықтың түрі:
а) «кофе қоюы» түсті
б) қоймалжың
в) қорытылмаған тамақ түйіршіктері
г) өт құрамы
е) түссіз

9

Асқазанның ойық жарасында науқасты жалпы қарауда анықталады:
а) алақан бұлшық етінің қызаруы
б) ауыз-мұрын ұшбұрышының қызаруы
в) тілі таңқурай түсті
г) тілі ақ қабықпен жабылғаны
е) тері жамылғысында тамыр жұлдызшалары

10

Асқазанның ойық жарасынан қан кетуде жедел жәрдем көрсету тактикасына жатпайды:
а) ауыз қуысын тазалау
б) асқазан тұсына мұзды мұйық қою
в) мұз түйіршіктерін жұтқызу
г) асқазан тұсына жылытқыш қою
е) аминокапрон қышқылын енгізу

11

Ұлтабардың ойық жарасынан қан кетуде қолданылатын дәрі:
а) 0,05 % -1мл строфантин
б) 10 % -10 мл кальций хлорид
в) 0,9 % -10 мл натрий хлорид
г) 1 % -1 мл димедрол
е) 0,1 % -1 мл атропин сульфаты

12

Асқазанның ойық жарасынан қан кеткенде науқастың қан қысымының өзгеруі:
а) күрт төмендеуі
б) күрт жоғарлауы
в) систолдық көрсеткіші жоғарлайды
г) диастолдық көрсеткіші жоғарлайды
е) веноздық қысым жоғарлайды

13

Асқазаннан, ішектен қан кетуін анықтайтын лабораториялық тексеру әдісі:
а) нәжісті жұмыр құртқа тексеру
б) нәжісті копрологиялық тексеру
в) нәжісті жасырын қанға тексеру
г) нәжісті бактериологиялық тексеру
е) биохимиялық қан талдау

14

Асқазанның ойық жарасы тесілуіндегі «ауырсыну» симптомының сипаттамасы:
а) бүріп, шаншып
б) пышақ сұққандай
в) ұйып, сыздап
г) толғақ тәрізді, қысып
е) күйдіріп, қыжылдап

15

Асқазан ойық жарасының перфорациясына салыстырмалы диагностика жүргізбейді:
а) панкреатиттің ұстамасымен
б) миокард инфарктының трансмуральды түрімен
в) өт тас ауруымен
г) ишемиялық инсультпен
е) жоғарғы қышқылды гастритпен

16

Рентгенограммада «ниша » симптомының анықталуы, қандай патологияға тән белігі:
а) асқазан ойық жарасына
б) созылмалы жоғарғы қышқылды гастриттің асқынуына
в) өт жолындағы тастарға
г) созылмалы төменгі қышқылды гастритке
е) аш ішектің түйілуінде

17

Асқазанның ойық жарасымен ауыратын науқастың қан талдауындағы гипохромды анемия белгісі қандай патологияны білдіреді:
а) ойық жарасыннан ішке қан кетуді
б) ойық жараның тесілуін
в) ұйқы безінің қабынуын
г) тамақпен улануын
е) аш ішектің түйілуін

18

Асқазанның ойық жарасының дамуына ықпал ететін факторларға жатпайды:
а) жалпы организмге суық тиюі
б) жүйке-психикалық күйзелістер
в) ыстық және ашты тағамдар жиі қабылдау
г) хелиокобактер пилори инфекциясы
е) зиянды әдеттер

19


Асқазан ойық жарасының перфорациясына күдіктенгендегі фельдшердің тактикасы:
а) асқазанды жуу
б) науқастың асқазан тұсына мұзды мұйық қою
в) анальгетиктер енгізу
г) спазмолитиктерді енгізу
е) тазалау клизмасын жасау

20

Ойық жараның асқынуына жатпайды:
а) асқазан жарасының малигнизациясы
б) асқазан қабырғасының тесілуі
в) асқазан жарасынан қан кету
г) энтерит
е) қалтқының тарылуы

21

Асқазан тұсына мұзды мұйық қою, мұз түйіршіктерін жұтқызу. Қандай патологиядағы фельдшердің тактикасы:
а) асқазаннан қан кеткенде
б) миокард инфарктында
в) гипертензиялық кризде
г) бронхылық демікпе ұстамасында
е) бауыр комасында

22

« түнгі мегзілде, ашқарында ауырсыну сезімі» қандай патологияға тән белгі:
а) асқазан қатерлі ісігіне
б) 12 елі ішектің ойық жарасына
в) асқазан ойық жарасына
г) гастритке
е) колитке

23

Асқазанның ойық жарасын туындататын бактерия:
а) стрептококк
б) стафилококк
в) хеликобактер пилори
г) микобактерия
е) жасылдаушы стрептококк

24

Ойық жарасы бар науқаста эпигастрийда ауырлық сезімі, жүрек айнуы, «шіріген иісті» кекіру, таңғы уақытта мол құсық массасында кешегі жеген тамағы. Науқаста не болуы мүмкін?
а) профузды қан кету
б) ойық жараның тесілуі
в) ойық жараның пенетрациясы
г) малигнизация
е) қақпа (привратник) стенозы






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет