«Терапиядағы мейіргер ісі» пәнінен тест-сұрақтары


Модуль - IV. Бауыр, өт жолдарының аурулары



бет20/37
Дата09.06.2024
өлшемі237.37 Kb.
#502453
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37
«Терапияда ы мейіргер ісі» п нінен тест с ра тары

Модуль - IV. Бауыр, өт жолдарының аурулары




Холециститтер. МҮҰ.

1

Өт қалтасының бейспецификалық қабынуы:
a) холецестит
б) холестаз
в) өт жолдарының деформациясы
г) өт жолдарында тас пайда болуы
е) өт жолдарының дискинезиясы

2

Холецистит ауруына тән негізгі клиникалық симптомдары:
a) метеоризм, іш өту
б) азқазан тұсының ауырсынуы, құсу
в) іш өту, жүдеу
г) запыранмен құсу, қышқылмен кекіру
е) іш қату, іш кебу

3

Холециститте жүргізілетін диагностикалық лабораториялық тексеру әдісі:
a) зәрді қантқа тексеру
б) дуоденальді зондтау
в) нәжісті жасырын қанға тексеру
г) құсықты тексеру
е) нәжісті копрологиялық тексеру

4

Холециститпен ауырған науқастардың терісінде пайда болатын өзгеріс:
a) көбелек симптомы
б) тамыр жұлдызшасы
в) холестерин бляшкалары
г) герпестік бөрітпелер
е) акроцианоз

5

Өт қуатын дәрі:
a) атропин сульфаты 0,1% - 1 мл
б) алмагель 170 мл
в) аллохол 0,2
г) анальгин 50 % - 2 мл
е) эссенциале 5 мл

6

Холециститтің алдын алуына жатпайтын іс -шара:
a) тюбаж жасау
б) иммунитетті көтеру
в) белсенді өмір салтын ұстану
г) ішімдік ішумен күресу
е) жануар майын қолдануды шектеу

7

Холециститпен ауырған науқасты жалпы қарағанда анықталатын өзгерістер:
a) тамырлардың білеуленуі
б) геморрагиялық бөртпелер
в) терінің және көз склерасының сарғаюы
г) терінің көгеруі
е) тамыр жұлдызшасы

8

Науқастың терісінің, көз склерасының сарғаюы, холестерин бляшкаларының анықталуы қандай патологияға тән симптомдар:
а) ұлтабар ойық жарасына
б) бауыр циррозына
в) гепатитке
г) холециститке
е) панкреатитте

9

Холециститпен ауыратын науқастың қабырға иінін қолдың қырымен қаққанда ауырсыну белгісі пайда болады. Бұл қандай диагностикалық симптом:
а) Захарьин- Гед
б) Мюсси- Георгиевский
в) Мерфи
г) Ортнер- Греков
е) Кера

10

Холециститпен ауыратын науқасқа тюбаж жасау үшін қолданылатын препарат:
a) атропин сульфаты 0,1% - 1 мл
б) магнезия сульфаты 33 % - 200 мл
в) ношпа 2% - 2 мл
г) анальгин 50 % - 2 мл
е) магнезия сульфаты 25 % - 10 мл

11

Пациентке дуаденальды зондтау кезінде зонд арқылы енгізілген тітіркендіргіштен соң «В» үлес бөлінбеді. Одди сфинктерінің спазмын жою мақсатында дәрігердің тағайындауымен 0,1 % -1,0 атропин тері астына енгізілді. «В» үлестің бөлінуі байқалмады. Мейіргердің бұл кездегі іс-әрекеті қандай?
а) 1 сағ күту
б) атропинді қайта егу
в) пациентке жылытқыш беру
г) зондтауды тоқтату
е) 20 мин соң зондты қайта енгізу






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет