Қайсар: Сайысымыздың 3-бөлімі «Күзгі тағам» деп аталады.
Оқушылар тағамдарын жасауға кіріседі.
Асхат: Даусы әсем қалықтап ән салғанда Тең келмейді ешбірі Болатқа Баурап алар сүйкімді даусыменен Көрінген мерекелерде әніменен – дей келе, сайыскерлеріміз тағамдарын жасап болғанша, Зайноллин Болаттың орындауында «Іңкәр сезім» әнін қабыл алыңыздар.
Қайсар: Құрманғалиев Анарбек, Тажбағанбетов Ернұрдың орындауында «Күз» туралы өлеңдерін қабыл алыңыздар.
Асхат: Шақырамыз ортаға бишімізді Тамсандырған биімен көрінгенді. Дөңгелеп мың бұрала билегенде Айғаным екен дерсіз биші қызды – дей келе Төкешева Айғанымның орындауында «Испан биі».
Сайыскерлер жасаған тағамдарын әділқазылар алқасына тапсырып, келесі бөлімге дайындалуға кетеді.
Асхат: Сайысымыздың келесі 4-бөлімі – «Сән үлгісі». Сайыскерлеріміз дайындалғанша келесі бір тамашаны қабыл алыңыздар. (Әлімжан, Қайсар, Аслан)
Асхат: Зайноллин Болаттың орындауында «Бөрте лақ» әнін қабыл алыңыздар.
Музыка қосылып, сайыскерлер дайындап келген киімдерін көрсетеді.
Қайсар: Ал енді келген қонақтарымызға да тапсырма дайын. Кәнеки, ата-аналар, ортаға шығайық.
«Буги» биін билету.
Асхат: Сайысымыздың соңғы бөлімі «Шаштаразда» деп аталады.
Ортаға ата-аналардан 3 адам алынып, сайыскерлер тапсырманы орындауға кіріседі.
Қайсар: Ал енді, әділқазылар алқасы өз шешімдерін шығарғанша кең байтақ еліміз туралы «Менің Қазақстаным» әнін орындайық.
Әділқазылар алқасы өз шешімдерімен таныстырып, марапаттап, сыйлықтарын береді.
Асхат: Ал, құрметті қонақтар, бүгінгі «Алтын күз» атты сайысымыз аяқталды дей келе соңғы сөзді мектеп әкімшілігі мен ата-аналарға берелік.
ПАЙДАЛЫ ЖӘНЕ ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕР
(Дөңгелек үстел)
Тәрбие сағатының мақсаты:
а) білімділік: оқушыларды зиянды әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің ағзаға тигізетін әсерін және одан туындайтын ауру түрлері, олардың алдын алу шаралары туралы білуге, жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу;
Достарыңызбен бөлісу: |