3. Жаңа сабақ. -Ал енді балалар бәріміз тақтаға қарайықшы.
«Адам болам десеңіз...» (тақтадан сабақ тақырыбын көрсету)
-Иә, бұл өлең жолдар ақынның қай өлеңінде айтылатын еді?
-Кәне, кім айтып берер екен?
«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап, босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол;
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдында,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз…» -
деп, ұлы Абайдың адам баласына айтып кеткен адамгершілік қасиеттері бізге сабақ екенін ешқашан ұмытпауымыз керек.
«Бес асыл іс» - адамгершіліктің Абай ұсынған этикалық-әдеп нормалары. Гуманист атаулының бәрі де дүниедегі ең асыл, бағалы нәрсе - адам деп түсінетін болса, сол адам бойындағы ең басты сипаттар адамгершілік қасиеттер деп жауап береді. Ойшыл ақын жас ұрпақты жаңа дәуір талабы деңгейінде, адамгершілікке тәрбиелеуді мақсат тұтып, күрес жүргізді. Біз де өз тарапымыздан жеңіл ұғындыруға әрекеттендік, өздеріңіз көріп отырғандай күн мен бұлтқа теңедік. Не үшін деп ойлайсыздар?
Абай адам болуға ұмтылған әрбір жалынды жастың бойына адамшылықтың қандай нәрін, нендей ізгілікті қасиеттерді егу, орнықтыру керектігін «Ғылым таппай мақтанба...» өлеңіңде: «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз...» - деп, айқындап берген екен.
Тәрбие сағатымыздың жалғасын жадынамамен жалғайық, тақтаға назар салсақ.
«Адам болам десеңіз...» Балаларға арналған жадынама
1.Балалар, естеріңде сақтаңдар!
-Жұрттың бәрімен, әсіресе қартаң адамдармен қай жерде, қай уақытта болсын амандасып жүр. Денсаулығым жақсы болсын десең, өзгелердің де саушылығын сұрап амандас.
- Өзіңді, айнала қоршаған табиғатты сүй.
-Өз бойыңдағы сараңдықты, жалқаулықты, екіжүзділікті, менмендікті, пайдакүнем есепшілдікті, қорқынышты жең. Адамға сен, адамды сүй. Олар туралы өзің әділетсіз сөз айтпа, біреудің ғайбат сөзіне сене салма.
-Ой мен істі бір-бірінен бөліп қарама. Оқығаның жақсы-ақ, бірақ ең бастысы – іс қылу керек.
-Қарапайым бол!
-Түкке тұрмайтын нәрсеге бола ашуланба.
-Егер, сіз дұрыс жасамасаңыз, кемшілігіңізді тез түзетуге тырысыңыз. Жақсылыққа апарар жолға бастаңыз.
-Сәтсіздіктеріңізді емес, қуанышты күндеріңізді жиі еске түсіріңіз.
-Өзге адамдардың ой-пікірі мен талап-тілегіне түсіністікпен қараңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |