Тәрбие сағаты: «Тұғыры биік Тәуелсіздік» Куратор: Н. М. Макишева Орал – 2022 Тақырыбы: «Тұғыры биік Тәуелсіздік»



бет2/4
Дата18.04.2023
өлшемі163.84 Kb.
#472338
1   2   3   4
«Тұғыры биік Тәуелсіздік»

3- студент:
Тәуелсіздік 11 әріптен құралған
Сан ғасырлар қазаққа боп арман. 
Талай дара, даналардың көз жасы,
Қанымен атты таң боп, бізге алдан. 
Тәуелсіздік – болашақтың бағдары
Тәуелсіздік – асулардың асқары.
Тәуелсіздік – адамдықтың белгісі, 
Тәуелсіздік – үлкен істің бастауы. 
4- студент:
Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз ата-баба үмітін,
Қолда қазір көк ту менен бостандық.
Желтоқсанның қанды суық ызғары,
Қалың әскер қазағымды қорлады.
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың
Отан үшін табандары тозбады.
5- студент:
Тәуелсіздік ел мұраты,
Жас ұрпақтың болашағы
Ұялатып берік сенім,
Бағымызға жол ашады.
Тәуелсіздік мақтанышым,
Бізге бақыт сыйлаған.
Бейбіт күнде мен тынышпын,
Әрбір таңым нұр маған. 
6- студент:
Тәуелсіздік тұғырына жету үшін,
Желтоқсанның жастары салды бар күшін,
Қанын төгіп, жанын қиды аямай,
Жанын қиды елі менен жері үшін.
Байлығы мол байтақ жерім кең,
Дүниедегі елу елмен керегең тең,
Осы күнге жеткен ұрпақ еңселі,
Құтты болсын тәуелсіздік мерекең.
7- студент: Жаңа ғана қазағымның таңы атты 
Алу мақсат ел деп алғыс, сауапты. 
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам 
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты. 
Атыңнан айналайын, егеменді ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы келе берер!
«Тәуелсіздік көк туын көкке ұста» – дей келе «Көк тудың желбірегені» әні орындалады.
Хор.
8- студент:
Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Қазақстан дейтін менің бар елім
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Тақтадан Қазақстан туралы толық ақпарат беріледі.
https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/qazaqstan-ortaq-ujimiz Қазақстан – ортақ үйіміз! бейнеролигі көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет