5- студент:
1. Отан – елдің анасы
Ел – ердің анасы.
2. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
6- студент:
1. Отанды сүю отбасынан басталады.
2. Туған жердің жуасы да тәтті.
7- студент:
1. Отан үшін күрес,
Ерге тиген үлес.
8- студент:
1. Отаның берік болса,
Жауың алмайды.
2. Отансыз адам – армансыз бұлбұл.
9- студент:
1. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
2. Ел-жұртыңның қадірін
Іс түскенде білерсің.
- Жарайсыңдар, балалар. Біз, Қазақстанда тұрамыз, демек, Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан халқы. «Отан отбасынан басталады» деген мақал бар. Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар. Отан деген не? Қалай түсінесіңдер?
Оқушылар: Отан деген менің үйім, туған жерім.
Менің жүрегім Отан деп соғады. Ендеше, Топтастыру әдісін жүргізейік.
9- студент:
1. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
2. Ел-жұртыңның қадірін
Іс түскенде білерсің.
VI. Қорытынды сөз.
Мұғалім:
Атыңнан айналайын, егеменді ел,
Тәуелсіздік күнің туды, кенеле бер,
Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
Барлығыңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып ашық аспан, жүздеріңізге күлкі, зор қуаныш шаттық тілейміз.
Мұғалім: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын демекпін.
Қазақстан қандай ел?
Хормен:
Туымен – Тұғырлы,
Елтаңбасымен – Еңселі,
Әнұранымен – айбатты ел!
Ендеше балаларды ортаға шақырайық «Қазақстан» сөзіне мағлұмат берейік.
Қ – Қазағымыз аман болсын!
А – Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етем!
З – Заманымыз тыныш болсын!
А – Аман болсын Тәуелсіз елдің ұрпағы!
Қ – Қыран құстай биік болайық!
С – Сарыарқа даласындай кең болайық!
Т – Тәуелсіз ел туын көкке көтерейік!
А – Аман болсын Тәуелсіз қазақ елі!
Н – Намысты қолдан бермейік !
Хор: «Біз бақытты баламыз!»
Достарыңызбен бөлісу: |