ІІ. Негізгі кезең
https://youtu.be/4NbBJW7-x-4 бейнематериалды көріп, пайдалы және зиян жақтарымен пікір алмасады.
«Кім біледі» сұрақтарға жауап береді.
«Google» тобының сұрақтары
1. Интернет дегеніміз не?
Жауабы: Интернет – компьютерлік желілерді біріктіретін ауқымды желі.
2. Алғаш рет Интернет пайда болған жыл?
Жауабы: 1958 жыл АҚШ-та
3. Байланыс арналарын ата.
Жауабы: кабельдік, талшықты-оптикалық, спутниктік радиобайланыс
4. Провайдер дегеніміз не?
Жауабы: Провайдер – қарапайым қолданушылардың Интернетке шығуын қамтамасыз ететін фирма
5. Хаб дегеніміз не?
Жауабы: Хаб – бірнеше Интернет желісінің басын біріктіруші құрылғы.
«Yandex» тобының сұрақтары
1. Слиптер дегеніміз не?
Жауабы: Жиіліктерді бөлуші (сплиттер)
2. Модем айырмашылықтарын ата.
Жауабы: Модем - ADSL модем жылдамдығымен ерекшеленеді, dial-up телефон байланысмен
3. WWW және TCP/IP – бұл жазба нені білдіреді?
Жауабы: WWW (World Wide Web) – гипермәтіндік құжаттар. TCP/IP протоколы (1974)
4. Электронды пошта дегеніміз не?
Жауабы: Электронды пошта - абоненттер мәлімет алмасуға арналған байланыс құралы.
5. Сайт дегеніміз не?
Жауабы: Сайт - компьютерлік желіде құжаттарды біріктірген адрес.
«Мақал-сөздің мәйегі» Қазір сіздерге тақырыпқа байланысты сөздермен мақал беремін, ал, сіздер мақалдың қазакша нұсқасын табасыздар.
«Google» тобы
1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
«Yandex» тобы
1. Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)
2. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)
3. Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)
4. Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)
5. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі).
«Жагдаят шешу»
1.Ғаламтор қазіргі заман газеті.Ол біз білмеген ақпаратпен бөлісіп,жаңалықты жария етеді. Алысты жақындатады.Сен бұл пікірмен келісесіңбе ? Өз ойынды айтып бер !
2. Сенің досың ғаламтор арқылы әлеуметтік желілерде көп отырады. Ғаламторсыз өзін жалғыз сезініп, үнемі ұялы телефонда отырады. Сенің досыңның бұл әрекеті дұрыс па ? Сен оған қандай ақыл-кеңес айтар едің ?
3.Ғаламтор, әлеуметтік желі бұл қазіргі біздің достарымыз.Біз оларды үнемі қолданамыз. Ал, сен үшін қандай маңызы, пайдасы бар ?
ІІІ. Қорытынды
«Тірек ағашы» бүгінгі «сабақ қалай өтті?» стикерге жазып, іледі.
Достарыңызбен бөлісу: |