Тәрбиелеу білім беру процесінің циклограмма 2023-2024 оқу жылы Мектепке дейінгі ұйым: «Медина» бөбекжай-бақшасы Топ


Мақсаты: реакция жылдамдығын, белсенділікті, ойлаудың тәуелсіздігін дамыту, ертегіні кейіпкерге сәйкес атауға үйрету. Ойын шарты



бет16/58
Дата01.03.2024
өлшемі174.37 Kb.
#493442
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58
11грдек23

Мақсаты: реакция жылдамдығын, белсенділікті, ойлаудың тәуелсіздігін дамыту, ертегіні кейіпкерге сәйкес атауға үйрету.
Ойын шарты: Ертегі кейіпкерлерінің суреттері ұсынылады, балалар қандай ертегілерде кездесетінін атайды. Мысалы: Әтеш – "Мысық, әтеш және түлкі" және т. б
(қоршаған ортамен таныстыру).

Үстел үсті Үстел-үсті ойыны
«Кілтті таңда»
Дидактикалық міндеті: Балалардың жансыз табиғат құбылыстары туралы білімдерін бекіту: күн, ай, бұлттар.
Ойын ережелері:
Балалар тиісті түсті суреттерді таңдап, суретті жинап, суреттен сәйкес затты табады. Тәрбиешінің белгісі бойынша жұмбақтар шешу.
(қоршаған ортамен таныстыру)

Таңертенгі жаттығу

ТАҢҒЫ ГИМНАСТИКА КЕШЕНІ
Сапқа тұру, жүру, жүгіру, жалпы дамытушы және тыныс алу жаттығулары.
Мақсаты: баланың организмін«ояту», оны тиімді күйге келтіру, жан-жақты, бірақ бұлшықет жүйесіне орташа әсер ету, дененің белсенділігін арттыру, дұрыс қалыптың қалыптасуына ықпал ету.
1. Аяқ сәл алшақ, қолымыз иықта, алға, артқа есу (3 - 4 рет)
2. Қолды алға созып, қайшылап қозғалту
(3 - 4 рет)
3. «Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір».
4. Аяқ сәл ашық, тіземіз түзу, аяқтың ұшына қолымызды тигізу, қалыпқа келу (3 - 4 рет).
5. Қоян - секіреді; ат - шабады; құс - ұшады; аю - қорбаңдайды; адам - жүреді.
6. Кілемге жатып, аяқты көтеріп, велосипед тебу, қалыпқа келу (3 - 4 рет).
7. Жерде жатып, балықша жүзу, екі қолды сермеу, қалыпқа келу (3 - 4 рет).
8. Аяқтың ұшымен көтерілу, демді жұтып шығару (3 - 4 рет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет