1.Қысқы ағаштарды бақылау
Мақсаты: Қысқы ағаштардың басқа жыл мезгіліндегі ағаштардан айырмашылығын айыра білуге үйрету.
2.Еңбек: Ойын алаңын қардан тазалауға көмектесу.
Мақсаты: Еңбекке, тазалыққа баулу.
Көркем сөз.
Балалар шықты далағы,
Ойнап, күліп жүр енді.
Шаналармен озады,
Аққаланы соғады.
3.Қ/қозғалыс ойыны: «Құстар мен мысық» 4.Жеке жұмыс.
(дене шынықтару)
5.Балалардың өзіндік іс-әрекеттері.
|
1.Қардың қасиетін
Мақсаты: Қар туралы балалардың білімдерін толықтыру.
2.Еңбек: Ауладағы қарды күреуге көмектесу.
Мақсаты: Үлкендерге көмектесе білуге тәрбиелеу.
Көркем сөз:
Аққала
Аула сырты, баққа да,
Тұрғызамыз аққала
Аққаланы айналып,
Ойлаймыз біз шаттана.
3.Қимылды ойын: «Құстар мен мысық»
4.Жеке жұмыс. Жұмбақ жасыру
Мамықтай ұлпа,
Қанттай ақ.
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады. (Қар)
5.Балалардың өзіндік іс-әрекеті.
|
Серуеннен оралу
|
Балалардың реттілікпен шешінуі, жұмбақтар шешу, өлеңдер, әндер жаңылтпаштар, санамақтар және т.б. жаттау (көркем әрекет, дербес ойын әрекеті).
|
Түскі ас
|
Гигиеналық шаралар:Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау: қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу көркем сөз қолдану:
«Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу»
|
Достарыңызбен бөлісу: |