(қоршаған ортамен таныстыру)
Қимылды ойын:«Дауыста, атыңды айтам»
Ойыншылар шеңбер құрап отырады. Шеңбердің ортасында жүргізуші отырады. Оның көзін байлайды және бірнеше рет айналдырады. Ол кімнің қай жерде отырғанын білмей қалуы тиіс.
Жүргізуші ойыншылардың бірін қолымен көрсетіп, «Дауыста, атыңды айтам» дейді. Таңдау түскен бала дауыстайды, даусын танымастай етіп өзгертіп сөйлейді.
Егер жүргізуші бәрібір танып қойса, екеуі орын алмасады. Егер таба алмаса балалардың тілегін орындайды.
(дене шынықтыру)
|
Күннің екінші жартысындағы ауа-райы құбылыстары мен табиғат обьектілерін бақылау (қоршаған ортамен таныстыру)
Қимылды ойын:«Ұшты, ұшты»
Жүргізуші белгілі бір құстың атауын атайды, «ұшты, ұшты» деп қайталайды және қолын бұлғайды. Ойыншылар қимылдарды қайталайды. Бір рет, екі, үш... бір кезде жүргізуші «Сиыр!» деп қалады. Оның қармағына ілініп, қолын сермеп қалған бала ойыннан шығады немесе ойыншылардың тілегін орындайды. «Сақтанып», құстың аты айтылғанда қолын көтермей қалған немесе кешігіп қалған балаларға да сондай шара қолданылады.
(дене шынықтыру)
|
Күннің екінші жартысындағы ауа-райы құбылыстары мен табиғат обьектілерін бақылау (қоршаған ортамен таныстыру)
Қимылды ойын: «Қасқырға арналған қақпан»
Ойынға қатысатын балалар екі командаға бөлінеді. Бір команда қасқырға қақпан құрады – қол ұстасып, шеңбер құрап тұрады. Екінші команда қасқырлардың рөлін атқарады – залды айналып (қақпан арқылы) төрт аяқтап еңбектейді. Тақпақ айтады:«Кәне, кәне, халайық, Қасқыр қақпан құрайық. Кәне қақпан берік бол,
Қасқыр, қасқыр, келіп көр»! – тақпақ аяқталғаннан кейін бірінші командадағы балалар қолдарын түсіріп, отыра қалады. Қақпан жабылды. Қақпанның ішінде қалған қасқырлар ойыннан шығады. Қалған балалар ойынды жалғастырады. Кейін командалар орын алмасады
|
Достарыңызбен бөлісу: |