Балалардың дербес іс-әрекеті
|
Тағамдар туралы мультфильм көру.
Балалармен пікірлесу, ойларын тыңдау.
(Сөйлеуді дамыту)
«Аспазшы»
Мақсаты: Аспаз мамандығы жайлы білім беру, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Ыдыстар, алжапқыш, басқа киетін қалпақ, пышақтар, тақтайшалар,азық - түліктер.
Шарты: Бір бала аспаз болады және балабақшадағы балаларға тамақ әзірлейді,ол тамақтын балаларға қандай пайдасы бар екенін түсіндіреді,аспаздың жұмысына құрметпен қарау.(қоршаған ортамен таныстыру)
«Анамның тілі» әнін жаттау
Мақсаты: әншілік дағдыларды дамыту
(музыка)
|
«Пошта»
Мақсаты: Балалардың пошта қызметкерлерінің еңбегі туралы түсініктерін қалыптастыру. Хат-хабарларды жіберу және алу тәсілдері туралы балалардың түсініктерін кеңейту. Қиялын, ойлау, сөйлеуін дамыту. Дербес , жауапкершілік, айналасындағыларға пайда әкелу ниетіне тәрбиелеу.
(Қоршаған ортамен таныстыру)
Кітап бұрышына саяхат:
Адамның жүзін,
Басы мен көзін.
Айнытпай келбетін,
Салатын кім суретін?
(Суретші)
(Көркем әдебиет)
|
«Хайуанаттар бағы»
Мақсаты: Балалардың жабайы жануарлар туралы, олардың сыртқы түрі, тамақтануы туралы білімдерін байыту. Балалардың хайуанаттар бағы қызметкерлерінің міндеттері туралы түсініктерін кеңейту. Балалардың ойын сюжетін шығармашылықпен дамыта білуін қалыптастыру. Тілін дамыту, сөздік қорын байыту. Жануарларға мейірімді, қамқор болуға тәрбиелеу.
|