Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Сауат ашу Сапта бір қатармен, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру; (дене шынықтыру)



бет13/61
Дата23.03.2023
өлшемі139.74 Kb.
#471024
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   61
цыкло 2022

Сауат ашу

Сапта бір қатармен, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру; (дене шынықтыру)
дыбыстарды дұрыс, анық айтуды бекіту, айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз г – ғ, л – р дыбыстары бар сөздерді айтып үйрену;
(сөйлеуді дамыту, сенсорика)

Шығармашылық ойлауды және қиялдауды дамыту. Қағаздан құрастыру әдістерін қолданып, жазық материалды көлемді формаға өзгерте білуді бекіту.
(құрастыру)

балаларды елестету және заттарға қарап гүлдер, көкөністер, жемістер, ойыншықтар, күрделі емес сұлбаларды өздеріне тән ерекшеліктерін бере отырып салу дағдыларын қалыптастыру.
(сурет салу, мүсіндеу)

(математика негіздері )
Шармен көңілді би ұйымдастыру, ән айту. (музыка)
Балалардың қалауы бойынша кітаптар қарау, қол қимылын дамытуға арналған ойыншықтармен ойындар ұйымдастыру.
(сөйлеуді дамыту, сенсорика)

Балаларға әдемі гүлді көрсету, оны танып атату, гүлді бір біріне беріп өз есімдерін атауға үйрету. (сөйлеуді дамыту)
Көңілді муызка қою. Қарапайым би қимылдары: шапалақтау және бір уақытта аяқпен тарсылдату, жартылай отыру, аяқтан аяққа тербелу(музыка)

Серуенгедайындық

Көрсету бойынша киімдерін киюді, қимыл белсенділігіне жағымды эмоциялық қарым-қатынас білдіруді, бұрын игерген қимылдарды өздігінен орындауды жетілдіру. Киім шкафтарын тануды қалыптастыру (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ұсақ моториканы дамыту).

Серуен

Балабақша ауласын бақылау. Ондағы жұмыскердің еңбегін бағалау.
(қоршаған ортамен танысу, математика негіздері, құрастыру)

"Сөз" және "дыбыс" терминдері туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру.
(сауат ашу, сөйлеуді дамыту , қоршаған ортамен танысу)

оқу, әңгімелеу. Шығармалардың эмоционалды-бейнелік мазмұнын қабылдауға, баяндау сипатын сезінуге баулу. Әдеби жанр түрлерін түсіндіру: ертегі, әңгіме, өлең. Балаларды шығарма кейіпкерлерімен таныстыру.
(көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту)

Ауа райның ерекшеліктерін байқау. Жаңбыр, жел, күз сөздерін сөздік қорына қосу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет