|
«Кімге не керек?»
Мақсаты:балаларды сөз өнеріне баулу, жалпы есімдерді қолдану арқылы (киім, балалар, ұл, қыз) сөздік қорын молайту. балалармен өз киімдері жайында ой
бөлісу. ұл мен қыздың киімдерін ажырата білу қабілеттерін дамыту.
(сөйлеуді дамыту)
Педагог жетекшілігімен ойын: «Түстеріне қарай топтастыр»
Көліктерді түстеріне қарай топтастыру
(математика негіздері, қоршаған ортамен таныстыру).
«Қойдың» суретін бояу,жабыстыру,құрастыру, мүсіндеу.
(сурет салу, жапсыру, құрастыру, мүсіндеу )
|
«Жаяу жүргіншілер» туралы әңгімелесу. Балаларға жолда жүру ережесімен таныстыруды жалғастыру(қоршаған ортамен таныстыру)
«Топтастыр» ойыны.
Заттардың ұзындығы бойынша топтастастыру(математика негіздері)
Педагог жетекшілігімен ойын: «Не қалай дыбыстайды?»
Үй жануарларының не қалай дыбыстайтынын ажырата білуге үйрету.
(қазақ тілі, сөйлеуді дамыту)
Еркін ойын: «Қысқы киім»
Балалар қысқы киімдердің суретін бояп, жапсырады
( сурет салу, жапсыру)
|
Қимылды ойын:
«Допты қағып ал»
Балаларды батыл,епті,байқампаз болуға баулу.
(дене шынықтыру)
«Түлкі мен тырна» ертегі
Мақсаты:балаларды ертегімен таныстыра отырып, тіл байлығын молайту.
(көркем әдебиет)
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып,бір тұрып.
Біз бір дем алайық.
«Сүйікті ойыншықтарым»
Мақсаты:түстерді ажырата білуге, қылқаламды дұрыс ұстап пайдалана білуге үйретуді жалғастыру.
(сурет салу, жапсыру)
|
Қимылды ойын:
«Шарды жарып алма»
Мақсаты:белгі бойынша бір бала екінші балаға білегімен ұстаған шарды жылдам шарды жылдам беруге тырысады.
(дене белсенділігі)
«Менің досым» туралы әңгімелесу. Балалардың дос туралы түсініктерін арттыру. Сөздік қорларын байыту.
(сөйлеуді дамыту,қарым-қатынас іс әрекет)
«Досыма арналған шарлар» суретін бояу, жапсыру, мүсіндеу.
(сурет салу, жапсыру, мүсіндеу)
|
Қимылды ойын:
«Жұбыңды тап»
Балаларды епті, байқампаз болуға баулу.
(дене шынықтыру)
«Қыс» тақпақ жаттау.
(қазақ тілі)
«Салыстыр»заттарды биіктігі бойынша салыстыруға үйрету.
(математика негіздері)
«Менің күшігім»
Мақсаты: түстерді дұрыс таңдап, қылқаламмен дұрыс жұмыс жасауды, жапсырудың әдіс-тәсілдерін үйретуді жалғастыру.
(сурет салу, жапсыру)
|
Екінші-таңғы ас
|
Екінші таңғы ас алдында гигиеналық процедураларды орындау (өзіне-өзі қызмет көрсетудің мәдени-гигиеналық дағдылары). Балалардың назарын тағамға аудару, үстелдегі балалардың дұрыс қалпын қадағалау, тікелей отыру ,алаңдамау.«Бата беру», «Ас қайтару» дәстүрлерін үйрету.(қазақ тілі)
Жуыну кезіңдегі тақпақтар:
Жуын күндіз-кешке де,
Жуын күндіз-түсте де,
Жуын тамақ алдында,
Жуын тамақ соңында,
Жуын ұйықтар кезіңде,
Жуын тұрған мезгілде. (қарым-қатынас іс-әрекеті)
|