Тәрбиелеу білім беру процесінің циклограммасы



бет127/140
Дата25.04.2023
өлшемі485.93 Kb.
#472704
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   140
Айгөлек циклограмма ҚҚҚЖқ

Екінші-таңғы ас

Екінші таңғы ас алдында гигиеналық процедураларды орындау (өзіне-өзі қызмет көрсетудің мәдени-гигиеналық дағдылары). Балалардың назарын тағамға аудару, үстелдегі балалардың дұрыс қалпын қадағалау, тікелей отыру ,алаңдамау.«Бата беру», «Ас қайтару» дәстүрлерін үйрету.(қазақ тілі)
Жуыну кезіңдегі тақпақтар:
Жуын күндіз-кешке де,
Жуын күндіз-түсте де,
Жуын тамақ алдында,
Жуын тамақ соңында,
Жуын ұйықтар кезіңде,
Жуын тұрған мезгілде. (қарым-қатынас іс-әрекеті)

Серуенге дайындық

Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау, спорттық - ойын жабдықтары мен спорттық құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу.
Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуді бақылау (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).
Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету.

Серуен

Аспанды бақылау.
Мақсаты:Қыз мезгілінде аспанның ерекшелігін көрсету.
Алаңды тазалау.
(еңбек іс-әрекеті)
Қимылды ойын:
«Паравоз»
(дене белсенділігі)
Жеке-жұмыс: ұзындыққа
секіруді үйрету.
(сөйлеуді дамыту, қарым-қатынас іс-әрекеті)
Еркін ойын: қауіпсіздік ережелерін сақтап ойнауға тәрбиелеу, балалардың таңдау мүмкіндігін ескеру.

Мұздарды бақылау.
Мақсаты:мұз неліктен пайда болатынын, оның түрін, түсін, пішінін анықтау.
(қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту)
Алаңдағы қарды күреу.
(еңбек іс-әрекеті)
Қимылды ойын:
«Өз үйіңді тап» (ойын іс-әрекеті)
Жеке жұмыс: жүруде тепе-теңдікті сақтауды үйрету.
(қимыл іс-әрекеті)
Еркін ойын қауіпсіздік ережелерін сақтап ойнауға тәрбиелеу, балалардың таңдау мүмкіндігін ескеру.

Ағаштарды бақылау.
Мақсаты:қыс мезгілінде ағаштарда жапырақтар бола ма, неліктен үстінде қар болады, осы сұрақтарға жауап алу
(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)
Алаңдағы мұздарды сындыру.
(еңбек іс-әрекеті)
Қимылды ойын: «Өз жұбыңды ізде»
(қарым-қатынас іс әрекеті)
Жеке жұмыс: заттарды айналып жүруді үйрету.
Еркін ойын қауіпсіздік ережелерін сақтап ойнауға тәрбиелеу, балалардың таңдау мүмкіндігін ескеру.

Қардағы іздерді бақылау.
Мақсаты:қар аппақ болғандықтан адамдардың,жануарлардың жүрген іздері қалатынын көрсету
(қарым-қатынас іс-әрекеті, зерттеушілік қабілеттерін дамыту)
Аула сыпырушыға балабақшаның ауласын қардан тазалауға көмектесу.
(еңбек іс-әрекеті)
Қимылды ойын: «Қонжықтар»
(қарым-қатынас іс- әрекеті)
Жеке жұмыс: тізені жоғары көтеріп жүруді үйрету.
(қимыл іс-әрекеті)
Еркін ойын: қауіпсіздік ережелерін сақтап ойнауға тәрбиелеу, балалардың таңдау мүмкіндігін ескеру.

Қарды бақылау.
Мақсаты: қар тек қыс мезгілінде ғана жауатынын, қардың пайдасы мен зияны туралы әңгімелесу
(қарым-қатынас іс-әрекеті, зерттеушілік қабілеттерін дамыту)
Аққала жасау
(еңбек іс-әрекеті)
Қимылды ойын:
«Күн мен түн»
(дене белсенділігі)
Жеке-жұмыс: нысанаға заттарды лақтыруды үйрету
(қоршаған ортамен таныстыру)
Еркін ойын: қауіпсіздік ережелерін сақтап ойнауға тәрбиелеу, балалардың таңдау мүмкіндігін ескеру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет