«тереңдетілген басқару есебі»


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар



бет4/5
Дата15.06.2016
өлшемі0.58 Mb.
#136945
1   2   3   4   5

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1. Сапалы аспектілер маңыздылығы немен түсіндіріледі?

2. «Шығындар - өнім көлемі - пайда» талдауы қалай анықталады?

3. Бірнеше өнім түрлерінің зиянсыздығын талдау қалай жүргізіледі?

4. Тәуекелділік пен анықталмаған жағдайларда шешімдер қабылдау қалай жүргізіледі?

5. Инвестиция шешімдерін талдау қажеттілігі неде?

6. Жеке ресурстар бойынша шектеу қалай жүргізіледі?
5 тақырып: Басқарудағы бақылау жүйесі және инвестициялық шешімдер.

Дәріс сұрақтары

1. Өндіріске күрделі салымдар жұмсау

2.Инвестициялық жобалар туралы шешімдер қабылдау

1.Инвестициялық жоба — бұл экономикалық пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімге жұмсалатын ақшалай және басқа да ресурстар.

Бұл пайданы есептеп шығару мен бағалау үшін басқарушы есептің пайдаланатын экономикалық есептеулер жүйесінің біршама элементгері қолданады.

Демек, инвестициядағы басқарушы есеп алға койылған мақсаттарға қол жеткізу үшін және соның негізінде басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін, бірқатар инвестициялық жобаларды талдауға және оларды бағалауға тура келеді.

Тап осыған байланысты жана экономикалық шындыққа сәйкес ұзақ мерзімді инвестициялардың тиімділігін бағалау мен талдау жүйесі ең бір өзекті мәселеге айналып отыр.

Бүгінгі таңда, өмірлік маңызы бар шаруашылық саласында дұрыс және оптималды басқарушылық шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін, шынайы дәрежеде экономикалық белсенділік деңгейін көтеретін және оны сатылы әдістемелік тәсілмен қамтамасыз ететін есептеулердің қажеттілігі пісіп жетілді. Ұзақ мерзімді инвестицияларды талдау және есептеулерді жүргізудің барлық бағыттары бойынша зерттеулер жүргізудің көкейтестілігі, көптеген қаржылық ұйымдардың да (банктер, сақтандыру компаниялары, инвестици­ялық және зейнетақы қорлары және т.б.), және бірқатар жекелеген инвесторлардың да, алдыңда тұрған тауқыметті мәселесі болып түр. Ал бүдан алынған зерттеулерді одан әрі іске асыру, одан да қиын мәселе болып отыр.

Жақын уақыттан бері ұзақ мерзімді инвестицияларды талдау мен есептеуге, яғни Қазақстанның экономикасына батыс компанияларының қаражаттарын тартуға байланысты, инвестицияның мәнісін ашуға біршама талпыныстар жасалып жатыр.

Осы кезге дейін инвестициялық есеп пен талдау бойынша жүргізілген зерттеулер кешенді сипатта болған жоқ, өйткені ол жөніндегі әдістемелік зерттеулер қажет деңгейінде нығайтылмады. Қазіргі кезде Қазақстанның экономикасына тартылатын ұзақ мерзімді инвестииияларды тиімді бағалау, тал­дау және шаруашылық субъектісінің қаржылық қызметін басқару бары-сында, әлі де болса есептін кейбір жекелеген әдістері жете зерттелмеген.

Осы күнге дейін негізгі корларды жаңғыртуда инвестициялаудың қажеттілігін бағалау, осы шараларды қаржыландьірудың оптималды көздерін тандау, күрделі қаражаттардың тиімділігі бағалау, тәуекелділіктің сезімталдығын және дағдарыстың әсерін жанаша принципте дисконттау, "икемді" мөлшерлемені табу және оны талдау мәселелері өз шешімімдерін толығымен тапкан жоқ.

Тәжірибеде, инвестициялықталдаудың екі әдісі бар, онда мөлшерлеменін ең төменгі шегін капиталдардың орташа қүны бойынша анықтаса, ал екінші әдісінде тәуекелділіктің ең жоғарғы сатысы бойынша есептелінеді. Бұл ара-капиталдардың орташа құнын дисконттау мөлшерлемесін оның түпкілікті варианты деп есептеуге болмайды, өйткені ол нақты жағдайды толық көрсетуі мүмкін сондықтан да оған жиі түзетулер енгізіледі

Ал түзетулерден кейін колданатын күрделі қаржы тұжырымдамасының, басты екі кемшіліктері бар, атап айтсақ:

* біріншіден, бухгалтерия есебінде тек ШС-нің меншігіндегі инвестицияларды ескереді;

* екіншіден, бухгалтерия есебінде материалдық емес активтерді инвестиция ретінде ескерілмейді, себебі оның есебінде кептеген дүдәмалдылықтың бар екендігі анық.

Мұндай жағдайда, талдаушылар күрделі қаржы қатарына жалға алынған негізгі құралдарды (лизинг бойынша) және материалдық емес активтердің амортизацияланбаған шығындарын активтерге қосу арқылы түзетулер енгізеді. Тек осындай түзетулерден кейін таза инвестициялар деңгейі анықтап, "талдаушылардың аз ғана тобы ұлғайтылған тұжырымдаманы пайдаланады бұл тұжырымдамаға сәйкес активтің (капиталдың) барлық элементтері (кейде пассивтері де) субъектінің табыстылығын анықтау үшін инвестиция ретінде қатыстырылады.

Бұл анықтама негізінен шағын кәсіпорын үшін сэйкес келетін сиякты, ойткені инвестицияны бұндай кен мағанада карау кәсіпорындардың мақсатына сай келе бермейді. Олар "инвестицияға салынған қаржының түрлерше (яғни өздерінікі немесе қарызға алынғанына), карамастан күрделі қаржыны іюліп қараулы мақсат тұтпайды, ондағы салымдар, тек жалпы салымдар бой­ынша өлшенеді. Инвестицияларды, негізінен барлық инвестицияланған капиталдардың жиынтығы ретінде қарастырады. Демек, инвестицияның бухгалтерлік тұжырымдамасы тек күрделі қаржыны бөлу ғана емес, сондай-ақ, барлық активтердің жиынтығын береді. Егер бухгалтерияда әр түрлі себептер бойынша есеп мәліметтері бұрмаланбайтын болса, онда ("тыншы" ретінде немесе коммерциялық құпия ретінде), инвестицияны бағалауға бухгалтерлік есептің мәліметтерін қолдануға болар еді.

Ұлғайтылған тұжырымдаманы қолдай отырып: инвестиция ретінде танылмаған материалдық емес активтер мен жалға алынған құралдарды есепке алмай, тек баланста көрсетілген активтер бойынша санауға болар еді. Көптеген экономистер капиталдардың шығындарын инвестиция ретінде қарастырады. Инвестиция динамикасы (қозғалысы) активтің белгілі бір баптарының өзгерісіне тең болады.

Бұл арада, "инвестицияланган капитал" деген ұғым екі мағына береді. Біріншіден, кез келген капитал: акцияға, облигацияға, баска кәсіпорыннын жарнасына (пайына) айналған түрінде, демек ұзақ мерзімді қаржы активі ретінде әрекет ететін, басқа кәсіпорынның пайдасынан өзіне қатысты үлестік салмағын) өз кәсіпорыныңа әкелетін бағалы қағаз тобы жатады. Яғни, оның өнім өндірумен тікелей байланысты еместігін білдіреді.

Қазақстанның бухгалтерлік балансында инвестицияланған капиталды екі жарып көрсетеді, оның бір бөлігі ағымдық актив құрамында болса, ал екіншісі ұзақ мерзімді активтер қатарында болады. Олай болса, инвестиция­ланған капитал өз кұрамына "Аяқталмаған құрылыс", "Ұзақ мерзімді қаржы бөлу" (еншілес, тәуелді кәсіпорындарының пакет акцияларын, жарна үлесін алу, техниканы бөлу, ұзақ мерзімге карыз беру және т.б.) жағдайлары жатады. Тап осы тұрғысынан инвестицияны кең көлемдегі мағанасын білдіретін сияқты.

Батыс елдерінде инвестицияның бұл түрін екіге бөледі, тікелей инвестициялау, яғни инвестицияланған кәсіпорындарды, олар өз басқаруына және бақылауына алғандығын көрсетеді (кейде оларды майнорити деп те атайды). Ал екінші түрі, портфельдік инвестициялау, оның көлемі бүкіл акционерлік капиталдың 10%-тей құрамын құрайды, бірақ ол басқару мен бақылау құқғын бермейді.

Ал енді біз инвестицияны қаржылық-экономикалық талдау тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда ШС кдржылық тұрақтылығын талдау үшін, инвестицияны негізгі және айнымалы капиталымен қатар, қаржылық және қаржылық емес етіп, екіге бөлудің керектігін ұсынамыз.

Енді осы айтылғандарды басқарушы есеп тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда оның сындарлы кезеңі болып, мыналар жатады:

- инвестицияның есебін жүргізу, яғни есебін шығару;

- инвестицияның бюджетін құрастыру;

- жылдар бойынша ақша-қаражаттарының ағындарын бағалау;

- қолданыс таба алатын капиталдың шын мәніндегі бағасын анықтау, яғни оны дисконттау коэффиценті ретінде пайдалануға болатьшдығын керсету;

- инвестицияның тиімділігін баяндайтын критерилерін талдау. Жобаны бағалау мен талдаудың бүгінге дейін танымал екі әдістері бар:

а) дисконттық бағалау (немесе динамикалық бағалау);

б) есептік бағалау (немесе статикалық, жай).

Аталған бағалаудың екі категориясы да бір бірімен өте тығыз байланысты. Мәселен, статистикалық категориясы (кейде әдебиеттерде оны мәселелер пемесе міндеттер деп атайды) шаруашылық субъектісінің табыстылығын (қолма-қол ақша түрінде) құрайтын қабілеттілігін көрсетсе, ал динамикалық міндеттер шаруашылық субъектісінің өз ресурстарын табыстылыққа (қолма-қол ақшаға) қаншалықты жақсы айналдыра алатындығын көрсетеді.

Статистикалық мәселесі (немесе міндеті) динамикалық (өсіңкілік) мәселеге (міндеттерге) қарағанда, біршама үстемдігі бар және ол тұрақты қалыпқа қызмет етеді: егер ШС ұзақ уақыт бойында статикалық деңгейде табыстылық (қолма-кол ақша, рентабельділік) мәселесін шеше алмаса, онда он-іай шаруашылықтың қызмет етуі екіталай. Егер ШС қолма-кол ақта түрінде жеткілікті түрде табыс алуға кабілетсіз болса, онда олардың қолма-қол ақшалары ШС ұзақ уақытка арналған мерзімдік міндеттемелерін қаржыландыруға жеткіліксіз болады. Тіптен операциялық пен кұрылымдық деңгейде ста-тикалық мәселелерін шешкенімен, бірақ қажетті қолма-қол ақша ағымын үстай алмаса, онда олар өздерінің қаржылық тұрақтылығын сақтап қалу мүмкіндігінен айырылады. К,олма-қол ақшалар шаруашылық субъектісіне табыс әкелетін операциялардың (немесе капиталдардың) жүргізілуімен байланысты болып келеді, басқаша айтқанда, кез келген табыс ондағы жасалатын операциялардың тиімділігіне, мазмұнына және олардың нәтижесіне тәуелді.

2.Табыстың негізгі екі қайнар көздері бар: біріншісі: иемденушілер — М(а)К; екіншісі қарыз берушілер — банктер және тағы басқа мекемелер (реципиенттер), сондай-ақ жеке тұлғалар. Ал шығындар негізінен үш топқа бөлінеді: жабдықтаушылар; персонал және салық службасы. Одан баска, шаруашылық субъектілері колма-қол ақшаның артығын инвестициялық қажеттіліктері үшін қайта пайдалануына немесе оны резервтеріне орналас-іыруына болады. Басқарушы есеп инвестициялық жобаны шүғыл емес, страгегиялық мақсаттарға бағыттайды, сондықтан ШС бұл кезде өзінің құрылымдық бөлімшелерімен ұйымдасқан түрінде тығыз байланыста болғаны жөн, яғни жоба әдетте кептеген жауапкершілік орталықтарымен әрекеттеседі, иемек мақсаттарға жету процесінде, олар біршама тексерілген, өзара әрекеттерімен камтамасыз етілген жағдайда ғана қабылданады.

Жобаны бағалаудан оны толық жүзеге асыруға дейінгі тұтас процесі (не­месе "тіршілік циклы") тексеріледі және инвестициянын тиімді болуын камтамасыз ететін тиісті есептеулер жүргізіледі.

Есептеулер тек біржолғы емес, сондай-ақ ағымды сипатқа да ие болады. Нәтижесінде, бір жағынан, жобаның мақсатына жеткендігі тексерілсе, ал басқа жағынан - дәлдеп түзетілетін шаралардың фақтісі мен жоспарлары салыстырылады. Сайып келгенде, басқарушы есептің инвестициялық мәселелеріне және инвестицияның түрлеріне (нақты және қаржылық) бейімделген, ағымдағы тиімділікті бақылайтын және болашақтағы мақсатты болжайтын жүйесі қалыптасады.

Жобаларды талдау және бағалау әдістері негізінен кептеген болжамды бағалаулар мен есептеулердің пайдаланғанын көздейді.

Жоба уақыты созылған сайын, оның белгісіздігі және тәуекелділігі артады, яғни оны жүзеге асырудың соңғы жылдарында болған, ақша-қаражаттарының ағыны арқылы бақылап сынауға болады.

Инвестициялық жобаларды бағалаудың басты критерийлері болып мыналар табылады:

1. Таза келтірілген эффект;

2. Инвестициянын рентабельділік индексі;

3. Табыстың ішкі нормасы және т.б.

Экономикалық әдебиеттерде кен таралған даулы пікірлер осы инвестициялық жобаны бағалаушы төңірегінде шоғырланған. Инвестициялық жобаның тартымдылығын бағалау проблемасы оның табыстылық деңгейімен тығыз байланысты болып келеді.

Инвестициялық жобаның табыстылығын анықтау үшін, ең алдымен Дюпон пирамидасына жүгінейік.



Инвестициялық жобаның табыстылыгын анықтайтын Дюпон пирамидасы


Сонымен, жоғарыда келтірілген инвестицияны тексерудің екі әдісі (есептеулері), сондай-ақ Дюпон пирамидасы инвестициялық жобаның экономикалық мәнін ашуға көмектеседі; біріншіден, инвестициялық процестерге жасалған жүйелік тәсілдерінің мәнін ашуға; екіншіден, басқарушы есепте қолданатын бағалау әдісіне, оның барлық шектеуші-факторларын, оның ішінде: уақыт пен тәуекел факторын, банк несиесінің орташа пайызы мен инвестициянын орташа пайызының өсу каркының, талап етілетін инвесдициянын көлемін, шығындарды, сатудың көлемін, дисконттау мөлшерлемесін және т.б. мәселелерін қарастырады.

Басқарушы есептін инвестициялық мәселелері инвестициялық процестің сызбасын талдау нәтижесінде қалыптасуы мүмкін.

Инвестицияны талдау барысында, онда пайда болатын барлық мәселелерді аса күрделі емес математикалық функциялардың көмегімен де шешуге болады. Бұл функциялар келесідей мағлұматтардан тұрады: пайыздық мөлшерлеме; есептеу кезеңі; инвестициядан алынатын табыс.

Пайыздық мөлшерлемесі деп белгілі бір уақыт бірлігіне белгіленген (яғни, алдың ала есептеліп койылған) табыстың относительдік деңгейі, яғни табыстың (пайыздық ақшанын) белгілі бір уақыт мезігіліне (бірлігіне) есептелген қарыз сомасының қатынасы. Инвестициядан алынатын табыстың мөлшерлемесін анықтау кезінде, оның негізгі қаржылық критериясы ретінде, күрделі пайыздық эффектісі қолданады.

Есептеу кезеңі — бұл уақыт интервалының, пайыздық мөлшерлемесіне ұштастырылғаны. Аналитикалық есептеуде есептеу кезеңі ретінде, жылдық интервалы алынады.

Инвестициядан алынатын табыс болжамдық аналитикалық есептеулердің көмегімен анықталады.

Қарыз берушіге несиелік келісім шарттың (борыштық міндеттеменің) мерзімі біткенге дейін, оларға белгіленген пайыз мөлшерлемесінде ғана төленеді, ал негізгі несиені етеу үшін, қарыз алушылар арнайы төлем қорын жасайды. Қарызданушы әрбір кезең сайын несиенің негізгі бөлігін және онымен қоса оның пайызын өтеуді қамтамасыз ету үшін, жеке қорлар ашады.

Бұл мәселелердің ішінде инвестициялық кезеңнің алдыпда жасалатын шараларға ерекше көңіл бөлінеді, өйткені онда инвестициялық жобаның экономикалық тиімділігін анықтаудың мәселесі тұрады, демек тап сол жерде оның мөлшерлемесін тандау жасалынады, ал сосын ол осы бойынша дисконтталады. Әдетте, пайыз мөлшерлемесін тандауда қарыздың орташа пайыз деңгейіне сілтеу жасалынады, бірақта ол инвестицияланатын жобаның тәуекелділігіне де байланысты болады, демек ол мөлшерлемеге тәуекелділіктің орташа үстемесі қосылған түзетулер бойынша жүргізіледі.

Біздің қарастырып отырған инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін бағалау әдістері, инвестициялық циклдің жаңадан жасалған немесе реконструкцияланған кезеңіндегі табыстар мен шығыстардың алғашқы мәліметтеріне сүйенеді.

Бұл алғашқы мәліметтердің қатарына мыналар кіреді: қарастырылып отырылған кезең уақытының ішіндегі шығарылған (шығарылатын) өнім деңгейі; шығарылған өнімнің сату бағасы; әрбір өнім түрін шығаруға байланысты жұмсалған айнымалы шығындардың деңгейі; қарастырылған кезендегі ШС-нін өнім түріне жатқызылған шығындар; өнімді шығару нәтижесінде алынған табыс (пайда) деңгейі; өндірістің жұмыс істеу деңгейін ұстау мен ұлғайтуға бөлінген күрделі қаражаттардың деңгейі.

Инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін бағалау, инвестициялық кезең алдыңда және инвестициялаудың барысында жүргізілетін болғандықтан, онда қолданатын мәліметтердің едәуір деңгейі болжамды болып келеді, демек оңайлау тәсілін пайдалануды мақсат тұтады. Бірақта, біздің пікірімізше, бұл оңайлау тәсілі (әдебиеттерде дәстүрлі немесе статикалық әдіс деп те атайды) жеткілікті ұзақ мерзімге арналған құрал-жабдықтары бар және амортизациялық шығындары аса көп емес шағын және орта­ша деңгейдегі кәсіпорындар үшін қолайлы.

Ал егер біз оның тек нақты табыс деңгейін (сонымен қоса таза табысын) және инвестицияға бөлінген қаражаттың деңгейін дисконттауға негізделген инвестицияның рентабельдігін бағалайтын болсақ, онда бұндай инвестициялық жобалар кез келген кәсіпорын үшін тиімді болуы мүмкін (осы мәселе жөнінде "Инвесторларды басқару" деп аталатын В.В.Шереметтін кітабында аталған мәселе жан-жақты қарастырылған).

Негізінен алғанда инвестиция процесі көптеген іскерлік шешімдерді қажет ететіндіктен ол жан-жақты зерттеулер жүргізуді талап етеді. Бірақ біз бұл арада дисконттау мен пайыздардың негізгі әдістеріне талдау жасауды ана мақсат тұттық. Болашақтағы ақша қаражатының құнын қазіргі шаққа келтіру құбылысын дисконттау деп атайды (яғни нолъдік вариантқа келтіру).

Болашақ құны (БК) - белгілі бір жағдайда, ақша қаражаттарын инвестициялаудың нәтижесінде, болашақта алынатын кұны деп топшылайды және ол пайыздық мөлшерлеме, уақыт кезеңі, пайыздарды есептеп шығарудың жағдайы бойынша жүзеге асады.

Ағымдық кұны (АҚ) (немесе дисконтталған күны) деп — бүгінгі күнінің деңгейіне келтірілген төлем құны немесе төлем топтамасы, бірақ ол болашақта ғана іске асады.

Дисконттау (пайыздық) мөлшерлемесін анықтау кезінде, күрделі пайыздар эффектісіне аса үлкен мән беріледі. Бұл күрделі пайыздар, өзінің есептелген кезінде шегерілмейді, керісінше, ол бастапкы сомасына қосылады. ол келесі кезеңде жаңа табыстарды әкеледі.

Ал бұл алынған табыс не кайта каржыландыруға, не болмаса депоненттелуіне (немесе резервтеріне) бағытталуы мүмкін. Бұл табыстың жыл сайынғы деңгейі, ақша ағымының тендей түсімімен (немесе белгіленген аннуитетімен) анықталады. Ол үшін жоғарыда келтірілген формуланың, өңделген түрі пайдаланады:

Болашақтағы инвестициядан түсетін табыстың ағымдық кұны мынадай факторларға тәуелді болып келеді:

а) ақша қаражаттарының ағылуы мен кері ағылулары арасындағы уақыттың алшақтығымен;

б) қажет пайыздық мелшерлемесі немесе дисконты (мысалға, қайта қаржыландыру үшін шыға-рылған облигациялар үшін оның деңгейі 7%-тен аспайды; ал жаңа жобалар үшін, ондағы нарык жағдайының тұрақтылығына байланысты болады, ол 20% кем болмауы керек т.б.);

в) күрделі қаржыны белу барысында есептелетін тәуекелділіктің деңгейі.

Егер жоба алғашқы рет қаржыландырылып отырса, онда ондағы тәуекелділіктің деңгейі де жоғары болады. Демек, ағымдағы бірлік құнының пайдалануы, оның әр түрлі уақыт кезеңіндегіне және іске асатын жобалардың, нәтижелер мен шығындарының бір қалыптылығына байланысты болып келеді.

Сайып келгенде, осы және баска формулаларды пайдалану барысында біз әр кезде, әртүрлі мәселелердің туындауы мүмкін. Мысалы үшін, дискон-ттау мөлшерлемесін негіздеудің нақты тетігін табу, есеп саясатын қалыптастыру, капиталдардың орташа құнын табу сияқты мәселелердің бүгінге дейін ақтык шешімі табылған жок. Егер бұл аталған жағдайлар ез дәрежесінде жасалмаса, онда бұндай инвестициялық жобалардың күмәнді болатынды-ғында дау жоқ.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1. Күрделі қаржы салымдары қалай жұмсалады?

2. инвестициялық жобалар туралы шешімдер қабылдау қалай жүргізіледі?
6 тақырып: Пайданың стратегиялық талдауы және бағалық көрсеткіштердің баланстық стратегиясы мен жүйесі.

Дәріс сұрақтары

1.Жедел бақылау жүргізу реті

2. Сметаның орындалуын бағалау

1.Шаруашылық субъектісінің ішкі табыстар нормасы өзінің физикалық мәні бойынша, тек инвестициядан алынатын пайыздық мөлшерлемесін қалыптастырады, және сол бойынша инвестициялық жобаны қаржыландыру үшін несие алуына болатындығын да керсетеді. Бұл нормалық пайыздың мөлшерлемесі тек жобаны жүзеге асыру кезінде, одан алынатын барлық ақшалай түсетін қаражаттарының (табыстар мен амортизациялық қаражаттарының) дисконтталған кұны, сол жобаның дисконтталған шығын құнымен тен болса ғана қабылданады.

Ішкі табыстар нормасының керсеткішін есептеу үшін мынадай аналитикалық формуласы немесе тендігі пайдаланады:



Бұл формула үшін: жыл, тоқсан, ай сайын біркелкі болатын қызметтің уақыт кезеңдерінде есептелінеді.

Келтірілген формула дисконттау мөлшерлемесін шешуге колайлы жағдай туғызады. Және ол тендеудің көмегімен өтеу мерзімін оның ішкі табыстылық нормасымен салыстыруға болады, демек оның ішкі өтелу коэффициентімен (Р) үксастығы байқалады. Егер ішкі табыстылық нормасы жеткілікті болса, онда шаруашылық субъектісінің зиянсыздық нүктесінде тұрғандығын байкатады. Олай болса, ішкі табыстар нормасы (табыстылығы), карыз алудың ең жоғарғы мөлшерлемесін корсетеді, яғни дисконттау мелшерлемесінің ен биік деңгейі, баскаша айткднда, инвестициялық жоба­нын тиімді және тиімсіздігін айкындайтын шекарасы ретінде қарастыруға болады. Егер, ШС ішкі табыстар нормасының деңгейінен, операциялық шығындары асып кетсе, онда бұндай жоба тиімсіз деп танылады.

Сондықтан, тәжірибеде, ішкі табыстар нормасы, инвестициялық жоба­лардың варианттарын іріктеу (сүрыптау) үшін сүзгіш ретінде пайдаланады. Нарыктык экономикасы дамыған елдерде инвестициялық жобаны іріктеу үшін шаруашылық субъектісінің ішкі табыстар нормасы - 0,15-0,20 - пайыздан кем болмағанды қалайды. Ішкі табыстар нормасы: табыс пен инвестицияның деңгейімен (немесе оның айырмасымен) ғана емес, сондай-ақ олардың уақыты бойынша да таратылатын процесіне байланысты болып келеді. Күрделі қаржыны, бөлудің барысында, одан алынатын табыстың мерзімі созылған сайын, ішкі табыстар нормасы да төмендей береді. Инвестициллық жобаларды салыстырмалы тұрғыда талдау үшін, олардың уақыты бойынша түсетін табыстын графигін құрастырған жөн. Ішкі табыстар нормасы қатыстық (относительді) көрсеткішті береді. Ол өзара басқа жобалармен салыстыруға, әртүрлі жобалар үшін олардың табыстарының абсолюттік мәнін анықтауға, жақсы жобаларды тандап алуға мүмкіндік бермейді. Дегенмен де, бұл критерияның маңызды бір кұндылығы, оның дисконттау мөлшерлемесін анықтауды бірінші кезекке қояды. Одан баска, ішкі табыстар нормасының кемшілігі - жалпы инвестициялық жобаларды қаржыландыруға керек қаражаты (оның жалпы құны) онда ескерілмейді, және де амортизациялық аударылымдар сиякты туынды шығындарды бөліп көрсетпейді. Экономикалық әдебиеттерде жоғарыда аталған әдістерден басқа, инвестицияның рентабельділік индексіне (пайда индексіне) де біршама көңіл бөлінеді. Бұл әдіс таза келтірілген құн әдісінің жалғасы (салдары) десекте болады. Рентабельділік индексі (РІ) мына формула бойынша есептелінеді:



Ескертетін бір жай, егерде РІ >1 болса, онда жобаны қабылдау керек. РІ < 1 болса, онда жобаны қабылдамау керек. РІ=1 болса, онда жоба не табысты, не зиянды болуы ықтимал (яғни, жобаны қабылдау басшының интуициясына байланысгы болып келеді).

Таза келтірілген эффектіден рентабельділіктін ерекшелігі, ол қатыстық (относительді) көрсеткішті береді (бұл кезде күрделі қаржының деңгейі бір өнім бірлігіне есептелінеді).

Аннуитет — бұл біркелкі жүйеде қайталанатын ақшы ағындарының жүйелілігі. Егер инвестициялық жобалардан түсетін ақша ағындарының бірқалыптылығы болса ғана, аннуитет тәсілін қолдануға болады.

Ақшаның бұндай ағының келесідей формуласы бойынша есептелінеді:

Тәжірибеде, ақша ағындарының бірқалыпты болып түсетін инвестициялық жобалар жиі кездеседі, бірақта мұндай жобаларды бағалау үшін көп жағдайларда, осы жобаның кандай жорамалды аннуитетіне эквивалентті екенін анықтау керек. Алдымен ақша бірлігіндегі аннуитеттің деңгейін білгеннен соң, оны келесідей формуланың көмегімен анықтауға болады:



Мұндағы, С - аннуитет

РУ — бағаланатын (немесе бағаланған) жобанын келтірілген құны.

Сонымен, аннуитеттің құны (С) жобаның келтірілген құнымен (РУ) тең болса, және инвестор инвестициялық жоба үшін өз капиталын салса, сондай-ақ әрбір кезенде С көлемі біркелкі төлем әкелсе, онда бұндай инвести­циялық жобаның парықсыз екендігі шығады.

2.Аннуитеттегі есептеулер жобаның бір қалыпты емес ақша ағындарымен салыстыру кезінде пайдалы (тиімді) болып саналады, өйткені ол барлық ақша ағындарын, бір жылдың ауқымына сыйғызуға (келтіруге) мүмкіндік береді.

Аннуитет критериясының артықшылығы — ұзақтықтылығы әртүрлі жобаларды салыстыру мүмкіндігін береді, ал келтірілген кұн әдісінде бұндай мүмкіндік жок. Бірақ әдістің кемшілігі - келтірілген құн әдісіндегі кемшіліктерді қайталайды.

Демек, ақша ағындарының дисконттауын сипаттай келе, ондағы инвестициялық жобаның артыкшылықтары мен кемшіліктері жөнінде басқарушы есептің кемегімен біршама қорытынды жасауға болады.

Дисконттау әдісінің артықшылықтары:

-пайдаланатын ресурстардың баламалы кұндарын ескереді;

-есепке нақты ақша ағыны алынады, шартты бухгалтерлік деңгейі ескерілмейді, яғни инвестициялық жобаларды бағалау инвесторлар тұрғысынан және ол есептік саясаттан тәуелсіз түрінде жүргізіледі;

-инвестициялық жоба меншік иесінің мүддесін қорғайды, яғни акционерлерді.

Дисконттау әдісінің кемшіліктері (яғни, бұндағы пайымдау оның бастапқы жағдайынан шығады):

Ақша ағындарын дисконттау критериясы дәстүрлі критерияға қарағанда біршама қиындықтарды туғызады және ол талдаушының біліктілігіне қатаң талаптар қояды:

... ресурстардың баламалы құнын көрсететін адекватты (пара-пар) дисконттау нмшерлемесін тандап алудың киындығымен байланысты;

... ақша ағынының болжамдары әрқашанда жеткілікті түрде шындыққа жақын бола бермейді (кейде ол сараптаушының субъективтік көзқарасымен байланысты);

... бастапқы ақпаратгарды жинау өте қиын, өйткені, қолданыстағы есеп жүйесі, іикты ақша ағындарын көрсету ұшін жеткілікті түрде бейімделмеген;

... есептеулердің қатыстык (относительді) жағдайын есептеп шығарудың киындыгы;

... инвестициялық жобаларды дисконттау критериясы Қазақстан үшін дәстүрлі смес, сондықтан оған іс жүзінде жеткілікті түрде ғылыми ізденістер керек.

Жалпы алғанда дисконттау критериясы дәстүрлі әдіске карағанда (рентабельділік, өтеушілік) біршама жетілген: олар ресурстарды пайдалану кезінде қолдан шығарып алған олжасын (пайдасын)анықтау үшін тиісті әдістерді таңдауға мүмкіндік береді, нарық заңдарына икемді болуына комектеседі, яғни ресурстардың экономикалық кұнын анықтайды. Бірақ та ііүл критериялардың бірде-біреуі басқарушы есеп жүйесінде таза күйінде кездеспейді, олар тек "жетілген нарық" жағдайында ғана пайдаланады, ал парық жағдайы тұрақсыз жағдайда және ақпараттар толық емес кезде, инвестицияны талдау үшін, олардың модификацияланған түрі пайдаланады. Кез келген жобанын ақша ағымдарын дисконттау кезінде, оның алдыңда бірінші мәселесі болып дисконттау мөлшерлемесін тандау проблемасы түрады.

Экономикалық әдебиеттерде дисконттау өлшерлемесін анықтау үшін коптеген тәсілдерді пайдаланады. Бірақ олардың ішінде ең көп таралғаны: капиталдың орташа есептелген құны: заемдық капитал бойынша пайызы; бөлінген күрделі қаржының кауіпсіздік молшерлемесі және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет