Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет105/124
Дата07.02.2024
өлшемі1.84 Mb.
#491029
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   124
сөздер, хабар сазды сөйлем, хабарлы сөйлем, қиюлы кіріккен 
сөздер, əріп қиюлылар, аралас қиюлылар, сонар дыбыстар, 
үнсіз дауыссыздар, үнді дауыстылар, ерін қамаулысы, ерін 
дауыстылары, езу дауыстылар, ауыз жолды дауыссыз, 
еріндік, езулік, ашық буын, жалаң ашық буын, жеңіл тұйық 
буын, ауыр тұйық буын, жеңіл бітеу буын, ауыр бітеу буын, 
сөз сазы, толық дауысты, келте дауысты, қосынды дауыс-
ты, тура жолды сонарлар, үздіксіз жуысыңқы, ерін дауыс-
сызы, мұрын жолды айналма сонар, көмей дауыссыздары
сыбыр дыбыс, сыбыс быдыс, тіл дауыссызы, үнді, үнсіз, 
үздікті, үздіксіз дауыссыздар, жабысыңқы, жуысыңқы, 
тура жолды, мұрын жолды, жалаң буын. 
Төл пəн сөздерді қалыптастыруда, Ахаң жолын жалғас-
тырған Қ. Жұбанов атау сөздерді, ғылыми ұғымдарды, дəл-
дік пен нақтылық талаптарын өте мұқият ескеріп отырған. 
Алла қазаққа рухани əлемімізді асқақтатар асыл азаматтар 
беруден тарынбаған. Сондай дарынды азаматтарымыздың 
бірі – ақын Мағжан Жұмабаев. Ол тіл байлығымыздың үлкен 
бір саласы – терминологияға да өз үлесін қосты. М. Жұма-
баев – «Педагогика» атты оқулықтың авторы. «Педаго-
гика» (баланы тəрбие қылу құралы) атты əрі оқулық, əрі 
методикалық сипаты бар кітабы 1922 жылы Орынборда
1923 жылы Ташкентте басылып шыққан. Ағартушының 
өз сөзіне жүгінсек, «Кітапты бір орыс кітабынан тура 
тəржіма деуге болмайды. Алдына бір кітапты жайып қойып, 
бұрылмастан көшіре бергенім жоқ. Тəрбие ғалымдарының 
пікірлерін тыңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ 
жанын қабыстыруға тырыстым (Көп пайдаланылғаны – Ру-


340
бинштейин, Сиворцов, Смирновтардың педагогика туралы 
еңбектері). Бізде бұрын жасалған пəн тілі болмағандықтан, 
түрлі терминдерге тап басқандай қазақша сөз табу көп күшке 
тиді. Қалайда, курстарда оқыған мұғалімдердің жəрдемімен 
таза орыс сөздері қазақшаға айналдырылды. Ал енді жиһан 
тілі болып кеткен шет сөздерді қазақшаға аударам деп азап-
тануды тиімді деп таппадым». М. Жұмабаев еңбегінде 
педагогикаға жəрдемші сөздер екіге бөліп қарастырылған. 
Бірінші, дене туралы пəндерге анатомия, физиология, ги-
гиена пəндерін жатқызып, атау сөздерін (терминдерін) сол 
күйінше аудармай алған да, анықтамасын дəл берген. 
Анатомия. Адам құрылысын баяндайды (денеде қандай 
мүшелер бар, жаратылысы қандай). 
Физиология. Адам денесінде болатын көріністерді баян-
дайды (қан жүру, демалу сықылды). 
Гигиена. Саулықты сақтау пəні. 
Гимнастика. Саулықты бекіту үшін түрлі дене қозғалысы 
туралы пəн. 
Екінші, жан туралы пəндерге психология, логика мен эти-
каны жатқызған. 
Психология. Адам жанын, жан тұрмысын, жан көрініс-
терін, жан күштерін, ақыл, қайратын, көңілдің жанын баян-
дайтын пəн. 
Логика. Дұрыс ойлау жолдарын көрсететін пəн.
Этика. Құлық туралы пəн деп анықтамасы нақты да 
дəлелді берілген. Негізгі еңбек он бес бөлімнен тұрады: 
Сөз алды
1. Жинағы.
2. Жетекші сөз.
3. Жалпы педагогика.
4. Дене тəрбиесі.
5. Əсерленуді бөлу.
6. Абай.
7. Суреттеу.
8. Ес.


341
9. Қиял.
10. Ойлау.
11. Тіл.
12. Қайрат.
13. Баланың жалпы жаратылысы.
Ғалым белгілі бір ғылыми ұғымдардың қазақша балама-
сын алғанда оның сол ұғымды дəл беруін, сондай-ақ келе-
шекте сол терминдердің қазақ тілінде алатын тұрақты орны 
қандай болмақ деген сияқты мəселелерге көңіл аударғанын 
көреміз. Құлықтылық – нравственность, сұлулық – прекрас-
ное, жылулық – температура, елес – иллюзия т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет