ТЕРМИНДЕНУ ПРИНЦИПІ ХАҚЫНДА
Қазақ əдеби тілі əр алуан лексикалық арналардан
құралатынын лингвист-ғалымдарымыздың көбі мойындай-
ды
1
. Бірақ оны қазбалап зерттеп, қадағалап қарастырып,
əрқайсысына тəн өзгеше сипатын тануда істелетін жұмыс əлі
де баршылық. Сол тарамдана толысып, сөз байлығын молай-
тып жатқан салалардың мүмкіншілігі мен ауқымын анықтап
алмай тұрып, əдеби тіл жайында əңгіме қозғау қиын. Неге
десеңіз, қоғам өміріндегі əлеуметтік өзгерістер əсерінен,
белгілі дəрежеде, тілде де əрқилы құбылыстар болып жа-
татынын біздің қоғамдық өмір дəлелдеп отыр. Əсіресе,
ғылымның, техника, өнердің т.т. тарихта бұрын-соңды
болмаған сапада жандануына байланысты ана тіліміздің
қолданыс өрісі кеңейіп, əлеуметтік мəні арта түскені мəлім.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, əдеби тіліміздің ауқымын
аумақтандырып, оның ғылыми өрісін нақтыландырып
отырған терминологиялық лексиканың жөні мүлде бөлек.
Тіліміз дамыды, жетілді, қызметі артты дегенде ойға
алдымен оралар арналардың бірі – осы термин сөздер
жүйесі. Қазақ тілі терминологиясының мəселелері түбегейлі
зерттеліп, салалары сараланып бітті деп əзір айта алмай-
мыз. Тіпті, керек десеңіз, термин деген сөздің өзінің мəн-
мағынасын түсіндіруде əлі күнге ала-құлалық кездеседі.
Мұның бер жағында əрбір ғылым саласының өзіне тəн тер-
миндер жүйесін тұрақтандырып, сұрыптауға байланысты
қарастырар қаншама əңгіме бар.
Бүгінгідей арқалы жиында «Термин дегеніміз не? Оны
қалай түсінеміз?» деген мəселені тағы бір тəптіштеп алудың
артығы жоқ. Ғылыми түсініктеме беретін көптеген сөздіктер
мен сұраулық, сондай-ақ осы саланы қазбалап қарастырып
жүрген мамандар пікіріне жүгінсек, бұл сөздің түп төркіні
1
Балақаев М. Қазақ əдеби тілі жəне оның нормалары. Алматы: «Ғылым»
баспасы, 1984. 183 б.
346
латын тіліне барып тіреледі екен. Əдепкіде «шек», «шека-
ра» деген мағынаны білдіріпті. Олай болса, терминдер басқа
сөздердің барлығынан өзіне тəн шектеулі мағыналық сипаты-
мен ерекшеленеді. Талап бойынша ол контексте осы қасиетін
бұзбай сақтауы тиіс. Қай ғылымның саласында қандай
мағына тұрақталса, сол бір ғана мағына қатып ұсталуға тиіс.
Қолданыстың ыңғайына қарай сан құбылып, əр алуан өріс
ашатын өзге сөздер бойындағы құбылмалылық бұларға жат.
Яғни сөз мағынасының дəлдігі, жалқылығы, нақтылығы
жəне тұрақтылығы терминдердің басты белгілері, міне, осы
тектес.
Олар құрамы, құрылысы жағынан түрлі болып келе
береді. Жеке сөз, сөз тіркесі немесе біріккен сөз т.с.с. термин
сөздердің өзіне тəн тағы бір қасиеті сол, олардың көбі қолдан
жасалады, не өзге тілдерден аударылады, не сол бөгде
тұлғадағы күйі өзгеріссіз сақталып, қабылданады. Тілдегі
байырғы сөздерге терминдік мағына телініп, жаңа қызметке
жұмсалып жатқан сөздер қаншама (А. Байтұрсынұлы).
Терминдік мағына теліну деп отырғанымыз мағынасы
көмескілеу сөздерге қосымша қызмет жүктеп, оларды жеке-
дара мағынада қолдану деген сөз. Екі сөзді біріктіру арқылы
жасалған терминдер де тілімізде жетерлік.
Термин жасауда жалғау, жұрнақтардың рөлі зор ( анық-
тауыш, пысықтауыш, толықтауыш, етістік, есімдік т.т.),
сондай-ақ сөздерді тіркестіріп барып, оларға терминдік си-
пат беру ( зат есім, сын есім, сан есім, сөз тіркесі, жақты
сөйлем, жақсыз сөйлем т.т.) болып табылады. Мұның бəрі
негізінен ұлттық тіліміздің өз сөз байлығын сарапқа салу
нəтижесінде өріс алған тілдік құбылыс.
Термин жасаудағы екінші бір өнімді тəсіл өзге тілдің
лексикалық байлығын қабылдауға байланысты көрінеді. Бұл
қабылдау күні кешеге дейін екі түрлі принцип негізінде, екі
ыңғайда жүріп жатты. Бірі калька жолымен, яғни тіке аудару
арқылы, екіншісі – дүниежүзі халықтары тілінің көбіне ортақ
халықаралық терминдерді жəне социалистік елдер тілінің
347
ортақ сөз құрамына енген кешегі советизмдерді сол қалпында
қабылдау принципі. Жасау жолдарының əрқайсысын жеке-
жеке қарастырып, талдағанда біраз мəселенің беті ашылды.
Жалпы бір есте болатын ақиқат, жасалу жолдары да
алуан-алуан, осы процестің бəрінде ана тілінің ежелден
қалыптасқан, сыннан өткен заңдылықтары сақталып отыруға
тиіс. Ол сақталмаған жерде термин тілге сіңбейді. Ондай
термин уақыт сынынан өте алмай, керексіз элемент есебінде
қолданыстан шығып қалады.
Сонымен, арнаулы ұғымдар мен арнаулы заттар жəне
нəрселерді білдіретін дара мағыналы сөздер тобын термин-
дер деп тану керек.
Əдеби тіліміздің даму, қалыптасу жолын бағдарласақ,
Кеңес өкіметі тұсында терминологиялық лексика үнемі бір
қалыпта, бір бағытта дамып, қалыптасып отырмаған, яғни
сөздердің терминдену сипаты əр алуан. Оның да бастау
көзі, шарықтау шағы болған. Қазақ тілі терминдері Қазан
төңкерісінен кейінгі алғашқы кезеңде, яғни 20-жылдарда
елді жаппай сауаттандыру шараларымен қанаттаса жасала
бастайды. Ал сауаттану үшін жазудың тиянақтылығы керек.
Міне сондықтан да ə дегеннен-ақ алфавит пен орфография
мəселесі күн тəртібіне қойылып, бұлармен қатар термин жа-
сау принциптерінің сөз болуы тегіннен-тегін емес. Бұлар,
бейнелеп айтқанда, бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтын, бірін-
бірі қатты қажет ететін мəселелер.
Қазақ халқының сауат ашу тарихында үш түрлі жазу
болғаны мəлім (араб, латын, орыс графикасына негізделген).
Мұның əрқайсысының өзінше пайдалы жақтары мен
кемшіліктері болды. Қай-қайсысы да кезінде сауат ашуға
қызмет етті, алайда жаңа өмірдің даму қарқыны араб пен
латын жазуының кемшіліктерін көрсетпей тұра алмады. Ол
кездегі жағдайды жетік білетін жəне өз халқының мəдени
болашағын алдын ала болжай алатын зиялылар үкімет пен
партияның қолдауының арқасында біртіндеп орыс графи-
касына негізделген жазуды қолайлырақ деп танып, осыған
348
ойысты. Сөйтіп 42 əріптен тұратын қазақ алфавиті ұлттық
жазуымызды жөнге келтіріп, халқымызды прогреске жете-
легендей болды.
Əрине араб жазуының да, латын жазуының да
қазақтардың табиғатына жақындайтын тұстары болды. Тіпті
А.Байтұрсынұлы негіздеген төте араб жазуымен қала беруге
болатын еді. Алайда саясат салқыны мұны басқаша арнаға
тартып кеткені мəлім. Дегенмен бұл жазудың кемшілігін
атап көрсеткендер де болды. Соның қайсыбірін еске алалық.
Мəселен, араб алфавитінің құрамындағы небəрі үш дауысты
дыбыс негізінен əуезді, үнді, ашық дауыстылардан тұратын
қазақ сөздерін жазуға келгенде жетімсіздігі, кемшілігі
байқала берді. Өйткені онда қазақ тілінің 9 дауыстысы-
на сайма-сай келетін дыбыстар жоқ еді. Ал латын жазуы-
на келетін болсақ, алғашқыда қалтқысыз қызмет еткенмен,
көптеген сөздерді, əсіресе, өзгертпей қабылдап, жазуда талап
ете бастаған сол заманда халықаралық терминдерді дұрыс
таңбалауда мұның да олпы-солпы тұстары жетерлік бола-
тын. Мəселен, физика, химия, хлор, фабрика, цемент тəрізді
терминдерді пизика, қыймия, қылор, пабіріике, семент деп
жазатын болдық. Ал енді бұлардың қазіргі кейпінде жазып
қалыптастыруға дейін қаншама талас-тартыс, дау-дамайдың
болғанын білеміз. Əсіресе, ана тілін өзге тілдер «шабуы-
лынан» таза ұстауды көздеген патриотизм бой көрсеткені
рас. Мұны пуристік ағым деп таныдық. Осындай пуристік
ағымды қатты ұстанған топ сол кезде халықаралық жəне
кеңестік ұғым терминдерін жобасы келсін-келмесін, қалайда
қазақшалауды мақсат еткен. Кезінде қара айғырдың па-
ровоз, отарбаның поезд, бибауырмашылық интернаци-
оналист, орданың институт, ортақшылдың коммунист
мағынасында алынуы осыған дəлел. Тілдің даму заңдылығы
бұл əрекеттердің дəйексіз болғанын дəлелдеп шықты.
Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуында
1933 жылы құрылған мемлекеттік терминология комиссия-
сының рөлі ерекше болды. Оның алғашқы председателі
349
профессор Құдайберген Жұбанов басшылығымен ко-
миссия мүшелері азғана жылдың ішінде қыруар жұмыс
істеген. Басқасын былай қойғанда, 1935 жылы мəдениет
қызметкерлерінің Бүкілқазақстандық І съезі өткізілер
қарсаңда жұртшылыққа ұсынылған Мемтерминком «Бюлле-
тенінің» төрт санының өзі-ақ осы кезде істелген шаруалар
жайында біраз мағлұмат береді. Термин жасау, қабылдау
принциптері ғылыми заңдылықтарға негізделіп, талас
туғызып жүрген біраз мəселенің беті ашылды. Бірыңғай
ғылыми жүйеге көшті.
Съезде профессор Қ. Жұбанов ұсынған жоба талқыланды.
Ол жобада қазақ терминологиясын жасаудың, халықаралық
терминдерді қабылдау, оларды қолдану, тұрақтандырудың
ғылыми принциптері жан-жақты қамтылған болатын.
Міне, содан бері Мемлекеттік терминология комиссия-
сы аракідік үзілістен болса да қазақ тілі терминологиясын
бірізге түсіруде үлкен жұмыс атқарып келеді. Ғылым мен
техниканың сала-саласы бойынша сан түрлі терминдер
сарапқа түсіп, мамандардың талқысынан өтіп, күнделікті
қолданысқа жолдама алды. Олардың көбі ана тіліміздің
сөздік құрамына еніп, əсіресе, ғылыми ой-пікірді өрнектеуге
жұмсалатын лексикалық байлық есебінде арнайы қызмет
атқарып келеді. Терминология шаруашылығында күнделікті
жүргізілетін осындай шаралардың нəтижесінде қазір қазақ
тілінің терминдік жүйесі біршама қалыптасып қалды деп
айта аламыз. Қай ғылым саласын қарасаңыз да өзіндік тер-
миндер жүйесі бар. Бұлар əдеби тіліміздің өрісін кеңейтіп
отырған лексикалық байлығымыз.
Термин жасау мен қалыптастыруда күнделікті баспасөз
бен баспа орындарының, радио мен телевидениенің
қызметі айрықша. Қазір əдеби тілімізге сіңісіп, байырғы
сөздер қатарына қосыла бастаған қаншама термин о баста
көпшілікке қызмет ететін осы органдар арқылы іске жараты-
лып, жүйеленген болатын.
350
Қазақ тілі терминологиясының даму көздерінің бірі
ретінде аударма ісінің жандануы да зор қызмет атқарады.
Əсіресе, марксизм-ленинизм классиктері де шығармаларын
қазақ тіліне аударуға байланысты қаншама сөздер қайта елек-
тен өтіп, бұрын бұйығы жатқан мағыналық белгілер қайта
жаңғырып, терминдік мəнге ие болды. Сөйтіп қоғамдық, сая-
си терминологияны жинақтап, жүйелеп алдық. Бұл процес-
те қазақ тілінің төл сөздері, тіпті байырғы көне лексикалық,
арабизмдер мен парсизмдерге дейін сарапқа түсті. Қарап
отырсақ, осылай саналы түрде реттеу, жүйелеу барысын-
да тіліміздің бүгінгі болмысында зор мүмкіншіліктер көзі
ашылған екен.
Кейде терминдер тасқынынан тіксініп, «тіліміз бейнелі
қасиетінен, өз табиғатынан айырылып бара жатқан жоқ па»
деп қауіп ойлайтындар да табылады. Егер əдеби тілдің қоғам
өміріндегі даму заңдылықтарына саналы көзбен қарасақ,
«бұзып-жарып» бұра тартатын пəлендей өрескелдік жоқ.
Жоғарыда ескерткеніміздей, тілдің даму өзгешелігіне орай
түзілген принциптер негізінде терминологиялық лексика
əдеби тіліміздің бір үлкен тармағы – арнасы есебінде бой
көрсетіп отыр.
Принциптер дегенде оның ең басты екі түріне назар ау-
дару қажет. Бірі – термин жасауда төл сөздерді кеңірек тар-
ту, яғни өз байлығымызды А. Байтұрсынұлынша айтқанда,
сарқа пайдалану принципі болса, екіншісі – орыс жəне ин-
тертерминдерді сол күйінде бұлжытпай қабылдау болатын.
Мұның өзі екі ыңғайда бой көрсетті. Аударуға келетіндерін
аударып, калька жасау жолымен тілімізге сіңген көптеген
терминдер бар. Мəселен, өнеркəсіп, жемшөп, бесжылдық,
Достарыңызбен бөлісу: |