Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет106/124
Дата07.02.2024
өлшемі1.84 Mb.
#491029
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   124
Əсерлену ұғымы. Нерв системасы алып келген əсерді 
жанның ұғуы, аңдуы, əсерлену деп аталады. Мысалы: 
Жан алдымен білімді осы əсерлену арқылы алады. Абай 
дегеніміз сыртқы дүниедегі бір затқа, яки ішіміздегі бір жан 
көрінісімізге – ойға, ішкі сезімге, қайратқа жанның төнуі, 
нүктеленуі деген сөз. Мысалы: Абай болмаса, біз сыртқы 
заттардан əсер алып, олармен таныса алмаймыз. Еріксіз 
абай. Біз тілемеген уақытта, яки тілегімізге қарсы бір нəрсе 
біздің абайымызды еріксіз тартса, міне осындай уақытта 
абай еріксіз абай деп аталады. Ал енді, біз өзіміз тілеп, 
бір нəрсеге абайымызды өзіміз аударсақ, міне, осындай 
уақытта болатын абай ерікті абай деп аталады. Келтірілген 
мысалдарға қарап отырып Мағжан Жұмабаевтың «... Пəн 
тілі ең əуелі қазақ халқының сөзінен ізделінсін» деген 
ұстанымға сүйенгенін байқаймыз. Мағжан кітабының Орын-
борда шыққан нұсқасында М. Жолдыбаевтың қазаққа «Пе-
дагогика кітабы қажетті білімді салқынқанды, қасаң тілмен 
жеткізетін əлдебір оқулықтардай емес-ті» десе, «Ғылыми 
тіл – абстрактілі, Мағжанша айтқанда, жалаңаш тіл. Əрбір 
пайымдауының астарынан автордың мінезін біле алмай-
мыз. Ал мына кітаптан ақын жүрегінің дүрсілі құлаққа анық 
жетеді» деп білдіреді өз пікірін Шериаздан Елеукенов.
Мағжан Жұмабаевтың дене тəрбиесі, ақыл тəрбиесі, 
сұлулық тəрбиесі, құлық тəрбиесі, жан көріністері, сезім 


342
мүшелері, бақылау, елес, ұлт тəрбиесі, əсерлену, жылулық, 
қан жүру, еріксіз қиял, ерікті қиял, ұғым, ойлау, қайрат, 
əдет, құмарлық, мінез, көру, суреттеу, қиял т.б. терминдері 
осы күні қолданылуда. 
Ал осындай дарынды тұлғалардың бірі Жүсіпбек Ай-
мауытов сол кезде психология саласынан еңбек жазған 
еді. Талай терминдерімізді қазақша сөйлете алатынымыз-
ды сөзжасамның хас шеберлері əлдеқашан-ақ дəлелдеген. 
Психология саласында əсіресе Жүсіпбек Аймауытовтың 
тəжірибесін жинақтап, кеңінен қолдану лəзім. Тілінің əсем 
əуеніндей төгілетінін айтпағанның өзінде, бір ғана «Психо-
логия мен өнер таңдау» деген еңбегінде 150-ге жуық тер-
мин қолданылып, соның он шақтысының ғана латынша атау-
ларын жақша ішінде келтіргені еріксіз таңдай қақтырады. 
Мысалы: құмартпалы (страстный), аяныш жанды (сенти-
ментальный), күйгелек (нервный), бірыңғай (монотонный), 
қадалмалы (дотошный). 
Тіліміз үшін қажет, бірақ дəл баламасы жоқ психология 
терминдері түсіндіруінде сөз шеберінің қалдырған мұрасын 
кеңінен қолданудамыз, тіптен осылай іркіліссіз аударуды 
үйренуіміз керек. Жан тамыршысы (психология), ыстық 
қанды (сангвиник), салқын қанды (флегматик), қызбалы 
(холерик), кейін тартпа (реакционный), ескі пікірлі (кон-
сервативный), үмітшіл (оптимист), көпшілдік (альтуризм), 
мұратшылдық (идеализм) т.б.
Өзіміз қозғап отырған кезеңде жарық көрген еңбектері-
нің бірі – «Өсімдіктану». Тұңғыш биолог-ғалым Жұмақан 
Күдерин бұл оқулықты 1927 жылы Москвадан басып 
шығарды. Ж. Күдериннің «Өсімдіктану» еңбегінде 300-ге 
жуық қазақ тілінде жасалған өсімдік атаулары кездеседі. 
Оқулықтың алғы сөзінде жазған биолог-ғалым Қабділрашит 
Қайым кітаптың ғалымдар мен мұғалімдердің іс жүзінде кең 
пайдаланып, жетекші құрал етуіне таптырмайтын қомақты 
еңбек екенін айта келіп, биология ғылымының докторы 
Ғ.З. Бияшев пен А. Алманиязовтың пікірлерін келтіреді. Онда 
«Биолог-ғалым Ж. Күдериннің «Өсімдіктану» кітабы қазір-


343
дің өзінде маңызын жоғалтқан жоқ. Ол əлі де болса қазақ 
арасында өсімдік өмірі жөнінде ғылыми білімді таратудың 
өте құнды құралы болып табылады» делінген. 
Бір ғажабы, қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтарда қаймағы 
бұзылмаған ана тіліміздің байлығы термин жасауда ұтымды 
пайдаланылған. 
Кезінде ұлт тілінде термин жасаған ұлт зиялыларының 
тілді жақсы білумен қатар, осы тілдің заңдылықтары мен 
сөзжасам тəсілдерінен хабары мол болғанын байқауға бо-
лады. Оған А. Байтұрсынұлының, Е. Омарұлының, Н. Төре-
құлұлының, М. Жұмабайұлының, Ж. Аймауытұлының, Ха-
лел Досмұхамедұлының, Ж. Күдериннің, С. Қожанұлының, 
Т. Шонанұлының т.б. өткен ғасыр басындағы қазақтың 
тілінің қалыптасуына атсалысқан алаш азаматтарының жа-
саған терминдері мен жазған еңбектері дəлел бола алады. 
Қазіргі кездегі терминологиялық лексиканың жасалуы 
мен қолданылуы, қалыптасуы мен дамуы, сонау 1920-30 
жылдары А. Байтұрсынұлы бастаған қазақша терминжасам 
үлгілерінің, принциптерінің, қағидаларының жалғасы деп 
айтуға болады. 
1920–1930 жылдары шет сөздерге ана тілінен балама 
табуға ұмтылу əрекеті басым болғанын сол кезеңдерді са-
лыстыру, зерттеу арқылы көз жеткізіп отырмыз. Бұл кезеңде 
дəуір зиялыларының ұлт тіліне баса назар аударуы қазақ 
тілінің мəртебесін жоғарылатты. Мұндай сөз тасқыны қазақ 
тілінің тарихында бірнеше дүркін болған болса, бұл күнде 
халқымыз тіл, термин мəселелерінен қиналмайтын еді. 
Олай дейтініміз ұлт тіліне деген жаңаша көзқарастың сипат 
алуына, тілдің төл қоры арқылы жаңа атау, терминдер жа-
сау, қайта құрау процесінде олардың қазақыланған атаула-
рын жасауда, тілдің төл мүмкіншіліктерін іздестіруде 1920 
жылдарда тілімізде пайда болған терминдеріміздің өзіндік 
ерекшеліктерін зерттеудің маңызы ерекше. Бұл кезеңді тер-
мин дамуының өз алдына бір дəуірі, үлкен тарихи кезеңі 
деп қарау орынды. Өйткені, ол бүгінгі таңдағы білім тер-
миндерін жүйелеуде негізгі нысана болмақ. 


344
«Пəн тілі ең əуелі қазақ халқының сөзінен ізделінсін» де-
ген ұстанымға сүйенген кезеңнің тəжірибесі бүгінгі терми-
нологияны ана тілінде дамыту үрдісіндегі негізгі тірек болуы 
тиіс. Соңғы тұста жарық көріп, кейін қалыс қалған атаулар 
өте көп. Ал оларды қайта жаңғырту, сол дəуір зиялыларының 
термин жасау шығармашылығындағы əдіс-тəсілдерін зерт-
теу бүгінгі тіл мамандарының міндеті. Олай болса, «Ескі 
сөз – жаңа сөздің түп қазығы» дегендей, 1920–30 жылдарда 
білім саласындағы терминдерге назар аударып, əдеби тілдің 
кəдесіне жарайтын баламаларды актив сөз қатарына қосу 
керек. 
Қорыта айтқанда, жат сөздердің орнына жұртшылық 
жылы қабылдайтын, болашағы зор жаңа қазақша балама 
қалыптастыру, оның заңдылықтарын ашу, оған үн қосу – бір 
адамның емес, бəріміздің міндетіміз. Ол үшін қазақ тілінің 
сөз байлығы, көне замандардан келе жатқан байырғы сөздік 
қорын жан-жақты пайдалануымыз қажет. 
Өткеннен сабақ алмаған өнер де, білім де алға басып 
өркендемек емес. Олай болса А. Байтұрсынұлы, Х. Досмұ-
хамедұлы, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Қ. Жұбанов т.б. 
тəрізді біртуар асыл азаматтардың педагогикалық еңбекте-
рін қайта қарап, қайта енгізу бүгінгі ұстаздар міндеті. Ал 
1920–30 жылдардағы термин жасау тəжірибесін зерттеу – 
қазіргі терминологияның сан салалы сауалдарына үлесін 
қосар бірден-бір дұрыс нысана. 
Сөз соңында Ə. Кекілбаевтың мына сөзіне назар аудар-
ғанды жөн көрдік: «Арғы-бергідегі арманда кеткен баба 
буынның, бүгін ортамызда жүрген аға буынның халқымыз-
дың осы күнге дейін аман жетіп, өніп, өрбуіне, өсіп-
өркендеуіне қосқан қай үлесін де əділ бағалап, олар салған 
игі дəстүрлерді жемісті жалғастырып, жеткен жетістіктерді 
одан əрі дамытып, жете алмай кеткен жеңістеріне батыл 
құлаш сермеп, шеккен тауқыметтерінен тиісті қорытынды 
шығарып, алға жылжуымызға септігі тиер шарапатты та-
ғылым ала білсек қана, аузымызға алалық, ісімізге шалалық 
кірмесі даусыз». 
Бұл мақаланың да көздеп отырған негізгі мақсаты осы. 


345


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет