37
сол байырғы сөздердің екінші терминологиялық мəнінің
екіұдайлық танытып, мағынаны алып қашпай, құрылымдық
жағынан табиғиланып, орфографиялық жазылымы тұрғы-
сынан да бірыңғайлық пішінде тұрақтануы.
Өзінің қолданыс қызметі жағынан дамудың өзгеше
сапалы да жаңа жолына түскен қазіргі қазақ тілінің
А. Байтұрсынұлының терминжасам тəсілдері жəне сол тер-
миндердің өзі тəуелсіз мемлекеттер қауымдастығы жəне
бүкіл түрік жұртшылығы үшін таптырмайтын үлгі
болары
сөзсіз. Біздің байқауымызша, А. Байтұрсынұлы еңбектерін-
де терминжасамның лексика-морфологиялық жəне морфо-
логиялық-синтаксистік тəсілдері басымдау тəрізді. Жаңа
терминдердің бүкіл болмыс-бітімі түгел көрінетіндей мы-
сал іріктеледі де, ол контекстуалдық жағдайда, яғни мəтін
(текс) ішінде беріледі. Сөйтіп, оның бар мəністік
табиғаты
өте айқын, анық көрінеді.
Терминжасамның лексика-морфологиялық тəсілі жеке
сөздерді мəністік-морфемдік жағынан түрлендіруді қам-
тыса, ал морфологиялық-синтаксистік тəсіл сөздерді бірік-
тіру жағына бейім. А. Байтұрсынұлы бұл екі тəсілді де қазақ
тілінің ерекшелігіне лайықты шебер қолданады. Əсіресе,
оның сөзжасам элементтері – қосымшаларды іске қосуы
айрықша. Шынында, терминжасамда А. Байтұрсынұлы пай-
даланған тəсілдердің ішінен қазақ тілінің жалғамалы құ-
рылымы – негізгілердің бірінен саналса керек. Мұны ол
арнайы кесте түрінде анық көрсетіп отырады.
Термин жасаудағы өнімді тəсілдің бірі сөз тіркестіру бо-
лып саналады. Ол мұны да өте тиімді пайдаланады. Құрамы
бір компонентті терминдер ойдан шықпай жатқан тұста, екі
не үш компоненттен тұратын сөз тіркесіне көз тігеді. Осы
тəсілмен жасалған терминдер саны едəуір. Міне, сондықтан
А. Байтұрсынұлы еңбектерінде кездесетін осындай көп ком-
понентті терминдер табиғатын тексере отырып, біраз жайт-
ты анықтауға болады. Əсіресе, бұлардың лексика-семантика-
лық (мəністік) құрылымын жан-жақты қарастыру қажет-ақ.
38
Ғалымның ғылыми мұраларын
алдын ала қарастыру ба-
рысында дəл осы тектес терминдердің лингвистика саласын-
да молырақ кездесетінін байқадық.
Егер қазіргі тіл білімі саласындағы термин жасам
тəсілдерінде көбінесе калькалау мен интернационалдық
терминдер қабатын құрайтын кірмелер көбейіңкіреп
тұрғандығын ескерсек,
жалпы халықтық тіл лексика-
сын терминдендіру үлгісін емін-еркін қолданған А. Бай-
тұрсынұлы тəжірибесін зерттеудің маңызы зор. Мəселен,
Достарыңызбен бөлісу: