Терминологиясы


Араб-парсы термин сөздері



Pdf көрінісі
бет24/124
Дата07.02.2024
өлшемі1.84 Mb.
#491029
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   124
Араб-парсы термин сөздері
Қазақ тіліндегі араб-парсы элементтері дегенде, алды-
мен, мынадай жағдайды ескеру керек. Кейбір зерттеушілер
28
пікіріне қарасақ, қазақ тілінің сөздік құрамындағы қайсыбір 
сөздер төркіні араб-парсы элементтері деген ұғымды ай-
ырып түсінуді қалайды. Осының жөні бар деп ойлаймыз. 
Өйткені араб тілінен гөрі парсы тілі элементтерінің тіліміз-
ге бұрынырақ енгенін дəлелдейтін тарихи, экономикалық, 
мəдени деректер мұны айқын аңғартады. Осындай дерек-
терді, ғылыми топшылауларды сарапқа сала отырып, араб 
тілі зерттеушісі Л. Рүстемов мынадай қорытынды жасаған: 
«Түп төркіні иран тілдес болып келетін сөздердің түркі 
халықтарының тіліне ауысуы, парсы жəне түркі тілдерінің 
өзара инфильтрация жасау процесі ертеректе, арабтар 
мұнда келмей тұрған кезде – араб мəдениетінің гүлденуінен 
əлдеқайда бұрын басталған»
29
. Дəл осы пікірді біз С. Иса-
ев еңбегінен
30
де кездестіреміз. Ол осы туралы өз ойын тү-
йіндей келіп: «...араб, иран тілдерінің əсері дегенде, иран 
тілдерінің əсері араб тілдерінен гөрі ертерек басталатынын 
да жоққа шығармаймыз», – деп жазады. Араб, иран тілінен 
енген кірме сөздердің қазақ тіліне ену мерзімін Л. Рүстемов 
аталған еңбегінде екі кезеңге бөліп қарайды: бірінші кезең – 
28
Рүстемов Л.З. Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері. Алматы, 
1982. 44-45-бб.
29
Сонда. 45-б.
30
Исаев С. Қазақтың мерзімді баспасөз тілінің дамуы. Алматы, 1983. 112-б.


84
XV ғасырға дейінгі шақ, екінші кезең – XV ғасырдан Қазан 
төңкерісіне дейінгі уақытты қамтиды. Жалпы, бұрынғы-
соңғы ғылыми əдебиеттер мен қазақ тілі сөздік құрамын-
дағы араб, парсы сөздері 17 процент (Л. Рүстемов) шамасы 
болады екен. Өзге түркі тілдеріне, оның ішінде, өзбек, та-
тар тілдеріне қарағанда, қазақ тілі құрамында араб, парсы 
сөздері аз дегеннің өзінде осыншама. Мұның өзін де жүйе-
леп қараған дұрыс. Қайсыбір зерттеушілер айтқандай, 
бұлардың біразы ертеректе қазақ халқын құраған тайпа-
лар тіліне еніп, түбірлі өзгеріске душар болған адам, ажал, 
əдет, дəулет, құдірет, мезгіл, сабын, уақыт, халық тəрізді 
сөздер. Аталған сөздердің дыбыстық тұлғасы қазақ тілінің 
заңдылығына бағынып, тілімізге төл сөздер қатарында 
баяғыда қосылып, əбден кірігіп кеткен. Ал енді ғибрат, 
ғайбат, мехнат, махрұм, еждиһат тəрізді сөздер бір кезде 
діни ұғымдар арқылы немесе кітаби лексикада қолданылған. 
Бір қарағанда, бұлар да фонетикалық өзгеріске ұшыраған 
сияқты. Содан да болар, кейде осы тектес сөздердің негізінен 
алыс кете алмай, қазақ тілі лексикасының заңды түрде 
қатарына жете алмай, екі арада жүрген əрі-сəрі сөздерді 
қайсы біреулер қолдануға əуес. Бірақ ескілікті көксегіш 
адамдардың аузында əлі күнге жүргенмен, бұлар тілімізге 
сіңе алмай, сөздік құрамға ене алмай келеді.
Зерттеушілердің қай-қайсысы да араб, парсы элемент-
терінің қазақ тіліне тікелей қоян-қолтық араласу нəтижесін-
де емес, көршілес туыс халықтар арқылы сатылап жеткенін 
баса айтады. Сонда байқалатын бір жəйт, араб халифатының 
діни шабуылы қазақ еліне екі жақтан, яғни бірі оңтүстіктен, 
екіншісі батыс жақтан болғанға ұқсайды. Оңтүстікте өз-
бектер арқылы, батыста татарлар арқылы сөздер ауысып 
отырған. Кірме сөздер құрамы жағынан əр алуан. Біразы 
үй тұрмысына, басқа да шаруашылыққа байланысты болса 
(айна, атырап, бадам, базар, байрақ, батпан, орамал, перне, 
таба, таға, торап), енді бір алуаны мəдени жəне ғылыми 
ұғымдарды білдіреді (дəуіт, дəптер, дəреже, дүние, қалам, 


85
қағаз, мектеп, медресе, мағлұмат, мереке, емтихан, ғалым, 
ғылым, пəн, кітап, тарих т.т.). Діни ұғымды білдіретін 
аруақ, аят, бейіт, дəрет, намаз, ораза, құдай, құдірет, күнə, 
мəйіт тəрізді сөздер де бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет