94
ден қолданылып келе
жатқан сөздерді жаңа мағынада, иə
үстеме мағына, мағыналық реңк қосып жұмсау.
Бұлардың
қолдарын қойдырған соң, өзлары жазу білген (грамотный)
үш адам қол қойуы тиіс. Бұл үш адамды гуалар (свидете-
ли) деп атайды (Сонда. №6. 120-б.).
Бұлар (молдалар –
Ө.А.)
бала оқуты бағартады деугеде болмайды, не ушун десеңіз
балаға тағлим берерлік молла екеңнің ғылыми нысабқа тол-
маган (Сонда. 1914, №5, 85-б.).
Əдебиет кеші, серік (товарищество),
кеңес (совеща-
ния),
астаһа (публика) т.б. сияқты жаңа сөздер немесе
жаңа мағынада қолданылған сөздер көптеп кездеседі. Сырт
қарағанда,
куə сөзінің «Айқап» қосқан жаңа мағынасы жоқ
сияқты. Өйткені қазақ тілінде бұдан бұрынғы дəуірлерде
де
куə сөзі бір нəрсеге
айғақ болушы, растаушы деген
мағынада қолданылып келген. Бірақ бұл жерде куə жалпы
айғақ болушы ғана емес, ресми айғақ болушы мағынасында,
яғни терминдік мəнде қолданылып отыр. Ол адамдар куə
болғандығы үшін қол қоюы керек.
Ағарту етістігі бұрын
өзінің тура, ақ түске айналдыру мағынасында қолданылып
келсе, бұл жерде үйрету, сауаттандыру, оқыту мағынасында
жұмсалған.
Ағарту етістігінің дəл осы мағынада əдеби
тілімізде тұрақтануында «Айқап» журналының қызметі
ерекше.
Жалғыз бұл емес, оқу-ағарту саласында журнал
сан алуан жаңа сөз енгізді. Оның көбі-ақ ана тіліміздің
ішкі мүмкіндіктерінің негізінде жасалып отырды. Ол, бір
жағынан, «Айқап» журналының халқымызды оқу-ағарту
ісіне шақырып, сол жолда елге қызмет етудегі мақсат-
бағытынан да айқын көрінеді.
Халық арасында оқу, білім
алу ісін өркендету, əсіресе ескі мұсылманша оқудан гөрі,
жаңаша, еуропа халықтарынан үлгі-өнеге алу, сол жол-
да оқу сияқты мəселелер «Айқап»
журналының көтерген
өзекті проблемаларының бірі болып саналады. Тіпті
«Айқап» журналының оқу-ағарту ісін, халықтың білім алу
қажеттігін сөз етпеген бірде-бір нөмірі жоқ деуге болады.
95
Журнал қазіргі заманда ел болудың кілті – білімде,
өнерде, оқуда деп уағыздады. Сондықтан да оқу-ағарту са-
ласына байланысты сөздерді мейлі ол кірме сөз болсын,
мейлі жасанды лексема болсын, «Айқап»
журналының
көптеп қолдануы заңды да. Өзге мысалдарды да осылайша
талдауға болады.
Нисап сөзінің қазіргі
қанағат, тойымдық
мағынасынан гөрі
шегіне жету, білімі толысу, білім дə-
Достарыңызбен бөлісу: