96
өлеңінде кездесетін:
Есік алды қарасу Майдан болсын жар-
жар, дегендегі майдан осыны көрсетеді.
Майдан сөзінің
бұл мағынасы Абай шығармасында да кездеседі.
Астында
дария – көк майдан? Үстінде сəуле – алтын күн.
Демек, «Айқап» тілінде
майдан сөзінің
талқы, талас,
көптің пікірі, жариялау, пікірталасы сияқты мағыналарда
қолданылуына таңдануға болмайды. Бірақ бұлай қолдану-
дың өзі тұрақты бола бермейді. Жоғарыдағы үш сөйлемдегі
майданның бір-бірінен ептеген болса да мағыналық
өзгешеліктері бар. «Айқапта» кейде бұның орнына басқа сөз
де қолданылып отырады.
Мысалы, бұл істердің барлығының
дахата екендігі айтылыб, ...ел болыб мынадай пригавор
бойынша іс жургізілуге қаулы қылысды («Айқап», 1915,
№5, 76-б.). Бұл жерде
əшкерелеу, жұртқа жариялау, жұрт
талқысына салу мағынасында халық (жұрт) майданына қою
тіркесімен синонимдес қолданылған.
«Айқап» журналының сөзқолданысындағы тағы бір
ерекшелік, əдетте, көп қолданыла бермейтін, бірақ əдеби
тілде
бар сөздердің, сондай-ақ көне түркі тілінде, жазба
мұраларда молынан қолданылған, көне формалы сөздерді
жандандыра түсу тенденциясының байқалуы. Мысалы,
кісі
құны жүз түйе деб, жүз түйеге баһала бекі жүз байтал
кескі қылды («Айқап», 1913, №2, 41-б.).
Казақдан миллионер
бай жоқ: шебер муһандес (
ар. құрылысшы, архитектор, гео-
метр –
Ө.А.)
жоқ, маһир доктор жоқ, адал адвокат жоқ,
бұл неден? (Сонда. 1912, №8, 203-б.)
Мубада (
п. əлдеқалай,
кейде бір –
Ө.А.)
оқуб, жеңсігі басылған біреуде бар болса,
хабарын білсем, пұлын телеб алар едім (Сонда. 1913, №8,
185-б.).
Кескі, майыр, жеңсік сөздері қазіргі жазба əдебиетте
қолданылмай, ұмыт қалып келе жатқан сөздер деуге бола-
ды.
Кескі сөзі қазіргі қолданылып жүрген
үкім дегенмен си-
нонимдес, бірақ екеуінің айырмашылығы да жоқ емес. Бұл
екі сөз екі дəуір тіршілігіне байланысты. Кескі – көне за-
ман төрелігіне байланысты болса, үкім жаңа заманның заң,
97
құқық органдарының ісімен байланысты. Мағыналық жағы-
нан
үкім сөзі айыптап та, арашалап та қабылданған шешім
болса,
кескі – айыптап қабылданған шешім. Бұл – қазақтың
төл сөзінен жасалған шешім, қазақтың төл сөзінен жасалған
етене лексема.
Кес деген етістік түбірге зат есім тудыратын
Достарыңызбен бөлісу: