Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет38/124
Дата07.02.2024
өлшемі1.84 Mb.
#491029
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   124
кітап, жұрт – ұлт т.т.
Рəсім атауы тілімізге екі түрлі мағынасында енген бе 
деп шамалаймыз: сурет – сызылған жоспар, жоба жəне 
ереже, дəстүр, салт. «Айқап» журналы бұл сөзді алғашқы 
мағынасында қолданған. Бірақ қазақ тілінде соңғы мағы-
насы біршама тұрақтаған, сондықтан мысалдағыдай рəсім 
сөзінің «Айқап» қолданған сурет мағынасы кейін қолданыс 
таба алмады. Жанаблары, мұхтарам, мархаба сөздерінің 
қолдануында кейбір ерекшелік те жоқ емес. Жанаба – ұлы, 
құдіретті, ұлы мəртебелі тақсыр; мұхтарам – қадірлі, 
құрметті; мархаба – хош келдіңіз, жақсы ниет білдіру 
сияқты мағыналарда қолданылатын араб сөзі. «Айқапта» 


113
жанабалары сөзі бұл кездегі жəне бұдан бұрынғы уақыт-
тағы ресми қағаздар, хаттар, құжаттар тілінде кездесіп
хазіретлері сөзінің баламасы ретінде қолданылған. Бұлай 
қолдануда бір жағынан араб, иран тілдерінің ықпалы бол-
са, екінші жағынан орыс тілінің де əсері жоқ емес. Өйткені 
бұл сөздер ұлы мəртебелі деген мағынада орыс тілінде жиі 
қолданылып келген его превосходительство сияқтылардың 
баламасы ретіңде жұмсалып тұр. Тазбер сөзінің негізгі 
мағыналары басқарма, кеңес, бұйрық, құрылыс, жоспар, 
шара. Бұл сөз 1920 жылдардағы мерзімді баспасөз тілінде 
де жұмсалған. Мағлым сөзі өкіл, махым сөздері сияқты осы 
тұлғасында да, мəлім тұлғасында да əрдайым тілден мықтап 
орын алды. Дəулет сөзінің қазақ тілінде дүние, мүлік, 
байлық мағынасы бар да, «Айқап» қолданған мемлекет, 
мемлекеттік, дəулет думасы мағынасы енбей қалды.
Қазіргі көптеген түркі тілінде соңғы мағынасы да бар 
(«Айқаптың» дəулет сөзін мемлекет мағынасында қол-
дануы басқа түркі тілдерінің əсері болуы керек). Бірақ бұл 
қолдану «Айқап» тілінде жүйелі емес, өйткені кейде оның 
орнына орысша нұсқасы да жұмсалды.
Министерство юстиции (қазылық уəзірі) – Министрлер 
кеңесіне Государственный думаның қарауына кіргізу үшін 
Ташкендски судебный округде һəм Ақмола, Сəмипалат об-
лусларында мировой судьелар һəм сол жерлердегі окружной 
содларда товарищ прокурорларын көбейту хахында про-
ект кіргізібді («Айқап», 1913, №2, 40-б.). Бұл сөйлемдерде 
тек орыс тілінен енген сөздер ғана емес (мысалы, Государ-
ственный), сонымен бірге сол сөздердің қазақ тілінде жана-
са бермейтін орыс тіліндегі түр-тұлғалары, тіпті тіркестік 
үлгілері қолданылған: -ной, -ный, -ств тұлғалы есімдер 
(Министерство юстиции). Тіркес орыс тіліндегі күйінде 
алына салынған, болмаса қазақта анықтауыш (юстиции) 
анықталатын сөзінен (министерство) кейін еш уақытта 
тұрмайды. Əрине, бұлардың ішінде сөйлесу тілінде миро-
вой судья сияқты қалыптасып кеткендері де бар.


114
Жоғарыдағы мысалда хұқы – право, ерік, матбуғат – 
жария органдары, баспасөз (негізгі мағынасы басылып 
шыққан) ғали-тахсил – ұлы жиын, көп білім, рухани азық, 
сахифе – кітаптың беті, парағы мағыналарында жұмсал-
ған. Бұлардың кейбіреулері (мысалы, хұқық) кейінгі жыл-
дардағы баспасөз тілдерінде де қолданылып отырады.
«Айқап» журналында бұл сөздің қолданылуындағы тағы 
бір ерекшелік – олардың стильдік қызмет атқаруымен бай-
ланысты деп қараған жөн. Жоғарыда ол сөздердің біз 
көрсеткен баламалар мен мағыналары «Айқап» қолданған 
сөйлемдерде толық эквивалент бола бермейді, кейбір экви-
валент болған күннің өзінде де «Айқап» қолданған кірме 
сөздердің біразы, белгілі мағыналық реңк, стильдік бояу 
беріп тұрады. «Айқап» беттерінде (жоғарыдағы мысалда 
мағлұм – мəлім емес, халал – адал емес) түпкі түр-тұлғасын 
сақтай қолданылған. Шөңке біреуден біреу тағлым алуб ба-
лаларын оқыта басдар («Айқап». 1912, №14, 306-307-бб.). 
Ғарзамызға муфик май айында жер өлшеушілер шығуб, 
жерімізді өлшеб планның алды (Сонда. 1912, №12, 274-б.). 
Қай халық түсініб ғамал етеді, қай халық түсінбей зарар 
етеді (Сонда. 1913, №11, 245-б.). Мысалдағы тағлым, ғарза, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет