Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет36/124
Дата07.02.2024
өлшемі1.84 Mb.
#491029
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   124
балар адамдарды алып жүреді. Мұны трамвай деп атайды 
(Сонда. 1912, №6, 135-б.). Мысалы, газет-журнал, сынау-
тəжірибе, мектеп-медресе, низам-бұйрық, заң-закон, жол-
жоспар сияқты қос сөздер бұдан бұрынғы жазбаларда 
кездеспейді. Мүмкін, бұлардың кейбіреуі сөйлеу тілде 
жүйесіз қолданылған да шығар. Бірақ «Айқап» оларды са-
налы түрде өз беттерінде қолданды. Бұлардың біразы газет-


107
журнал, кейінгі баспасөз тілінде орнығып қалса, кейбіреуі 
жазба əдеби тілден шығып қалды. Медресе, низам, закон 
сөздерінің əдеби тілден орын ала алмай, бір кездегі архаизм-
дер болып қалуына байланысты бұйрық, жоспар сөздерінің 
кейінгі кездерде мағынасы өзгеріп, сараланып тұрақталуы 
нəтижесінде мектеп-медресе, низам-бұйрық, заң-закон, жол-
жоспар қос сөздері осы күйінде жазба тілге сіңісіп кетті дей 
қоюға болмайды. Дегенмен «Айқаптың» бұл тенденциясы
яғни көптеген ұғымдарын атаулық тіркестер арқылы беру, 
терминдік мағынадағы тіркестер жасау, кейінгі кездердегі 
мерзімді баспасөз тілінде ілгері қарай дами түсті. Тіркес 
құрамындағы кейбір сөздердің арасы жақындасып, бірігіп 
кетті. Сөйтіп, олардың біразы жаңа сөз жасаудың тағы бір 
түріне, сөздерді біріктіріп қолдануға мүмкіндік туғызды. 
Мысалы, баспа сөзі, өнер кəсібі дегендер, міне, сондай эво-
люцияны басынан кешірді. «Айқап» тілінде бұлар біріккен 
сөз емес, изафест үлгісімен құралған атаулық (яғни бір ғана 
заттық мағынаны білдіретін) тұрақты тіркестер. Кейінгі 
кездердегі мерзімді баспасөз тілінде бұл тіркестер баспа-
сөз, өнеркəсіп тұлғасына өзгеріп, біріккен сөз болып кетті. 
Протест сөзінің мағыналық ерекшеліктерін толық қам-
ту мақсатында қатты қағаз деген тіркес алынған. Бірақ 
бұл тіркестің терминдік мəні сол болғандықтан, тіркеске 
түскен екі сөздің мағыналық үйлесімділігі мен олардың 
беретін мағыналары толық ескерілмегендіктен, тіркес бұл 
тұлғасымен жазба əдеби тілге сіңбей қалды. Қатты қағаз 
деген тіркес өзінің тура мағынасында (қағаздың өз сапа-
сы) қолданылатындықтан, протесті толық бейнелеп бере 
алмады. 
Ал жер министрі үлгідегі тіркес кейінгі кезеңдерде кең 
өріс алды. Жаңа атаулардың келуімен байланысты осы 
үлгіде терминдік мағынада көптеген жаңа тіркес туды: қара 
металлургия министрлігі, оқу-ағарту министрлігі т.с. 
Отарба, откеме, электрарба тіркестері орыс тіліндегі 
поезд, пароход, трамвай терминдерін беру үшін қолданыл-


108
ған. Бұлардың кейбіреуі бұдан бұрынғы жазбаларда да 
ұшырасады. Бірақ оларда да бірыңғай емес, əр тұлғада 
кездеседі. Орыс газеттерінде: «Ташкентке темір арба жү-
руге қайсыбір жол жақсы болар» (ТУГ. 1876, 17 маусым) 
деп жазылыпты. Орынбордан Түркістан жағынан жүретұғын 
отарбасын шақырыпты (ТУГ. 1818, 17 сəуір).
Ең алдымен қазақ тілінде поезд деген ұғымды беру үшін 
отарба сөзі қолданылады. Кейін осының үлгісімен откеме
ал «Айқап» бетінде электрик, арба сөздері туды. Бұлардың 
кейбіреулері 1920 жылдардағы мерзімді баспасөз тілінде де 
жиі қолданылып отырды, бірақ бұлар соңғы кездегі мерзімді 
баспасөз тілінде, сондай-ақ жалпы жазба əдеби тіліне ен-
бей қалды. Кейін орыс тіліне енген сөздердің өзін алу үл-
гісі де болды (поезд, пароход, трамвай). «Айқап» тілінде 
атаулық тіркестер орыс тілінде бір ұғымды заттың атын 
білдіретін жеке сөздің я біріккен сөздің орнына алынды. 
Бұндай принцип кейінгі кезеңдердегі мерзімді баспасөзде 
кеңінен пайдаланыла бастады. Соның нəтижесінде қазіргі 
жазба əдеби тіліміздің қажетін өтеп, көптеген жаңа атаулық 
терминологиялық тіркеспен біріккен сөздер пайда болды.
XX ғасырдың бас кезіндегі мерзімді баспасөз беттерінде 
ауызекі сөйлеу тілінің (диалектизмдер) элементтері де кез-
десіп отырды. Сөйлеу тілі элементтерінің сипаты күрделі 
болып келеді. Бірде жазба тілде қолданыста болатын сөз 
қайталаулар немесе тек ауызекі сөйлескенде кездесетін 
қыстырма сөздер болса, бірде сөйлем құрамы өзгеріп 
келеді. Бұл кездегі мерзімді баспасөз тек қазақ тілінің ішкі 
мүмкіндіктерін сарқа пайдаланумен ғана шектеліп қойған 
жоқ, сонымен бірге жаңа ұғымды бейнелеуде бөтен тілден 
сөз алу процесінде мықтап дамытты. Бұдан əрине, сол 
кездегі газет-журналдар қабылдаған шетел сөздерінің бəрі 
сол күйінде толық қабылданып, жазба əдеби тілге бүтіндей 
сіңісіп кетті деген қорытынды тумайды. Əңгіме жалпы 
бағыт, баспасөздің ұстаған тенденциясы жайында болып 
отыр. Жəне бұл процесс ертеден бері болып келе жатқан 


109
тілдік құбылыс екенін де ұмытуға болмайды. Əдетте, қазақ 
тіліне ауысқан сөздерді үш топқа бөледі. Олар моңғол 
тілдерінен ауысқан сөздер, араб-иран тілдерінен ауысқан 
сөздер жəне орыс тілінен не орыс тілі арқылы келген сөздер. 
Қазақ тіліндегі бұл үш топқа жататын кірме сөздердің 
əрқайсысына тəн өзіндік ерекшеліктері, сипаты бар. Моңғол 
тілдерінен енген деп жүрген тілдік элементтер, негізінен, 
тікелей қарым-қатынастың нəтижесінде сөйлеу тілі арқылы 
ауысқан немесе түркі, моңғол тілдеріне ортақ, немесе 
моңғол тілінен моңғол тіліне ауысқан сөздер. Олар XX ға-
сырға дейін тілімізге біржола сіңісіп, төл сөзіміз болып 
кетті, болмаса жазба тілімізге енбей, сөйлеу тілден ұшты-
күйлі шығып қалды. Ал XІX, XX ғасырларда моңғол тілі 
қазақ тіліне əсер ете қоймады. Сондықтан бұл кезеңде қазақ 
тіліне моңғол тілінен енген сөз жоқ деуге болады. Оның 
əртүрлі өзіндік себептері бар. 
Моңғол, қалмақ халықтары мен қазақ халқының əртүрлі 
қарым-қатынасы бұрынғыдай болмады. Қазақстанның Ре-
сейге қосылуымен байланысты екі арадағы жаугершілік, 
шапқыншылық тоқтады. Моңғол, қалмақ тілдері қазақ 
тіліне қарағанда, саяси-əлеуметтік, ғылым мен мəдениет, 
экономикалық ұғымдарды білдіру жағынан ілгері да-
мып, ықпал етерліктей дəрежеде емес еді. Сондықтан 
бұрынғы дəуірлерде еніп, қазақ тілінің байырғы сөзі болып 
кеткендерін есептемегенде, XІX жəне XX ғасырлардағы 
қазақтың мерзімді баспасөз тілінде моңғол тілінен енген 
сөздер жоқ деуге болады. Жалпы, моңғол тілінен енген 
сөздерді біздің тілшілеріміз жиірек сөз етіп, осы пікірді 
тұрақтандыра бастаған түрі бар. Ал біздіңше, бұл түбегейлі 
зерттеліп, əбден көз жеткізілген пиғыл емес. Əңгіме болып 
отырған сөздер моңғолдың да, қазақтың да əлі халық болып 
қалыптаспаған кезеңіне тəн. Олай болса, бұларды бір тілден 
екінші тілге ауысқан элементтер деп дəлелдеудің өзі əбес. 
Сондықтан бұларды екі тілге де ортақ сөздер деп қараған 
жөн. Зерттеу жұмыстарын осы бағытта жүргізген дұрыс.


110
Ал араб, иран тілдерінің ықпалы бұдан мүлде өзгеше. 
Бұл халықтармен қазақ халқының арасында тікелей қарым-
қатынас болған жоқ. Əрине, қазақ халқының құрамындағы 
кейбір рулардың ерте замандарда бұл халықтармен бай-
ланысы болғанмен, кейінгі кезеңде, тіпті ортағасырлық 
дəуірде, қазақтың халық болып қалыптасқан кезеңінен 
бері қарай, тікелей қарым-қатынастың болмағаны айқын. 
Араб, иран тілдерінің қазақ тіліне тигізген əсері тікелей сөз 
алу емес, ол екі түрлі жағдайда көрініс беріп жатты: бірі – 
қазақ халқы жеке жұрт болып бөлінбей тұрған кездегі 
тигізген əсер-ықпалдың қалдығы немесе орта ғасырдағы 
түркі əдеби тілінің əсерлері, екіншісі – кейінгі кезеңдерде 
көбіне дін, діни оқумен байланысты көрші отырған түркі 
халықтарының (мысалы, өзбек, татар т.б.) тілдері арқылы 
енген сөздер. Араб, иран тілінің көптеген сөзі қазақ тіліне 
сіңісіп, байырғы сөздер қатарына қосылды. Енді бір 
сыдырғысы тек ескіше оқығандардың сөйлеуінде, жаз-
ба тілде ғана қолданылып отырды. Бұл екі жағдайда да 
кірме сөздер бірде өздерінің о бастағы мағынасында ғана 
жұмсалса, енді бірде жаңа мағына я мағыналық леп үстеліп 
отырды. Мысалы, кітап о баста тек діни кітаптар болса, кейін 
мазмұнына байланысты болмай, жалпы кітап атаулының 
жинақтық атауына айналды. Ол бірден қалыптасып кеткен 
жоқ, бірте-бірте жиі қолданыс нəтижесінде сіңді.
XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы жаз-
ба материалдарға назар аударсақ, діни емес немесе орыс 
тілінде жазылған кітаптар, кейде оқулықтар, біраз уақыт 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет