115
жаттығын жойып, байырғы сөздеріміздің қатарын тол-
тырды.
Рəсім – ресми, сауал, мағұлым, өкіл, халал, адал,
мақұрым сияқтылар дəл сондай сөздер. Бұлардың арасын-
да қолданыла келе кейін өзінің терминдік өрісін тауып,
тұрақтанған
рəсім сияқты сөздер де бар.
XX ғасырдың бас кезіндегі мерзімді баспасөз тілінде
күнделікті қолданылып отырған кірме сөздердің ең үлкен бір
тобы – орыс тілінен тікелей енген я орыс тілі арқылы кірген
шет тілдер сөздері. Орыс пен қазақ (түркі)
халықтарының
арасындағы байланыс, қарым-қатынас, сондай-ақ сөз ауысу
процесі сонау ерте замандардан басталатыны анық. Ол
мəселе көптеген жазба деректер негізінде дəлелденіп те
отыр. Ал XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың публицис-
тика тілінде күнделікті қолданылып отырған орыс тілінен
кірген сөздердің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол ерекшелік, ең
алдымен, сөз ауысу процесінің өзгешелігінде, орыс тілінен
қазақ тіліне сөз ауысу процесі, моңғол тілдерінің, сондай-
ақ араб, иран тілдерінің əсер-ықпалынан мүлде басқаша.
Орыс тілінің көптеген сөзі,
бір жағынан, тікелей қарым-
қатынастардың нəтижесінде ауызекі сөйлеу тілі арқылы
үнемі еніп жатса, екінші жағынан, жазба тілі де көптеп қол-
данылып отырды. Өйткені қазақ жұртшылығына сол кезде
еніп отырған саяси-əлеуметтік, мəдени, ғылым мен техника
салаларындағы жаңалықтардың көбі-ақ орыс қауымының
тікелей тигізіп отырған əсерінің нəтижесі еді.Тіпті кітап
бастырып шығару ісі, мерзімді
баспасөздің жарыққа шы-
ғып, одан əрі дами түсуі, халық ағарту ісінің жаңа фор-
малары, орыс қауымының ықпалынан жəне тəуелділіктен
келіп туған жаңалықтар еді. Сонымен бірге бұл тілдік про-
цеске мықтап əсер еткен жағдайдың бірі – қазақ елінің Ре-
сей қол астында, басқаша айтсақ, боданында болуында.
Көрші отырған екі елдің қайсысының мəдениеті, ғылымы,
қоғамдық прогресі алда, көш ілгері жəне жоғары дəрежеде
болса, сол халықтың тілі екіншісіне əсер етпей тұрмайтыны
тарихтан мəлім.
116
Осындай көптеген сыртқы жағдайлардың нəтижесінде
моңғол жəне араб, иран тілдерінің ықпалы уақыт өткен
сайын əлсіреп, білінбей бара жатса, яғни ол кезеңдік тілдік
құбылыс болып қалса, орыс тілінің əсері күннен-күнге
өрістеп, дамып отырған тілдік құбылыс екенін жасыра ал-
маймыз. Тілдегі о бастағы стихиялы түрдегі
бұл процесті
қазақ халқынан шыққан оқыған азаматтардың көбі-ақ ай-
қын сезінгені байқалады. Соның нəтижесінде «Айқапта»
жарияланған мақала авторлары орыс сөздерін именбей,
батыл қолданып отырған. Ал «Қазақ» газетінде мұны
барынша саралап, қажетіне қарай пайдаланған.
«Айқапта» қолданылған орыс тілінен енген я орыс тілі
арқылы келген интернационалдық лексиканың мағыналық
шеңбері, тақырыбы араб, иран
тілдерінен енген сөздерден
əлдеқайда көп. Ол сөздердің көбі саяси-əлеуметтік өмірге,
мəдениетке, оқу-ағарту ісіне, экономика салаларына, ғылым
мен техникаға т.б. байланысты атаулар болып келеді. Оны
мына төмендегі азғана мысалдар да көрсете алады: 1914
жылы қазақ халқы қала салыб
крестьян қалыбына кірген
соң, бұрын солдат қызметін атқарудан бостан жүрген бұл
халық салдат хызыметіне шақырылса керек еді, лəкин басха
кімлер арасында бір
проект түзелб тұр («Айқап», 1912, №7,
164-б.). Баршаңызға мағлым
3 июнь каноны бойынша жеті
облыс қазақ жұрты дəулет думасына өкіл сайлау хұхындан
мақұрымы қалғаны (Сонда. 1912, 260-б.). Халқын байыту,
қазыналық
даходы артдыру,
құралақша көбейту, халқын
оқулы қылу жолыда... һəшнəрседен қорықбады шарша-
мады (Сонда. 1913, №9, 190-б.). Ол
приговорды хакімдер
нығайту бақшада жинала бастаған еді (Сонда, 1912, №10,
193-б.). Студенттеріміздің қалыбы мұнанда нашар (Сонда.
1912, №11, 241-б.). Не үшін десеңіз, науқасының көбін «ми-
кроб» дейтұғын жанлар һəртүрлі құртлар файда қылатұғын
осы күнде тəжірибеменен анық білінген нəрсе (Сонда. №8,
177-б.). Ішкі іс
министрі Н.А. Маклаков хузырына титу-
лярный
советник Тураевкіріб Ақмола обулысының Пет-
117
ропавл
уезной начальнигі Оссовский үстінен
парахор алым
алады деб ғарза берді (Сонда. 1913, №6, 135-б.). Осы
азғана мысалдардың өзінен экономикалық, шаруашылық
жағдайларына байланысты
крестьян, базар, тауар, до-
Достарыңызбен бөлісу: