Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет97/124
Дата07.02.2024
өлшемі1.84 Mb.
#491029
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   124
спутникті, Октябрь революциясына орай туған совет, 
большевиктерді көптеген тілдер өз мүмкіндіктері негізінде 
қабылдап алды. 
Термин аудару, жасау, қалыптастыру мəселесінде ғылым 
саласын саралап қарастыру қажет. Мəселен, техника, фи-
зика, математика, механика тəрізді дəл ғылымдардың, хи-
мия, биология, медицина сияқты табиғаттану ғылымдары 
терминдерін бір қатарға қойып қарауға болмайды. Бұлардың 
терминдерін аударуға келгенде барынша ыждағаттылық, 
біліктілік қажет. Кейбір тілдер компьютерді аударып 
қолданып жатыр. Мəселен, түріктер мұны белгі саяр («санай 
білетін») деп алған екен. 
Ал қоғамдық ғылымдар саласына келер болсақ, əңгіме 
басқаша. Бір қарағанда бұл ғылымдар қоғамдық өмірдің ай-
насы іспеттес қой. Саяси-экономикалық, мəдени-əлеуметтік, 
оқу-тəжірибелік, өнер-білімге байланысты ұғымдардың 
бəрін жинақтап, оларды аударуға тиістілері қайсы, тіліміз-
ге бейімдеп алуға болмайтыны қайсы, сол қалпында 
қалдырылатындары қайсы дегендерді саралау керек. Олар-
ды аударудың принциптері мен тəсілдері айқындалуға тиіс. 
Онсыз терминологияда жүйелілік болмайды. 
Терминологияның бұл мəселелері қазақ тілі түгілі орыс 
тілінде əлі түбегейлі қарастырылған жоқ. Интернационалдық 
термин атауларының төркініне тереңдемей, олардың əуелгі 
лексикалық мағынасын тексермей-ақ, терминдік тұлғада 
мəнін ғана аударып қателесіп жүрміз. Шынында, бұлар да 
əу баста кəдімгі қарапайым сөздер ретінде дүниеге келгенін 
аудармашылар ескеріп отыруға тиіс. Сөйтіп əлгі атаулар ке-
ле-келе шарттылық пен дəстүрлі қолданысқа көшкен. Міне, 
мəселенің осы жағына қатты мəн беріп отыруға тура келеді. 
70 жыл бойындағы терминологиялық процесті қадағалап 
отырсақ, тілімізге еніп, ендіріліп жатқан термин мен атау-
ларды «орыс, совет жəне интернационалдық» деп жіктеп 
келген екенбіз. 
Профессор Ə. Қайдар бұларды осылайша үш топқа бө-
леді де, əрқайсысының арасалмағын, санын ойша топшы-


304
лап таңдайды, оның ойынша, орыс терминдерінің 70% 
мағынасы түсінікті болғандықтан қазақшаға аударылған 
да, 30% сол қалпында қабылданған. Осылардың арасынан 
ғалым советизмдерді бөліп алады да, оны 20% шамасында 
деп есептейді. Бұлардың бір тобы таза орыс (славян) (со-
вет, большевик, листовка, самолет, вертолет, пулемет, 
паровоз, станок, завод, почта, ведомство, сот, паром т.т.) 
де, екіншілері орыс, еуропа жəне шығыс элементтері аралас 
(колхоз, партбилет, профсоюз т.б.) термин сөздер. 
Бұл жерде əсіресе терминологиялық жүйені қалыптас-
тыру, реттеу, жасау жайына келгенде əрбір тілдің өз таби-
ғатына тəн ерекшелігін қатты ескеріп отыру керек. Мəселен, 
орыс тілі мен қазақ тілі жағдайын алайық. Орыс тілінің 
ғылым мен техника саласындағы терминологиялық қоры 
негізінен еуропа мен шығыс елдері элементтерінен тұратыны 
байқалды. Осыны үлгі тұтқан қайсыбір қаламгерлер, орыс-
интертерминдерден неге қашамыз дегенді айтқысы келеді. 
Сөйтіп қазақ тілін қатар қойғысы келеді. Орыс тілінде тер-
мин қалыптастыру ісі XVII ғасырдан басталған. 
Ал қазақ тілінің терминдермен жабдықталуы небары 60-
70 жылдың аржақ-бержағы. Мұны есепке алмай қарабайыр 
салыстырудың мəні жоқ. Нені болса да жұтып, сіңіріп 
жіберетін алып тілдің термин қалыптастыру жайы бір 
басқа да, күш-қуаты бойында, өз мүмкіндігін əлі барынша 
жарқырата ашып іске жарата қоймаған қазақ тілінің жайы 
екінші басқа. Орыс тілі шет тілі элементтерін қанша бол-
са да көтеріп кете алады. Одан оның беделі төмендеп, мəні 
көмескілене қоймайды. Ал қазақ тіліне бет қаратпай тыс 
элементтерді қабылдай берсек, еңсені басып тастауы мүмкін, 
əлденудің орнына əлсіреуі, баюдың орнына құнсыздануы 
мүмкін. Сондықтан қазақ тіліне сөз қабылдаудың ана 
тілге зиянын тигізбей, заңды принциптерін барынша 
сауаттылықпен, қатаң сақтау керек. 


305
* * *
Игі əсер, игі ықпал деген ұғым көп айтылып келді. Осының 
байыбына барып, парқын біліп, дəйекті пікір қозғаушылар 
аз. «Ұлы орыс тілі қазақ тілін, сондай-ақ басқа тілдерді де 
осылайша ықпал ету нəтижесінде керемет байытты» деген 
жалаң түсінік етек алған. 
Жалпы баю деген не өзі? Мұны баз біреулер сөздік 
қордың молдығына саяды. Яғни тірі тілде қанша сөз болса, 
ол соншалықты бай тіл деп ұғынушылар бар. Тіл байлығы 
мұнымен ғана айқындалмайды. Əрине сөздер мен сөз 
тіркестерінің, сөз түрлендіргіш қосымшалардың молдығы 
да белгілі дəрежеде тіл байлығының көрсеткіші бола ала-
ды. Əйтсе де тілдің оралымдылығы, икемділігі, мағына 
туындатқыштығы негізгі фактор болуы керек. Егер орыс тілі 
қазақ тілінің ішкі мүмкіндіктерінің артыла түсуіне септігін 
тигізіп жатса, мұны игі əсер қатарына жатқызуға болар. 
Ал тіл табиғатына жат əлгіндей сірескен бөтен тұлғалар-
дың қаптауы баю емес, басылумен барабар құбылыс. Мұндай 
сөздер қатары, əсіресе Кеңес үкіметі тұсында көбейе түскені 
мəлім. 
Тіліміздің өз мүмкіндігін, яғни сөзжасам түрлерін 
жетілдіре, түрлендіре түсудің орнына, ізденіп тер төгудің 
орнына осындай дайын қабаттарды қаптатуды тіл баюы-
на жатқызуға болмайды. Осының бəрінен тілдердің өзара 
игі əсерінен гөрі, бір тілдің екінші тілге үстемдігін, бұл 
жерде орыс тілінің қазақ тіліне жасап отырған өктемдігін 
көреміз. Бұлар терезесі тең дəрежедегі дамыған тілдер емес. 
Бірі – бағынышты, бірі – басыңқы үстемдік рөл атқарған 
тілдер. Соған қарамастан қазақ тілінің терминологиялық 
лексикасының біршама қалыптаса түскенін мойындау ке-
рек. Мұны саралай келсек, сала-салаға жіктеп, өзіндік жəне 
өзгелік деп бөліп қарастыруға болады. Сонда шамамен 100 
мыңға тарта деп есептеліп жүрген терминдердің өзіндігінен 
гөрі, өзгелігі əлдеқайда басым жататынын байқаймыз. Мұны 


306
кез келген екі тілді терминологиялық сөздікті мысалға ала 
отырып дəлелдеуге болады. Осының бəрінде, қанша деген-
мен бұйығы жатқан тілдің байырғы лексикалық қазынасына 
қозғау салғаны да мəлім. Терминологиялық ізденістер 
там-тұмдап болса да тіліміздің ішкі мүмкіншілігін сарапқа 
салуға жетектеді. Ғылымның əр саласындағы терминге 
мұқтаждықты зиялы қауым ізденімпаздықпен өтеуге тыры-
сып отырғанын байқаймыз. Бұл жерде орыс тілінің игі əсерін 
көруге болады. Осы бағытты ұстанып, оның тиімді үлгілерін 
жан-жақты дамытудың орнына орыстың мундирі мен ко-
кардасын киген терминдерді қаптатып жібердік. Аударуға 
келмейтін, баламасы табылмаған орыс интертерминдерді 
қыбылдау принципінде өрескел қателіктер жіберілді. 
Олардың қазақ тілінің сөз қабылдау заңдылығына сəйкес 
қисынын келтіріп сіңдірудің орнына, орыс тілінің өз нор-
масымен алып, қалшиттық та қойдық. Бұл түпнұсқа тілінің 
жазба əдеби нормасын сақтау орыс рухын сақтау болып 
шықты. Мұның ар жағында таза «орыстандыру» саясаты 
менмұндалап тұрды. Ал біз болсақ, мұны асқан мəдениетке 
жетудің төте жолы деп қабылдап, жарыса мадақтап жаттық. 
Бұл төңкерістен кейін болған құбылыс. Бұл əсіресе жазу-
мен, алфавитпен байланысты күшіне ене түсті. 42 əріптен 
тұратын орыс алфавитін, кириллицаны қалай қабылдадық, 
солай тіліміз өз табиғатынан алшақтай бастады. Бұл алфавит 
күшіне ене келе жазу ғана емес, тіпті ауызекі сөйлеу тілімізге 
де кері əсерін тигізе бастады. 
Жалпы шет сөздерді қабылдау жөнінен ежелден 
қалыптасқан дəстүрімізді тастап, Кеңес кезінде неге ғана 
құбыла қалғанымыздың түп себебі «орыстандыру» саяса-
тында жатқанын ескерткен едік. Бір қызығы, орыс тілінде 
қаптап жүрген шет тіл терминдерінің ешқайсысы өзінің түп 
негізі, яғни заңдылығы сақталып алынған емес. Жазу мен 
терминдерді реттеуде орасан зор еңбек еткен зиялыларымыз 
осыны неге ескермеді екен деген ойға қаласың. 


307


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет