308
түрі жоқ. Тіл сүйерлер емес, тілден безерлер қатарын дамыл-
сыз молайтып отырғанымызды көрсек те, көрмегендей болу
екен ең қиыны.
Міне, осындай күйде күн
кешкен тіліміздің, əйтеуір
əупірімдеп, мемлекеттік мəртебеге жеткеніне шүкіршілік
етесің. Етесің де, мəртебеленіп отырған тіліміздің сол
деңгейдегі шарттары түгел ме деген сауалға жауап іздеп
сарсыласың. Мемлекеттік тілдің жалын күдірейтіп көрсетер
бір тармағы –
ғылым тілі дейтін болсақ, мұның да əңгімеге
арқау болар ауыр жүгі жетерлік! Шешім күтер мəселесі де
толып жатыр. Əрбір тілдің айшықтанар əлденеше ондаған
қызметінің ішінде ең күрделі де қиын түрі осы ғылым тіліне
келіп тіреледі. Ал екінші Ұстаз айтқан ғылымның халыққа
жақындауы, ең алдымен, осы
тілге тікелей байланысты
екенін ұғар ұрпақ сыңайы əлгіндей.
Баз біреулер ғылым атаулыны қазақтардың пешенесінен
тыс тылсым дүние есебінде танығысы келеді. Ондайлардың
түсінуінше, ғылым тек орыс немесе Еуропа тілдерінде
дамыған, сондықтан сол тілдерде жасалып, қалыптасқан
ұғымдар мен түсініктерді, жеке сөздер мен атауларды солар-
дан мұртын бұзбай қабылдаған тіл ғана ғылымға қызмет ете
алады деп ұғатын тəрізді. Мұның мүлде қате пиғыл екенін
біздің ғылым тарихы əлденеше дəлелдеген. Арғы жағына
бармай-ақ, бергі 70 жылдың шамасында көрініс берген тіл
қолданыс тəжірибеміздің өзі бұл жөнінде көптеген оң мысал-
дар ұстатады. Бір қиыны зерттеушілердің дені өз ана тілінде
емес, өзге тілде оқып, тəрбиеленгендіктен осы жалған түсінік
жетегінде кетті. Тіпті кешегі кеңестік тəрбие пешенесіне мөр
боп таңбаланған қайсыбір
зиялыларымыздың арасында да
əлгіндей қасаң пиғылдан арыла алмай жүргендері бар. Ана
тілінде де ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге болаты-
ны ондайларды ойландыра қоймайды. Əсіресе, қоғамдық
ғылымдар биология, математика, медицина ғылымдары сала-
сында еңбек еткен бірен-сарандар болмаса, қазақ ғалымдары
ізденістерін көбінесе орыс тілінде өрбітті, өрбітіп келеді.
309
Міне, осының салдарынан өзге түгілі, оқымыстыларымыз-
дың өзі зерттеу жұмыстарын қазақша жүргізуді қиынсы-
натын «дəрежеге» жетті. Осыдан
келеді де қазақта ғылым
тілі бар ма, жоқ па деген мəселе туындайды.
Баз біреулердің тілге деген «патриоттық сезімі» ерекше
ойнап «бұл қалай, қазақ жазуын сонау Орхон-Енисейден
бастауға талаптанып жүргенде ғылым тілі неге жоқ болсын
бізде» деп өрепкиді, екіншілер, «бұл жерде түсінісіп алатын
жайлар əлі көп» деп дəлел ұсынғысы келеді. Біз осының се-
беп-салдарынан ғылыми түрде дəлелдеп шығу жағындамыз.
Шынында, ғылым тілінің қазіргі жағдайы қалай осы?
Жəне мұны дамытатын, қалыптастыратын не? Міне, осы
сауалдардың жауабын іздеу арқылы біз біраз мəселенің ба-
сын ашуға мүмкіндік алсақ керек.
Сонымен, қазақ тілі ғылым тіліне айналды деп
тұжырымдау үшін, біз ғылым мен білімнің барлық саласы
бойынша талапқа сай қанағаттанарлық жауап табуымыз ке-
рек. Дағды бойынша қоғамтану, жаратылыстану, техниката-
ну деп санамалап қарап, үйірлеп топтап, саралайтын болсақ,
осылардың ортасынан ойып алып қоғамтану саласы бойын-
ша ғана ғылым тілі нышанын əңгіме
ете алатын жағдайда
екенбіз. Оның өзінде де ауыз толтырып айтарлықтай мы-
салды тек тіл мен əдебиет саласынан ғана таба аласыз. Ал
заңтану, пəлсапа, педагогика, психология, театр, кинотану,
өнертану, бейнетану т.т., тіпті тарих,
этнография, археоло-
гия салаларының өзінде зерттеулеріміз толық қазақ тілінде
жүргізіліп жатыр, ғылым тілінің нышанын білдіретін мы-
надай еңбектер мол деп ауыз толтырып айта қою əзірге
қиын. Тұнып тұрған тундра. Рас, ондаған терминологиялық
сөздіктер, оқулықтар, оқу құралдары бұл жөнінде əрекетсіз
емес екенімізді танытады.
Алайда бұл ғылым тілін қалыптастырды дейтіндей пікір
жүгін көтере алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: