ның əрқилы мəселелерін əңгіме еткен Н. Сауранбаевтың,
С. Бəйішевтің, М. Жанғалиннің, М. Балақаевтың, Қ. Сағын-
дықовтың, Қ. Шəріповтің, І.
Жарылғаповтың, Ə. Сатыбал-
диевтың, А. Əбдірахмановтың, Ə. Қайдаровтың да еңбектері
есімізде. Мақсат – қозғалып отырған мəселе турасындағы
еңбектерге талдау емес, əрине. Бұларды еске алудағы ойы-
мыз, қанша дегенмен қазақ терминологиясының өзіндік
тарихы барын, онда терминжасамның мол тəжірибесі жи-
нақталғанын
еске сала отырып, бұл тəжірибелерді күн-
делікті практикалық істе өте салғырт пайдаланатындығы-
мызды айту.
Алайда тіл дамыту тарихына көз жіберсек, тіл заңын
үнемі бұзумен келген екенбіз. Бұзу емей немене, орыс тілі
арқылы сатылап бізге жеткен жат сөздерді, яғни терминдерді,
русизмдерді, яғни кеңестік
ұғымдарды құран сөзіндей
сол күйінде бұлжытпай алу ауруына шалдықтық. Бұған
етіміздің үйренгендігі соншама, кеңестік тіл тəрбиесінің
өтіп кеткендігі соншама мұны біз əлі күнге тіл байытудың
ең тиімді де өнімді тəсілі деп жүрміз. Миды жаулап ала
бастаған əлгі терминдердің дөп түсетін баламалары барын
айта бастасақ болды, дөп
бір шиқанына тиіп кеткендей
байбалам салатындар да шықты. Ондайларға «оу, ағайын,
қазақтың тілін мейлінше меңгерген кешегі арыстар – Ахмет,
Халел, Мыржақыптардың айтып кеткені ғой!» деп ұқтыра
алмайсың. Тіл заңдылығы талабы тұрғысынан да жөні осы-
лай деп айтқаныңа құлақ аспайды.
Шынында, айсыз-күнсіз жан ауыртпай даярға ұмтылу
салдарынан тіліміздің шырқын 70 жыл бойы бұзып кел-
генімізді ашып айтар кез келді. Сонау 30-жылдардың орта
шенінен басталған тіл бұзар зиянкестік əлі күнге жалғасып
келеді.
Міне, сондықтан біз соңғы бес-он жылдың барысын-
да баспасөз бетінде көрініс тауып жатқан ізденістерді,
тілдің ішкі мүмкіндіктерін
сарқа пайдалану бағытындағы
əрекеттер деп бағалап, қолдаймыз да қуаттаймыз. Ал дұ-
рыс-бұрыстығы екінші мəселе.
359
Тарихқа жүгінсек, өзін жəне өз тілін құрметтейтін
бірде-бір ел өзге тілдердің сөздерін сол күйінде өзгертпей
қабылдағаны жоқ екен. Зер салыңыз:
А. Байтұрсынұлы: «Біз сияқты мəдениет жемісіне жаңа
аузы
тиген жұрт, өз тілінде жоқ деп мəдени жұрттардың
тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің
сөздерін алмастыра-алмастыра, ақырында ана тілінің қайда
кеткенін білмей, айрылып қалуы ықтимал. Сондықтан мəдени
жұрттардың тіліндегі əдебиеттерін, ғылыми кітаптарын
қазақ тіліне аударғанда, пəн сөздерінің (терминдердің –
Ө.А.)
Достарыңызбен бөлісу: