Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет112/124
Дата07.02.2024
өлшемі1.84 Mb.
#491029
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   124
орталық құрған жөн.


364
Бұл орталық Мемлекеттік терминология комиссиясы-
мен тығыз байланыс жасай отырып, ең əуелі терминжасам 
принциптерін айқындауы тиіс. Сол негізде бүкіл бұрынғы 
жарияланған сөздіктер мен олқылықтарды қайта түзіп, лек-
легімен түр-түрін баспадан шығаруды реттеуі керек. Сондай-
ақ дау туғызып келе жатқан терминдерді топ-тобымен 
іріктеп алып, оларды алдымен газет арқылы көпшілік талқы-
сына ұсынып, сосын Мемтерминком мəжілісінде үздіксіз 
бекітіп отыруды дағдыға айналдыру қажет.
2. Мемтерминком жұмысына айрықша мəн берілуі тиіс. 
Ғылыми орталықты да, Мемтерминкомды да қаржылан-
дыру, мамандарды ынталандыру жайын ойластырған жөн.
Жарты ғасырдан астам уақыт бойы жақсылы-жаманды 
жұмыс істеп, жүздеген терминдердің қолданысқа еніп, 
тұрақтауына себепші боп келген Мемлекеттік термино-
логия комиссиясының жұмысын мүлде қайтадан қарап, 
түбірлі өзгерістер енгізу қажет. «Күштілері сөз айтса, бас 
изеймін шыбындап» деген принцип негізінде жұмыс істеп 
келген бұл комиссия жұмысын жандандыру жолдарын 
қарастыру керек-ақ. Ол үшін, бəлкім, арнайы конференция 
шақырып, өз алдына бөлек ақылға салған жөн болар. Жəне 
ол комиссияның мемлекет атынан сөйлейтін құқы болуы 
тиіс. Ең бастысы, бұл мемлекеттік мəні бір істі мемлекет 
қамқорлығына алмаса болмайды.
3. Қазақ тілі терминологиясы жазу сауаттылығын арт-
тыратын емле ережелеріне тікелей тəуелді, яғни термин 
сөздер үшін бөлек емле жасалмайды, ол ортақ ережеге 
бағынады. Ендеше емле ережемізде термин сөздерді жасау, 
қабылдау жөнінде жіберілген өрескел қатені түзеу қажет.
4. Əу бастан-ақ қазақ тілінде термин жасаудың ғылыми 
принциптері жасалған.
Бірақ, əсіресе, орыс жəне интернационалдық терминдер 
жөнінде тіліміздің табиғатына мүлде жат бағыт ұстанып 
келгеніміз өкінішті-ақ. Бұл жөніндегі үш түрлі құжатты еске 
салып өттік. Оларды үлгі ретінде қолдануды тоқтату керек.


365
5. Терминжасамның жаңа үлгілерін баспасөзде жария-
лай отырып, оның негізінде жыл сайын пікірсайысын 
өткізіп отыралық.
6. Терминолог кадр дайындау мəселесі мүлде жолға қо-
йылмаған. Соның түрлі жолдары қарастырылып, мамандар-
ды шетелге тəжірибе алмасуға дейін жіберуді ойластыру 
қажет.
7. Қазақ терминологиясының өзекті мəселелері жөнінде 
үздіксіз радиотелехабарларын жүргізіп, екі жылда бір ғы-
лыми-практикалық конференция өткізіп отыруды рəсімге 
айналдыру қажет.
8. Бүкіл түркі тілдеріне ортақ терминологиялық қор жа-
сау ісімен шұғылдану керек. Ол үшін ең алдымен біз жазу-
ымызды жөнге қоюымыз қажет. Яғни түркі тілдерінің көбі 
көше бастаған латын əліпбесі жөніндегі Ə. Қайдаровтың 
ұсынысын қарайтын уақыт жетті.
Болашағы зор тілдің қай-қайсысы да үнемі қалыптасу, 
даму үстінде болады екен. Бір шүкіршілігі сол, қазақ тілі де 
өзінің осындай өміршеңдігін жоғалтқан емес. Соңғы жеті-
он жылда оның қолданыс өрісі үнемі тұмшаланумен келеді 
десек те, жанды организм есебінде ол тыныс-тіршілігін, 
қозғалысын тоқтатпады.
Яғни ол əлі қалыптасу жолы ұзара түскен екен. Себебі, 
«орыс тілінің қалыптасу жолы неғұрлым ұзақ болса
соғұрлым келісіп, кемелдене түседі» деп В.Т. Белинский 
айтқандай, қазақ тілінің де осы күнді басынан кешіріп 
отырғаны мəлім. 
Мұны біз əсіресе соңғы кездегі қоғам дамуына орай 
туындап жатқан сансыз жаңа ұғымдар мен атаулар тасқы-
нын беруге жегілген терминологиялық жүйеден айқын 
аңғарамыз. Мұны ғылым тілінде терминологиялық тасқын 
немесе жаңа қолданыстар мен жаңа ұғымдардың нақтыла-
нуы дер едік. Мына мысалдарға зер салыңыз: бағдарлама, 
жарғы, құжат, айқындама, тұжырымдама, ұшақ, əуежай, 
жекешелендіру, қауымдастық, егемендік, бірлестіктер, 


құзыр, уағдаластық, зейнеткер, кешен, кешенді ғимарат, 
демеуші, ақпарат, бағдаршам, елтаңба, жариялылық, зей-
нетақы, мəртебе, өтем (компенсация), пікір сайыс (дис-
куссия), сыйақы (премия), тұғырнама (платформа), тара-
лым (тираж), тапсырыс (заказ), шаруашылық есеп (хоз. 
расчет), шығармашылық, шаруа қожалық (крест. хоз-во), 
ілеспе аударма т.т.
Ана тіліміздің ғылыми өресін айқындайтын айрықша 
белгісі, оның терминологиялық жүйесінің қаншалықты өріс 
алып, қалыптасуына тікелей қатысты.
Осы ретте белгілі суреткер Константин Паустовскийдің 
мына бір пікірін қайталағың келеді. Ол: «Əрбір адамның, 
өзінің ана тіліне деген көзқарасына қарап оның мəдени 
деңгейіне ғана емес, сонымен бірге азаматтық қасиеттері 
жөнінде де мүлтіксіз баға беруге болады. Өз Отанына деген 
махаббат өз ана тіліне деген шынайы махаббатсыз болуы 
мүмкін емес. Өз ана тіліне немқұрайдылықпен қарайтын 
адам хайуанмен бірдей. Оның ана тіліне деген немкеттілігі 
өз халқының өткеніне, қазіргісі мен келешегіне деген 
немкеттілікпен сабақтасып жатады, сондықтан ондайлар 
зиянды», – деген еді. Ендеше осы немкеттіліктен арылып, 
ана тіліміздің абыройын биіктете түсер ғылым тіліне, яғни 
оның терминологиялық жүйесіне жаңаша бір көзқараспен 
үңіліп, байлығымызды қасиетпен тұтынып, ұрпағымызға са-
ралап, сап таза күйінде жеткізейік!
2001 жыл


367


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет