Терминологиясы


ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КІРМЕ СӨЗДЕР



Pdf көрінісі
бет113/124
Дата07.02.2024
өлшемі1.84 Mb.
#491029
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   124
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КІРМЕ СӨЗДЕР 
МЕН ИНТЕРТЕРМИНДЕР ЖАЙЫНДА
Қазақ тілінің сөздік құрамына əрқилы жолдармен, əрқилы 
кезеңдерде енген, бірақ байырғы сөздік қорына тəн емес 
сөздер тобы əдетте кірме сөздер деп аталып жүр. Бұлардың 
қатарында терминдік тұрақты ұғымы тиянақталмай ауыт-
қып жүрген тағы бірнеше атау сөздерді əңгімелеуге бола-
ды. Олар – шет тіл сөздері, интернационалдық терминдер, 
ғылыми терминдер, арабизмдер, русизмдер, техникалық 
атаулар, халықаралық терминдер т.т. Бұлардың бəрінің 
өзді-өзіне тəн аздаған ерекшеліктерімен бірге, ортақ белгілері 
де жетерлік. Олардың тілімізге келу, ену жолдары талай 
сырдың бетін ашады. Мұрты бұзылмай əу баста түпнұсқа 
тілде қалай пайда болса, дəл сол қалпында қабылданған 
кірмелер де бар. Сонымен бірге тіл даму процесінде едəуір 
өзгеріске ұшырап, сыртқы түрін құбылтып алған мысалдар 
да баршылық.
Бұларды, əрине, бір қатарға қойып талдауға болмас еді. 
Алып отырған объектіміз кірме сөздер мен терминдер 
болғанмен, бұл жерде кірме сөздер бір бөлек, кірме тіркес-
тер бір бөлек жəне «өздік» терминдер мен «өзгелік» тер-
миндер жəне терминдік тіркестер өз алдына жеке-жеке 
қарастырылуға тиіс мəселелер. Дегенмен мұның əрқайсысы 
өзіндік зерттеу сарабынан əлі өтіп үлгермегендіктен біз 
бұларды əзірге өзара тығыз байланыста қарастыруға мəж-
бүрміз.
Жалпы дəстүрлі əдебиетте өзге тілден сөз алмасу проце-
сін прогрестік құбылыс деп табады. Яғни бұл тіл байы-
тудың бір көзі саналады. Бір қарағанда солай да сияқты. 
Бұған мысал ретінде қазақ тілі тарихының қалыптасу жолы-
на зер салса болады. Біз бұдан қазақ тілін қорландыра түсуге 
себі тиген, оның сөздік қорын байытқан əлденеше кезеңді 
көреміз.


368
Мамандардың айтуына қарағанда, мұны мынадай 
кезеңдерге бөліп, əрі диахрондық сипатта қарауға болатын 
тəрізді, оның өзін де шартты түрде ғана.
Кірме сөздердің тілімізге қатар енген ыңғайына қарай 
айқындалатын ең үлкен екі дəуірді байқаймыз. Ол – ара-
бизмдер, парсизмдерді алып келген VІІІ–ІX ғасырдан бергі 
жердегі он ғасырлық уақыт пен XX ғасырдың еншісіне 
тиетін интернационалдық терминдер мен русизмдер. 
Қазақ тіліндегі араб, парсы сөздерінің табиғатын зертте-
ген Л. Рүстемов бұларды 14,5 пайыз шамасында деп 
көрсеткен.
Біз бұл жолы батыс Еуропа тілдері мен орыс тілінен ен-
ген сөздердің кейбір тұстарына ғана тоқтағанды жөн көріп 
отырмыз.
Жалпы кірме сөздер табиғаты қызық. Əдетте бір тілден 
екінші тілге алуан-алуан сөз элементтері өтіп жатады. Бұл 
морфология, синтаксис, лексика салаларына тəн құбылыс. 
Əсіресе лексика саласындағы кірме сөздер жайы айрықша 
назар аудартады. Өйткені тілдік процесте сөз алмасудың 
жөні бөлек. Ең жиілік жағынан сөздің алдына фонема да, 
морфема да түсе алмайды.
Лексика – тіл білімінің басқа салаларына қарағанда 
сыртқы əсердің қандайына болса да елгезектік танытып 
тұратын қабатқа бай. Қоғамда болып жататын өзгерістердің 
бəрі дерлік лексикадан орын теуіп жатады. Бұл негізінен 
халық пен халықтың өзара қарым-қатынасына байланысты 
болып жататын процес болып табылады. Cоның ішінде зат-
тар мен ұғымдар атауы бір тілден екінші тілге жиірек ауы-
сып жатады.
Белгілі бір тілде кірме сөздер қарасының көбейіп кетуін 
қайсыбір зерттеуші əлгілерді қабылдаушы тілдің кедей-
лігінен деп түсіндіруге тырысуы мүмкін. Мұндай пиғылдар 
болған да. Ал негізгі себеп, біздіңше, басқа. Тіл тілде, оның 
ішінде қазақ тілінде əсіресе, ғылыми-техникалық прог-
рестің қанат жаюына байланысты көптеген сөздер мен 


369
ұғымдарды жаңаша саралауға тура келді. Əрбір саладағы 
сөз саралау барысында қайсыбір ұғымдарды нақтылай, 
анықтай түсу ниетімен өзге тіл элементтерін қоспалап, жа-
рыстыра қолдану дағдысы пайда болды. Мəселен, репор-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет