Куспанов С. Переводы поэзии Абая на русский язык. Автореф. дисс. канд.
филол. наук. 1966; Садыков X. Об основных принципах перевода казахской
прозы на русский язык. Автореф. дисс. канд. филол. наук. Алма-Ата, 1968;
Репин Б. Вопросы перевода казахской национально-специфической лексики
(по материалам перевода романа-эпопеи «Путь Абая» М.Ауэзова на немецкий
язык). Автореф. дисс. канд. филол. наук. Алма-Ата, 1970; Сушков Ю. Перевод
прозы М.О.Ауэзова на французский язык. Автореф. дисс... канд. филол. наук.
Алма-Ата, 1970; Жантекеева З. Проблемы перевода казахской поэзии на рус-
ский язык (на материале поэзии С.Сейфуллина и И.Джансугурова).
82
Ландау Е.И. Русские переводы песен Джамбула. Автореф. дисс. канд. фи-
лол.наук.
196
60-жылдардың табысы ретінде тағы бір-екі еңбекті
83
айрықша атауға тиіспіз. Ол еңбектер журналист Қ. Сағын-
дықов пен ақын М. Əлімбаевтың қаламынан туған.
М. Əлімбаев – көп жылдан бері шығармашылық қызметін
ғылыми-зерттеу ісімен əдемі ұштастырып келе жатқан
зерделі қаламгер. Ол халқымыздың ең асыл мүлкінің
бірі – мақал-мəтелдерді ерінбей жинап, бірнеше топта-
ма берді. Ол əрі жазушы, əрі əйгілі фольклоршы-сөздікші
В.М. Даль, М. Булатов, А. Соболев, Пермяков тəрізді зерт-
теушілердің бүгінгі шəкірттерінің бірі іспеттес.
М. Əлімбаев мақал-мəтелдерді туған топырақтан ғана
іздеп-термей, өзге жұрттың асыл мұрасын да халқымызға
ертерек жеткізуді мұрат тұтқан адам. Көптеген елдің жүз-
деген мақалдарын аудара жүре, өзі байқаған қызық жайттар-
ды бүгінгі лингвистика ғылыми жетістіктері тұрғысынан,
соған сүйене отырып баяндауға тырысады. Біз бұл еңбек
жайында пікірімізді диссертациялық жұмысымызда
84
жəне
«Жұлдыз» журналында басылған мақаламызда
85
толық баян-
даған болатынбыз. Еске салатын тағы бір жайт, ақынның
зерттеу, жинау, аудару жұмысын үздіксіз жүргізіп келе
жатқанының дəлелі ретінде осыған іле-шала жарық көрген
тағы бір мақал-мəтелдер жинағы
86
.
Аударма ғылымының, əсіресе марксизм-ленинизм клас-
сиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударудың мəселе-
лерін қарастыруда еңбектеніп, ғылыми пайымдаулар жа-
сап жүрген зерттеушілер бізде көп болмады. С. Бəйішев,
83
Сағындықов Қ. Көсемнің асыл мұрасы. Алматы: Қазақстан, 1970;
Əлімбаев М. Өрнекті сөз – ортақ қазына. Алматы, 1967.
84
Айтбаев У. Способы передачи фразеологизмов в переводах произведений
А.М. Горького на казахский язык: Автореф.дисс. канд. филол. наук. Алма-Ата,
1971.
85
Айтбаев Ө. Кестелі сөз келісімі // «Жұлдыз», 1968. №3.
86
Маржан сөз: СССР халықтарының, социалистік елдердің жəне басқа да
жұрттардың мақал-мəтелдері (Ауд. М.Əлімбаев. Алматы, 1978).
197
М. Жанғалин, Қ. Шəріпов, Х. Хасенов т.б.тəрізді бірен-саран
адамдардың ғана есімін атай аламыз. Солардың бел орта-
сында жүрген зерттеушінің бірі – Қ. Сағындықов болатын.
Ол осы мəселемен шұғылдана келе үлкен-үлкен жиындарда
бірнеше баяндамалар жасап, əлденеше мақалалар жазды.
Қ. Сағындықов негізінен мақал-мəтелдер мен идиомдар-
ды барлайды. Саяси-əлеуметтік проблемаларды қозғайтын
еңбектермен көркем шығармалардағы бейнелі сөздердің
жалпы мағыналық салмағы бірдей болғанмен, олардың
стильдік өңі, қолданылу аясы т.б. қасиеттеріне лайықты ау-
дарылу сыпатында да көптеген ерекшеліктер болатынын біз
Қ. Сағындықов жүргізген көп жылғы зерттеу нəтижесінен
де байқаймыз. Ол мұның бəрін кандидаттық диссертация-
сында жəне жоғарыда атап көрсетілген монографиялық
зерттеуінде жан-жақты талдап берді. Саяси əдебиеттің
аудармасын қарастырғанда жəне фразеологиялық құбы-
лыстардың, бейнелі сөздерді аударудың проблемаларын
тексергенде біз бұл жұмыстарға соқпай өте алмаймыз.
Тіл білімі институты тіл мəдениеті бөлімінде аударма
мəселесіне байланысты жүргізілген жұмыстардың нəти-
жесін ойлағанда, біз жоғарыда сілтеме жасалған Б. Репин
мен Ю. Сушковтың мақалалары мен диссертациялық жұ-
мыстарын да назарда ұстауға тиістіміз. Бұл Қазақстан
топырағында сатылы аударма табиғатын тексеруді мақсат
еткен тың жұмыстар қатарына жатады. Мұның мəнісі мы-
нада. Біз туған əдебиетіміздің өзге тіл аясындағы пішінін
бұған дейін бір ғана сала (яғни орыс тіліндегі аудармасы)
арқылы тексеріп білсек, енді «Абай жолы» сияқты туын-
дылардың, ағылшын, француз жəне неміс тілдеріне қалай
аударылғанын да зерттей алатын дəрежедеміз. Б.Репин
қазақ ұғымынан туған небір тілдік элементтерді, тілдік
образдарды, ұлттық колоритті неміс тіліне аударудың тəсіл-
дерін ашып берсе, Ю. Сушков француз қауымын жаңа бір
бейнелі сөздермен, өзгеше ой өрнектерімен байыта түскен
Əуезов қаламының сырына үңілді.
198
Бұл жұмыстардың аударма ғылымының тарихында
өзіне лайықты орын алатынын айрықша атап отырып,
екеуіне де тəн басты бір кемшілігін еске салмаса болмай-
ды. «Аудару үшін ең алдымен екі тілді бірдей меңгеру
керек» дейтін аударма теориясының алғышартын алға
ұстасақ, зерттеушілерге қойылар мұндай талаптың артық
бола қоймайтыны белгілі. Яғни бұларға да осындай талап
қою шарт. Өйткені аударма ісіне баға беру үшін, байқалған
нəрсеңнен ғылыми түйін жасау үшін түпнұсқа тілін білу
қажет-ақ. Ғылыми дайындығының молдығына, аппараты-
ның жеткіліктілігіне қарамастан, көптеген тұжырым-түйін-
дерінен екеуінің түпнұсқа тіліне шорқақтығы байқалып
тұрады. Ендеше, бұдан шығатын қорытынды – өзін аударма
проблемасын талдауға бағыштаған зерттеуші ең алдымен
объектісінің тілін мүлтіксіз меңгеруге міндетті. Сонда ғана
аударма теориясының көптеген проблемаларын дұрыс ше-
шуге мүмкіндік аламыз.
Келесі он жылдықтың, яғни 70-жылдардың да аударма
ғылымын өркендете түсуге қосқан үлесі аз емес. Бұл
жылдардың жемісі, оның негізі өткен он жылдықтың өн бой-
ында қаланғаны. Үш-төрт кандидаттық, бір докторлық дис-
сертация
87
қорғалды. Бірнеше монографиялық зерттеулер
мен кітапшалар
88
жəне толып жатқан ғылыми мақалалар-
87
Достарыңызбен бөлісу: |