Термодинамика және жылуалмасу. Сұйықтық және газ механикасы



бет2/5
Дата09.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#123857
1   2   3   4   5

«Сұйықтық және газ механикасы, гидропневможетек» оқыған кезінде алынған білім және тәжірибелері, келесі пәндермен танысқан кезде өте қажет: «Көлік техникасындағы энергетикалық құрамдар», «Вагондардағы автоматикалық тормоздар», «Отын және жанармай материалдар» және де басқа қажет пәндерді.



8 Тақырыптық жоспар

8.1 Пәннің тақырыптық жоспары



р/с

Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны

дәрістер

тәжірибе

Зертханалық

СӨЖ




Кіріспе.
















1-БӨЛІМ. Сұйықтық және газ механикасы













1.1

Гидростатика

2

1

0,5

22

1.2

Кинематика негіздері

1.3

Сұйықтықтар және газдар динамикасының жалпы заңдарымен теңдеулері

1.4

Сұйықтық қозғаласының режимдері және гидродинамикалық ұқсастық




1.5

Сұйықтың ламинарлық қозғалысы







1.6

Сұйықтың турбуленттік қозғалысы







1.7

Жергілікті гидравликалық кедергілер

1

0,5

1.8

Сұйықтың тесіктердең және саптамалардан ағуы

1.9

Құбырларды гидравликалық есептеу




1.10

Сұйықтықтың тұрақсыз қозғалысы




0,5

1.11

Ағынның қатты қабырғалардағы күштік әсері

0,5




2-БӨЛІМ. Қалақты гидравликалық машиналар

2.1

Гидромашиналар туралы жалпы мағлуматтар

2

0,5




20

2.2

Қалақты сораптар теориясының негізі







2.3

Қалақты сораптарды пайдалану есептері







2.4

Құйынды және ағынды сораптар







2.5

Гидродинамикалық берілістер







3-БӨЛІМ. Көлемді гидромашиналар, гидрожетектер және гидроавтоматика

3.1

Жалпы мағлуматтар

2







36

3.2

Поршеньді және піспекті сораптар







3.3

Роторлы сораптар




0,5

3.4

Көлемдік гидрожетек







3.5

Гидроқозғағыштар







3.6

Гидроаппараттар және гидроавтоматика элементтері

0,5




3.7

Гидрожетек сызбалар және гидроавтоматика жүйелері




3.8

Ізбасты гидрожетек







3.9.

Пневможетек

0,5




БАРЛЫҒЫ :

6

4

2

78


9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

Бағдарлама жеке сұрақтардың, тақырыптардың зерттеленуіңің толықтығын және әдістемесін анықтамайды. Сондықтан, пәннің сағат көлеміне, тмамандықтар ерекшеліктеріне және жоғары оқу орыныңың мүмкіншіліктеріне байланысты олардың зерттелуінің толықтығы, дәлелдену дәрежелері анықталады. Бірақта, барлық жағдайларда сұйықтық және газ механикасы, гидро- пневможетек пәнін игерудің теориялық деңгейі жоғары болуы керек және студенттерің математика, физика, теориялық механика, материалдар кедергісі, химия пәндерінен алған білімдерін толық пайдалануын қамтамасыз ету қажет.


10 Курс компоненттері

10.1 Пән тақырыптарының мазмұны



Кіріспе. Сұйық ортаның механикасы. Техника салаларынан гидромеханикалык есептер мысалдары. Пәннің дамуының қысқаша тарихы.

Оқылатын (зерттелетін) объект, сұйықтықтардын және газдардың физикалық кұрылымы. Үздіксіздік гипотезасы. Сұйықтықтардын, газдардың негізгі физикалық қасиеттері. Ныотон сұйықтықтары. Газдардың сұйықтықта еруі, қайнауі, кавитация.



1-БӨЛІМ. Сұйықтық және газ механикасы.

1.1-тақырып. Гидростатика. Сұйықтыққа әсер ететін күштер. Сұйықтықтағы қысым және онынң қасиеттері. Сұйықтық тепе-теңдігінің дифференциалдық Эйлер теңдеулері. Эйлер теңдеулерін интегралдау. Гидростатиканың негізгі теңдеуі. Паскаль заңы. Қысым өлшейтін аспабтар (приборлар). Жазық және қисық қабыргалардағы сұйықтықтын қысым күштері. Архимед заңы. Денелердін жүзуі. Сұйықтықтың салыстырмалы тыныштығы. Гидростатика заңларын және теңдеулерін гидро-жүйелерде пайдалану мысалдары.

1.2-тақырып. Кинематика негіздері. Сұйықтық козғалысының түрлері. Ағыс сызығы және түтігі туралы үғымдар. Элементарлык ағыс, оның молшері (шығыны). Сұйықтық ағыңы оның қимыл қимасы, мөлшері. Орташа жылдамдық. Сұйыктықтың үздіксіздігінің теңдеуі. Сұйықтық бөлшегінің қозғалысының жалпы сипаітамасы және деформациясы, күрделі қозғалыстың құрастырушылары: қүйынды және құйынсыз (потенциалдық) қозғалыстар.

1.3-тақырып. Сұйықтыктар және газдар динамикасынын жалпы заңдарымен теңдеулері. Идеал сұйықтықтың тұрақты қозғалысының Бернулли теңдеуі. Бернулли теңдеуінің геметриялык және физикалык (энергиялық) мағынасы. Идеал сұйыктықтың салыстырмалы қозғалысының Бернулли теңдеуі. Тұтқырлы сұйықтықтың ағынының Бернулли теңдеуі. Кориолис коэффициенті. Гидравликалық шығындардың тұрлері. Пито түтігі. Вентури мөлшер өлшегіші. Газдар козғалысы туралы қысқаша мағлуматтар. Гидравлика заңдарын газдар козғалысына қолдану шарттары.

1.4-тақырып. Сұйықтық қозғалысынын режимдері және гидродинамикалык ұқсастық. Сұйықтық қозғалысының ламинарлық және турбуленттік режимдері. Рейнольдс саны. Гидродинамикалық ұқсастықтын критериялары. Гидродинамикалық құбылыстарды үлгілеу. Толық және бөлік ұқсастық.

1.5-тақырып. Сұйықтың ламинарлық қозғалысы. Сұйықтықтың бірқалыпты қозғалысының теңдеуі. Жанама кернеулердің және жергілікті жылдамдықтардың құбыр қимасында таралуы. Құбыр бойындағы (ұзындығындағы) үйкеліс тегеуірін шығыны. Пуазейль формуласы. Жазық және сақиналық саңлаулардағы ламинарлық ағыс. Ламинарлық ағыстардың ерекше түрлері (өзгермелі тұтқырлық, облитерация).

1.6-тақырып. Сұйықтықтың турбуленттік қозғалысы. Сұйықтың турбуленттік қозғалысының ерекшеліктері. Жылдамдықтардың және қысымдардың пульсациясы. Орталанған жылдамдықтардың қимадағы таралуы. Турбуленттік ағындағы жанама кернеулер. Құбырлардағы тегеуірін шығындары. Дарси формуласы. Ұзындықтағы гидравликалық үйкеліс коэффициенті (Дарси коэффициенті). Қабырғалардың кедір-бұдырлығы. Гидравликалық тегіс (жылтыр) және кедір-бұдыр құбырлар. Никурадзе графигі. Дарси коэффициенттің анықтайтын формулалар және олардың қолданалуы.

1.7-тақырып. Жергілікті гидравликалық кедергілер. Жүргілікті кедергілердің негізгі түрлері. Жергілікті кедергінің тегеуірін шығын коэффициенті. Құбырдың кенеттен кеңею (Борда теоремасы). Диффузорлар. Құбырдың тарылуы. Кіші және үлкен Рейнольдс сандарындағы жергілікті тегеуірін шығындары. Жергілікті гидравликалық кедергілердегі кавитация.

1.8-тақырып. Сұйықтықтың тесіктердең және саптамалардан ағуы. Сұйықтықтың кіші өткір қырлы тесіктен тұрақты тегеуірінде ағуы. Сығылым, жылдамдық, мөлшер коэффициенттері. Сұйықтықтың саптамалардан ағуы. Саптамалардың түрлері, олардың техникада қолданалуы. Сұйықтықтық тұрақсыз тегеуіріде тесіктерден, саптамалардан ағуы (резервуалардың сұйықтықтаң босатылуы).

1.9-тақырып. Құбырларды гидравликалық есептеу. Қысқа құбырлардың негізгі есеп теңдеуі. Қарапайым ұзын құбырдың негізгі есеп формуласы. Экономикалық тиімді құбыр диаметрін анықтау. Сифон құбыры. Құбырларды тізбектеп және параллель қосу. Сорапты құбырлар.

1.10-тақырып. Сұйықтықтың тұрақсыз қозғалысы. Сығылмайтын сұйықтықтың қатаң құбырдағы тұрақсыз қозғалысы. Инерциялық тегеуірін. Гидравликалық соққы құбылысы. Тура гидравликалық соққының Жуковский формулалары. Гидравликалық соққыны әсерін кеміту тәсілдері. Гидравликалық соққының технмкада пайдалану.

1.11-тақырып. Ағынның қатты қабырғалардағы күштік әсері. Импульстер теоремасы. Еркін ағыстың қатты кедергілердегі. Тегеуірінді ағыстың қатты кедергілердегі әсері.

2-БӨЛІМ. Қалақты гидравликалық машиналар.

2.1-тақырып. Гидромашиналар туралы жалпы мағлуматтар. Сораптар және гидроқозғалтқыштар. Сораптардың классификациясы. Динамикалық және көлемді гидромашиналар. Негізгі параметрлері: берімі (мөлшері, шығыны), тегеуіріні (арыны), қуаты. ПӘКі.

2.2-тақырып. Қалақты сораптар теориясының негізі. Центрден тепкіш сораптар. Центрден тепкіш сораптардың өрнектері (схемалары). Сорап және турбина үшін Эйлер теңдеуі. Сораптың теориялық тегеуріні. Қалақтар санының теориялық тегеуірінге әсері. Пайдалы тегеуірін. Сораптағы энергия шығындары. Сораптың пайдалы әсер коэффициенттері. Центрден тепкіш сораптардың сипаттамалары. Сораптар ұқсастығының теориясының негізі. Ұқсастық формулалары. Жүрдектік коэффициенті және қалақты сораптар типтері. Осьтік сораптар.

2.3-тақырып. Қалақты сораптарды пайдалану есептері. Ұқсастық формулаларды сораптар сипаттамаларын есептеуде пайдалану. Сораптар қондырғы. Берімді реттеу. Сораптарды тізбектеп және параллель жалғастыру. Қалақты сораптардағы кавитация. Кавитациялық сипаттама. Кавитациялық қор. Рудневтің формуласы және оны пайдалану.

2.4-тақырып. Құйынды және ағынды сораптар. Құйынды сораптын өрнегі, әсер принципі, сипаттамасы, қолданалуы. Құйынды гидросорап. Ағынды гидросораптың өрнегі, әсерлік принципі, мамандықта қолданалуы.

2.5-тақырып. Гидродинамикалық берілістер. Гидродинамикалық берілістердің қажеттілігі, қолданалуы. Әсер принципі және сұрыпталуы. Жұмыс сұйықтықтары. Гидромуфтаның және гидротрансформатордың құрылымы және жұмыс прмеһнципі, олардың негізгі параметрлері, теңдеулері және сипаттамалары. Гидродинамикалық берілістердің қозғалтқышпен бірге жұмыс істеуі. Комплексік гидротрансформаторлар.

3-БӨЛІМ. Көлемді гидромашиналар, гидрожетектер және гидроавтоматика

3.1-тақырып. Жалпы мағлуматтар. Көлемді сораптар, әсерлік принципі, жалпы қасиеттері және классификациясы, гидрожетектерде және гидроавтоматика жүйелерінде пайдаланылуы.

3.2-тақырып. Поршеньді және піспекті сораптар. Поршеньді және піспекті сораптардың құрылымы және қолдану облыстары. Индикаторлық диаграмма. Поршеньді сораптардың ПӘКі. Берім графигі және оны қалаптастыру тәсілдері. Диафрагмалы сораптар. Поршеньді компрессорлар.

3.3-тақырып. Роторлы сораптар. Роторлы сораптардың классификациясы. Жалпы қасиеттері және қолдану облыстары. Әр-түрлі роторлы сораптардың құрылымы және ерекшеліктері: роторлы-поршеньді, қалақты, шиберлік, тісті, винтті.

3.4-тақырып. Көлемдік гидрожетек. Негізгі ұғымдар. Көлемді гидрожетектің әсерлік принципі. Шығар звеносының жүрісіне және басқа қасиеттеріне байланысты гидрожетектерді классификациялау. Гидрожетектің элементтері: гидроқозғалтқыштар, гидроаппараттар, сүзгілер, гидроаккумуляторлар, гидросызықтар.

3.5-тақырып. Гидроқозғағыштар. Күштік гидроцилиндрлер, олардың қолданалуы және құрылымы. Гидроцилиндрлерді есептеу. Бұрылмалы гидроқозғалтқыштар.

Роторлы гидроқозғалтқыштар- гидромоторлар. Роторлы сораптардың және гидромоторлардың қайырымдылығы. Роторлы-поршеньдік, қалақты, тісті және винтті гидромоторлар түрлері. Гидромотор білігіндегі бұрауші моментті және қуатті есептеу. Жұмыс көлемін реттеу. Жоғары моментті гидромоторлар.



3.6-тақырып. Гидроаппараттар және гидроавтоматика элементтері. Гидроаппараттардың және гидроавтоматика элементтерінің классификациясы. Таратуші қондырғылар. Қажеттілігі, әсерлік принципі және негізгі типтері. Клапандар. Әсерлік принципі, құрылымы және сипаттамалары. Дроссельдік қондырғылар. Сүзгілер. Гидроаккумуляторлар. Гидроаппараттардың және гидроавтоматика элементтерінің ЕСКД белгісі.

3.7-тақырып. Гидрожетек сызбалар және гидроавтоматика жүйелері. Тұйық және ашық циркуляциялы, жылдамдықты дроссельдеп және көлемді реттейтін гидрожетек схемалары. Гидрожетек жылдамдығын реттейтін әр-түрлі тәсілдерді салыстыру. Жылдамдықты стабилизациялау. Бірнеше гидроқозғалқыштардың қозғалысын синхрондау.

3.8-тақырып. Ізбасты гидрожетек. Қажеттілігі, әсерлік принципі, схемасы және автоматтық басқару жүйелерінде аңдуші гидрожетекті қолдану облыстары. Гидрокүшейткіштің сезгіштігі, дәлдігі және тұрақтылығы.

3.9-тақырып. Пневможетек. Пневможетектердің негізгі элементтері және схемалары. Пневмоавтоматика жұйелеріндегі сығылымды газ көзі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет