VІ. Түсінік тексеру
1.Оқулықпен жұмыс
310-жаттығу
* Суреттер топтамасындағы 13 – суретке қарап, мәтінді буынға бөліп көшіріп жазыңдар
311–жаттығу
-
Екінші абзацтағы сөздерді буынға бөле отырып көшіріп жазыңдар. жазыңдар.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту
1..Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей
1.Мәтінді тасымалдап жаз.
Екі жақ та қолға түскендердің қолдарын байлап, өз жағына қарай айдап әкетіп барады, әсіресе, иесіз қалған аттарды қуып жүргендер көп – ақ.
ІІ деңгей
1. Тасымал дегеніміз не?
2 Тасымалдап жаз.
Енесей қашуға жөнелген бір топ аттарды қуа жөнеліп еді,
мойнынан оқ тиіп,Енесейдің аты омақаса құлап, Енесей жерді сүзе құлады.
ІІІ деңгей
1.Тасымалдауға болмайтын сөз түрлерінің барлығын жаз.
VIІІ. Сабақты қорыту
-
Бағалау
-
Үйге тапсырма:
1Тасымал туралы түсінік.
2. 313 -жаттығу
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5 «Ә»
3.Күні, айы, жылы: 03.03.2015ж
4.Тоқсан: IІІ
5.Мұғалім: Юнусова Жұлдызай
Сабақтың тақырыбы: Үндестік заңы, буын үндестігі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың үндестік заңы, буын үндестігі туралы түсінік беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың фонетика жайындағы, тіл дыбыстары және олардың түрлері туралы және үндестік заңы, буын үндестігі туралы ұғымдарын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1Тасымал туралы түсінік.
2. 313 -жаттығу
ІІІ. Білім тексеру
Терме диктант
Батыр адам беліне қадалған оқты өз қолымен жұлып алып, лақтырып жіберді де, ол ет қызумен шаба берді, жақын қалған жүздікке ұшырасқанша, жараланғанын білдірген жоқ... Енесей мен Ұлпан, Несібелі – үшеуі қастарында төрт жігіт жолдастары бар, Артықбай ауылына салт шығып, мөлшерлі жерге жеткенде, үш ат жеккен пәуескемен Тілеміс тосып жүр екен.
IV.Жаңа тақырыпты түсіндіруге дайындық
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау
V. Жаңа сабақ
Қазақ тілінің дыбыстары сөз ішінде және сөз бен қосымшаның, сөз бен сөздің арасында бірімен – бірі үйлесіп, ыңғайласып келіп отырады. Түбір буынның жуан не жіңішкелігіне қарай қосымшаның дыбыстары да жуан не жіңішке болып айтылып тұрады. Мысалы: балалар (балалер емес), үйлер (үйлар емес), ауылға (ауылге емес), көшеде (көшеда емес), т.б.
Қазақ тіліндегі қосымшалар сөздің соңгы дыбысының сипатына қарай бейімделіп жалғанады: мектепте (мектепде емес), үйге (үйке емес), жазда( жазта емес), т.б. Сөйтіп, сөзді бастан – аяқ біркелкі әуезбен айтуды үндестік заңы деп атаймыз.
Үндестік заңы екі түрлі: а) буын үндестігі; ә)дыбыс үндестігі.
Дауысты дыбыс буын құрайтын болғандықтан, сөздегі, сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не бірыңғай жіңішке болып үндесуін буын үндестігі (сингорманизм) деп атаймыз.
Үндестік заңына сай қазақ тілінің байырғы сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болады. Мысалы: ата, ана, бақыт, баға , сана, намыс, егіз, өріс, төсек, кереге, кілем, т.б.
Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар мынадай сөзде араласып келеді:
1)Басқа тілдерден енген сөздерде: кітап, кино, қазір,зағип, матиматика;
2) біріккен сөздер мен қос сөздерде араласып келеді: шекара, баспасөз, аман – есен, алай – түлей, асты – үсті, асығыс – үсігіс, т.б.
Буын үндестігі бойынша қосымша сөздің соңғы буынының жуан – жіңішкелігіне қарай үндесіп жалғасады: соңғы буын жуан болса – жуан қосымша, жіңішке болса, жіңішке қосымша жалғанады. Мысалы: өнер-лі, жет-ер, бақыт-ты, қазір-гі, кітап-ты, математика-дан, т.б.
VІ. Жаңа сабақ бойынша түсінік тексеру.
1.Оқулықпен жұмыс
314– жаттығу (жазбаша)
* Жуан сөздерді бір бағанға, жіңішке сөздерді бір бағанға жазыңдар.
315–жаттығу(ауызша)
-
Кірме сөздерге қосымшалар жалғануындағы үндестік заңының ерекшелігін айтыңдар..
316 – жаттығу
-
Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып, көшіріп жазыңдар.
VІІ Сабақты бекіту
Өздік жұмыс.
І топ
1.Тасымалдауға болмайтын сөзді және буынды тап.
Ата – ана, жасырынбақ, ат, шебер, бет, талап, көктем, көк, жаз, ай, жұлдыз, мол, айқын.
ІІ топ
1.Төмендегі сөздерді тасымалдауға бола ма?
Электр, станция, ансамбль, вольт.
ІІІ топ
1. қай жағынан оқысаңда бірдей жазылып, бірдей айтылатын сөздер тауып жазыңдар.
2. Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса
Жұлдыз, Ұлдай.
VІ. Сабақты қорыту
1.Бағалау
2.Үйге тапсырма:
1.Үндестік заңы, буын үндестігі туралы түсінік
-
317 - жаттығулар
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5 «Ә»
3.Күні, айы, жылы: 10.03.2015ж
4.Тоқсан: IІІ
5.Мұғалім: Юнусова Жұлдызай
Сабақтың тақырыбы: Буын үндестігіне
бағынбайтын қосымшалар
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
туралы түсінік беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар
арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың үндестік заңы, буын үндестігі туралы ұғымдарын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1.Үндестік заңы, буын үндестігі туралы түсінік
2.322 - жаттығу
ІІІ. Білім тексеру, дәптерлерін тексеру
IV.Жаңа тақырыпты түсіндіруге дайындық
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау
V. Жаңа сабақ
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
Қазақ тіліндегі қосымшалар негізінен буын үндестігіне бағынып жалғанғанымен , біраз қосымшалар бұл заңдылыққа бағынбайды.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар мыналар:
1)Көмектес септік жалғауы. Мысалы: баламен, қонақпен, күрекпен, сәнімен,т.б.
2)-нікі, (-дікі,-тікі), -тай, -тал, -дар, -еке, -тар. Мысалы: даланікі, әкетай, діндер, ағаеке, өсімтал;
3)-бей, -би, -кер, -гер, -қор, -паз, -қой, -кеш, -хана, -кес. Мысалы: бейшара, балгер, жемқор, әсемпаз, сәнқой, емхана, жұмыскер зиянкес;
4)-ов, -ова, -ев, -ева, -ин, -ина. Мысалы: Әуезов, Жұмабаев, Сейфуллин, Жұмағазина, т.б.
VІ. Жаңа сабақ бойынша түсінік тексеру.
1.Оқулықпен жұмыс
323– жаттығу (жазбаша)
* Мына жұрнақтарды қандай сөздерге жалғай алатындарыңды үлгі – сызбаға сүйеніп жазыңдар.
324–жаттығу(жазбаша)
-
Төмендегі әр сөз мына сызбалық үлгіге қарап қанша сөзбен байланысқа түсу мүмкіндігі барын анықтаңдар.
325 – жаттығу
-
Төмендегі сөздерге қосымша жалғап жазыңдар.
VІІ Сабақты бекіту
Өздік жұмыс.
І деңгей
-
Буын үндестігі туралы айт және төмендегі сөздерді буынға бөл.
Мұғалім, гүл, мектеп, ар, ұят, намыс.
ІІ деңгей
-
Төмендегі сөздерден буын құрайтын дыбыстардың астын сыз.
Ара, көбелек, ғарышкер, орындық.
ІІІ деңгей
1 «Қызық оқиға» деген тақырыпқа шағын шығарма жаз.
2. Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса
Сабақ, ұстаз
VІ. Сабақты қорыту
1.Бағалау
2.Үйге тапсырма:
1. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар туралы түсінік
-
326- жаттығу
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5 «Ә»
3.Күні, айы, жылы: 19.02.2015ж
4.Тоқсан: IІІ
5.Мұғалім: Юнусова Жұлдызай
Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты
«КӨКТЕМ»
Көктем. Қар еріп болды. Көктем келе жатыр. Күн жылынып,жер көгеріп келеді.Балалардың құанышы қойынына сыймай жүр. Олардың үйге кіргілері келмейді.Ауылды жерде егін салу басталады.Мен сақаға отырып жер жырт- тым. Марат трактормен егін екті. Кешке дамылсыз жаңбыр жауып,жұмыс аз істелді. Бұған біз ренжідік. Бүгін күн батты, бірақ жұмыс біткен жоқ. Кешке басқа адамдар келді. (60сөз)
Тапсырма: 1.Зат есімнін астын сыз.
2.Фонетика талдау: ренжідік,болды
Грамматикалық тапсрымаларды бағалау:
Бірініші тапсырма толық орындалып, екінші тапсырма жартылай орындалса – «3» (50%)
Екі тапсырма да дұрыс орындалып, үшінші тапсырма жартылай орындалса - «3» (75%)
Үш тапсырма да қатесіз орындалса - «5» (100 %)
Үйге тапсырма Қайталау
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5 «Ә»
3.Күні, айы, жылы: 19.03.2015ж
4.Тоқсан: IІІ
5.Мұғалім: Юнусова Жұлдызай
Сабақтың тақырыбы: Басқа тілден енген сөздерге
жалғанатын қосымшалар тоқсанда
өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың басқа тілден енген сөздерге жалғанатын
қосымшалар туралы түсінік беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша
тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың басқа тілден енген сөздерге жалғанатын қосымшалар туралы ұғымдарын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар туралы түсінік
ІІІ. Білім тексеру
Шығармашылық диктант
-
Төмендегі сөздерге қосымша қосып, сөйлем құрап жазыңдар.
Артель, лагер, бюллетень, бинокль, табель, циркуль, фонар, спектакль, автомобиль.
IV.Жаңа тақырыпты түсіндіруге дайындық
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау
V. Жаңа сабақ
Үндестік заңы бойынша жалғанатын қосымшалар мынадай
жағдайларда бұл заңға бағынбай қолданылады.
1.Соңғы буында ә, я дыбыстары бар сөздерге және х-дыбысына аяқталған сөздерге жуан қосымша жалғанады. Мысалы: кінәлау, күмәндану, поляктар, полярлық, тарихқа, цехта, т.б.
2. соңғы буында ю дыбысы бар сөздерге рк, рг, кт, ск, нк, лк, нг, нкт сияқты дыбыстар тіркесіне және жіңішкелік белгіге (ь) аяқталған сөзге жіңішке қосымша жалғанады. Мысалы: полюске, парашютті, паркте, хирургке, Томскіден, ансамбльден, бинокльден, рульді, т.б.
VІ. Жаңа сабақ бойынша түсінік тексеру.
1.Оқулықпен жұмыс
332– жаттығу (ауызша)
* Суреттер топтамасындағы 14-суретке зер сала қараңдар. Сонан соң төмендегі ертегіні оқып, ат қойыңдар.
333–жаттығу
-
Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіріңдер.
Мәтіннен құрамындағы дыбыстары кейінді ықпалдың әсерінен өзгеріске ұшыраған сөздерді теріп жазыңдар. Өззің тұрған жерде өсетін өсімдіктердің қандай құпияларын білесіңдер?
VІІ Сабақты бекіту
Өздік жұмыс.
І деңгей
1.Төмендегі сөздерге қосымша жалғап жаз.
Фильм, руль, альбом, киоск, повесть,грамм, крнспект банк.
ІІ деңгей
1.Төмендегі мәтіннен сөздерге қосымшалардың жалғану ерекшелігін айт.
Жиналған жұрт театр келгеннен бері талай қойылымды көріп, ләззаттанған жұрт пбеса авторын, оны қойған режиссерді, бас рөлдерде ойнайтын Күләш, Құрманбек, Қанабектерді сахнаға шақырды. Міне, бұлар – республиканың халық әртістері, пьесадағы көркемөнердің жаршысы.
ІІІ деңгей
1 соңғы буында /ә/ /я/ /ю/ дыбыстары бар, /х/ дыбысы және /рк/ /рг/ /кі/ /нк/ /лк/ /нг/ /нкт/ сияқты дыбыстар тіркесінен аяқталған сөздерге қандай қосымшалар жалғанады? Мысалдармен дәлелде.
VІ. Сабақты қорыту
1.Бағалау
2.Үйге тапсырма:
1. Басқа тілден енген сөздерге жалғанатын қосымшалар
2. 334 335-336- жаттығулар.
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5 «Ә»
3.Күні, айы, жылы: 12.03.2015ж
4.Тоқсан: IІІ
5.Мұғалім: Юнусова Жұлдызай
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс үндестігі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға дыбыс үндестігі туралы лингвистикалық білім беру және жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, дүниетанымдарын кеңейту, фонетикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
2. 326 - жаттығу
ІІІ Білім тексеру:
Шығармашылық диктант
-
Төмендегі сөздерді қатыстырып,сөйлем құрап жазыңдар.
-
Астық, айлық, айдын,
-
Әйгілі, әдемі, әңгіме.
-
Күләш,Кәрім.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Дыбыс үндестігі
Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында дауыссыз дыбыстардың бірін – бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады. Мысалы: қаздар (қазтар емес), есептер (есепдер емес), әкеге (әкеке емес), мектебі (мектепі емес), қасығы (қасықы емес).
Дыбыс үндестігі екіге бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал.
Көрші дыбыстардың алғашқысы соңғысын өзіне ұқсата әсер етуін ілгерінді ықпал дейміз: тас-тан, жаз-ға, адам-нан. Ілгерінді ықпал бойынша
сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, оған жалғанатын қосымша қатаңнан басталады. Сөздің соңғы дыбысы ұяң болса, қосымша ұяңнан, ал соңғы дыбыс дауысты немесе үнді дауыссыз болса, қосымша ұяң не үнді дауыссыздан басталады.
Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа әсер етуін кейінді ықпал дейміз. Мысалы: теп-теуіп; жап-жабады, жауып; сабақ- сабағы; кітап-кітабы; жазса (айтылуы жазсса); көнбейді ( айтылуы көмбейді).
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Сұрақ жауап
-
Дыбыс үндестігі дегеніміз не?
-
Дыбыс үндестігі нешеге бөлінеді?
-
Ілгерінді ықпал деген не? Мысалмен дәлелде.
-
Кейінді ықпал деген не? Мысалмен дәлелде.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
328-жаттығу
335 – жаттығу(ауызша)
-
Мәтіндегі басқа тілден енген сөздерге қосымшалардың жалғану ерекшелігін түсіндіріңдер.
2.Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей
-
Төмендегі сөйлемнен ілгерінді және кейінді ықпалды тап.
Төле би орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекұлымен, Кіші жүздің аға биіӘйтеке Бәйбекұлымен бірге қазақ ханы Әз-Тәуке ханның басты кеңесшісі болды
ІІ деңгей
-
Сөз тіркесінің аралығындағы ілгерінді кейінді ықпалды тап.
Атың кім? Ақ лақ, әкеп бер, сақ бол, көз сал, он бес, төрт қант.
ІІІ деңгей
-
Түбір мен қосымша, біріккен сөз, сөз тіркестері аралығындағы кейінді ықпалға мысалдар жаз.
VІІІ. Сабақты бекіту:
-
Бағалау
-
Үйге тапсырма беру:
1 Дыбыс үндестігі туралы түсінік.
2.329-330-331 – жаттығу.
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5 «Ә»
3.Күні, айы, жылы: 02.04.2015ж
4.Тоқсан: IV
5.Мұғалім: Юнусова Жұлдызай
Сабақтың тақырыбы: Кейінді ықпал
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға кейінді ықпал туралы білім беру және жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмала, мысалдар келтіру арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, дүниетанымдарын кеңейту, фонетикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру, үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Дыбыс үндестігі
2. Фонетикалық талдау
ІІІ Білім тексеру:
Шығармашылық диктант
-
Төмендегі сөздерді қатыстырып,сөйлем құрап жазыңдар.
-
Астық, айлық, айдын,
-
Әйгілі, әдемі, әңгіме.
-
Күләш,Кәрім.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Кейінді ықпал
Дыбыс үндестігі Түбір мен қосымшаның жігіндегі, сөз бен сөздің арасындағы дауысты және
дауыссыз дыбыстардың көршілес дауыссыз дыбыстарға ілгерінді-кейінді ықпал етіп өзгертуін дыбыс үндестігі (ассимиляция) дейді. Қазақ тілінде дыбыс үндестігінің үш түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал және тоғыспалы ықпал. ІЛГЕРІНДІ ЫҚПАЛ Сөз ішінде немесе сөздер аралығында алғашқы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп тұруын ілгерінді ықпал дейміз. а) Сөздің соңғы дыбысы дауысты, я үнді, я ұяң дауыссыз дыбыстардың бірі болса, дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы не үнді, не ұяң болады. Мысалы: бала-лар (бала-дар не бала-тар емес), күздік (күз-тік емес), қар-лы (қар-ды, қар-ты емес). ә) Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, не сөз б, в, г, д дыбыстарының біріне аяқталса, оған қатаң дыбыстан басталатын қосымша жалғанады. Мысалы: от-пен (от-бен я от-мен емес), космос-қа (космос-ға я космос-да емес), Ленинград-қа (Ленинград-ға емес). б) Біріккен сөздердің, сөз тіркесінің алғашқы сыңары қатаң болып, соңғы сыңары ұяңнан басталса да ол қатаңға айналады, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Мысалы: айтылуы: жазылуы: Қоныспек Қонысбек Тыныспек Тынысбек тас пер тас бер в) Біріккен сөздердін, сөз тіркесінің алғашқы сыңары дауыстыға, я үндіге, я ұяңға аяқталып, екінші сыңары қатаң дыбыстан басталса, айтылуда қатаң дыбыс ұяңданып естіледі, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Мысалы: айтылуы: жазылуы: Жаңағорған
Жаңақорған кім гелді? кім келді? КЕЙІНДІ ЫҚПАЛ Сөз ішінде немесе сөздер аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп өзгертуін кейінді ықпал дейміз. Сөздің соңғы дыбысы қатаң п, қ, к болып, жалғанатын қосымша дауыстыдан басталса, олар ұяң сыңарларына (п-б, к-г, қ-ғ болып) айналады, кейде п дыбысы у-ға айналады. Мысалы:- күрек — күрегі, доп — добы, тарақ — тарағы, тап — таба, тауып — (тапып емес). Кейінді ықпалдың жазуда ескерілмейтін түрі де бар: а) Сөздің соңғы дыбысы н болса, жалғанатын қосымшалар қ, ғ, г, б, п дыбыстарынан басталғанда, н өзгеріп ң не м болып айтылады, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Осылайша дауыссыздардың үндесуі біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің арасыңца да болады. Мысалы: айтылуы: жазылуы: Жампейіс Жанпейіс Ермағамбет Ермағанбет ә) Түбірдің соңғы с, з дыбыстарының бірі ш дыбысының алдынан келсе, олар айтылуда ш дыбысы болып естіледі. Мысалы: айтылуы: жазылуы: ашшы асшы колхошшы колхозшы б) Түбірдің соңгы дыбысы з болып, одан кейін с, ж дыбыстарының бірі келсе, з дыбысы с дыбысына не ж дыбысына айналады. Мысалы:айтылуы:жазылуы түс салтұз сал жассажазса божжігітбозжігіт ТОҒЫСПАЛЫ ЫҚПАЛ. Сөз тіркестерінің, біріккен сөз сыңарларының аралығындагы көршілес дыбыстардың бір-біріне қатар ілгерінді де, кейінді де әсер етіп, екеуінің де басқа дыбысқа ауысуын тоғыспалы ықпал дейміз. Бірақ жазуда бұл дыбыстық өзгеріс ескерілмейді. Мысалы: айтылуы: жазылуы: Дошшан Досжан Жаңгожа Жанқожа
Кейінді ықпал дегеніміз - сөз ішіндегі әріптің сол әріпке дейінгі әріпке ықпал етуі. Ілгерінді ықпал дегеніміз - сөз ішіндегі әріптің сол әріптен кейінгі әріпке ықпал етуі. Екеуін былай ажырытуға болады: кейінді ықпал кейінгі әріптің ықпал етуі, ілгерінді ықпал ілгері тұрған әріптің сол әріпке ықпал етуі. Мысалы: көк өрік - көгөрік - ілгерінді ықпал жұмысшы - жұмышшы - кейінді ықпал. Дыбыс үндестігі Түбір мен қосымшаның жігіндегі, сөз бен сөздің арасындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың көршілес дауыссыз дыбыстарға ілгерінді-кейінді ықпал етіп өзгертуін дыбыс үндестігі (ассимиляция) дейді. Қазақ тілінде дыбыс үндестігінің үш түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал және тоғыспалы ықпал. ІЛГЕРІНДІ ЫҚПАЛ Сөз ішінде немесе сөздер аралығынд а алғашқы дыбы стың өзінен кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп тұруын ілгерінді ықпал дейміз. а) Сөздің соңғы дыбысы дауысты, я үнді, я ұяң дауыссыз дыбыстардың бірі болса, дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы не үнді, не ұяң болады. Мысалы: бала-лар (бала-дар не бала-тар емес), күздік (күз-тік емес), қар-лы (қар-ды, қар-ты емес). ә) Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, не сөз б, в, г, д дыбыстарының біріне аяқталса, оған қатаң дыбыстан басталатын қосымша жалғанады. Мысалы: от-пен (от-бен я от-мен емес), космос-қа (космос-ға я космос-да емес), Ленинград-қа (Ленинград-ға емес). б) Біріккен сөздердің, сөз тіркесінің алғашқы сыңары қатаң болып, соңғы сыңары ұяңнан басталса да ол қатаңға айналады, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Мысалы: айтылуы: жазылуы: Қоныспек Қонысбек Тыныспек Тынысбек тас пер тас бер в) Біріккен сөздердін, сөз тіркесінің алғашқы сыңары дауыстыға, я үндіге, я ұяңға аяқталып, екінші сыңары қатаң дыбыстан басталса, айтылуда қатаң дыбыс ұяңданып естіледі, бірақ жазғанда түбірі сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |