Тест сұРАҚтары қазақ әдебиеті неше түрге бөлінеді?



бет13/16
Дата10.06.2016
өлшемі1.26 Mb.
#126437
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:


1 Тоғыспалы ықпал туралы түсінік.

  1. Кейінді ықпал, ілгерінді ықпал, тоғыспалы ықпалға мысал жазу 10 нан

ІІІ Білім тексеру:

    1. Сатылай фонетикалық талдау үлгісі

Сөз

1. Жуан, жіңішке, аралас буынды сөз

2.буын а) ашық ә) тұйық б) бітеу

3.тасымал

4.екпін

5.буын үндестігі



6. Дауысты, дауыссыз дыбыстарға мінездеме
Осы үлгіге сүйене отырып, білім - сөзіне сатылай кешенді

талдау жасау.
ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

«Орфография» деген сөз «дұрыс жазамын» дегенді білдіреді. Орфография – сөзді бірізді жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже.
Орфография дыбыстарды қандай әріппен беруді, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді.

«Орфоэпия» - «дұрыс айтамын» деген сөз. Орфоэпия – ауызша сөздің бірізді дыбысталуын қамтамасыз ететін ұлттық тіл нормасының жиынтығы. Әдетте сөздің бірізді дыбысталуы тілдесуді жеңілдетеді.

Дыбыс үндестігі орфоэпияның негізгі нормаларының бірі болып табылады.


Орфоэпиялық норма бойынша сөз бен қосымшаның шегіндегі, сөз бен сөздің аралығындағы дыбыстар бір – біріне үндесіп айтылуы керек.

VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Сұрақ жауап

  1. Орфография дегеніміз не?




  1. Орфоэпия дегеніміз не?

  2. Тіліміздегі сөздердің айтылуы мен жазылуына байланысты оқушылардың өздеріне мысалдар айтқызу және тақтаға жаздыру

  3. Мына сөздердің айтылуын жаз.

Көзқарас, шекара, бейсенбі, білекте, қашса, шашса.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс

  1. жаттығу(ауызша)

  1. Төмендегі сөздерді айтылуы бойынша жазыңдар.

  1. жаттығу

  1. Төмендегі сөздердің тұсына олардың орфоэпиялық нормасын сақтап жазыңдар.

  1. жаттығу

  1. Мәтінде қате жазылған сөздерді тауып, оларды дұрыс жазып шығыңдар.


2.Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей

1.Төмендегі сөздерден айтылуы бойынша жазылған сөздерді тап және оны дұрыс жаз.

Қонысбай, дүйсембі, сенбі, жұмышшы, бірқатар,сүссе, жасса, балмұздақты, Талдығорған, Меңдіқұл

ІІ деңгей

1.төмендегі сөздерді орфография бойынша жазып шық.
Башшы, өнүм, тұу, ыйық, тоқыу, іріу.

ІІІ деңгей

1. 1. Орфография мен орфоэпия туралы айт. Абайдың «Қыс» деген өлеңін орфоэпиялық нормамен жазып шық.
VІІІ. Сабақты бекіту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма беру:


1 Орфография мен орфоэпия туралы түсінік.

2.342 – жаттығу.


Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5 «Ә»

3.Күні, айы, жылы: 10.04.2015ж

4.Тоқсан: IV

5.Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы: Екпін, ой екпіні, сөз екпіні.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың екпін ой екпіні, сөз екпіні туралы білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың екпін және оның түрлерін түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру,деңгейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

IV Жаңа сабаққа дайындық

1.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау

V Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Тілдегі сөйлеу нормасына тән ендігі бір фонетикалық құбылыс – екпін. Сөйлеп тұрғанда, бір сөз басқа сөздерге, бір буын басқа буындарға қарағанда күшті, көтеріңкі айтылуын екпін дейміз.

Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні болып бөлінеді.

Екі немесе оданда көп буынды бір сөздің ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде сөз екпінінің орны тиянақты болды: екпін сөздің ең соңғы буынына түседі. Мысалы: үздік оқушыларға бағалы сыйлықтар беріледі.



Сөйлем ішіндегі ерекше көңіл аударылуға тиісті болған бір сөзді оқшаулап, бөліп айту ой екпіні деп аталады. Ой екпіні тұрақты болмайды. Өйткені бір сөйлемдегі кез келген сөзге ерекше көңіл аударыла беруі мүмкін.

Мысалы: Атасы бүгін ауылға келді. Атасы ауылға бүгін келді. Ауылға бүгін атасы келді.

Осында бірінші сөйлем атасы ауылға келгенін, екінші сөйлемде атасы бүгін келгенін, үшінші сөйлемде ауылға басқа емес, атасы келгенін нақтылап хабарлау мақсаты көзделген. Сондықтан тыңдаушының назарын ой екпіні түскен сөзге аудару үшін ол сөздің қалыпты орны басқа орынға (баяндауыштың алдына) ауыстырып қолданылған. Назар аударылатын сөз сөйлемнің басында не соңында, көбінесе баяндауыштың алдында тұрады.
VІ. Түсінік тексеру

  1. Терме диктант

1.Тігін фабрикасынан әкелінген киімдер дүкендерде сатылды.

2. Мектеп оқушылары құс фермасын аралап көрді. 3. Ферма жиырма мың центнер құс етін тапсырды. 4. Менің ағам авиация училищесінде оқиды. 5. Менің тұңғыш очеркім аудандық газетте жарияланды.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту

1..Деңгейлік тапсырмалар:



І деңгей

  1. Екпін дегеніміз не?

  2. Мына мәтіннен сөз екпінін тап.

Жастардың бүгінгі міндеті - оқу, білім, тәрбие жұмыстары. Сондықтан жастардың жалпы назары мектепке аударылуы керек.

(Ғ. Мұратбаев)

ІІ деңгей

1. Ой екпіні дегеніміз не?

2 Төмендегі шешендік сөзден ой екпінін тап.

Бостандықтың қадірін

Жабылғанда білерсің

Қалтаңдағы ақшаңды

Қағылғанда білерсің.

Денсаулықтың қадірін

Ауырғанда білерсің.

Ақ бетіңнің қадірін

Қан кеткенде білерсің.
ІІІ деңгей

  1. Мақал – мәтелдер жазып, мағынасын түсіндір және ой екпіні түсіп тұрған сөздің астын сыз.

VIІІ. Сабақты қорыту

      1. Бағалау

      2. Үйге тапсырма:

1Тасымал, екпін, сөз екпіні, ой екпіні туралы түсінік.

2. 334 -жаттығу


Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5 «Ә»

3.Күні, айы, жылы: 14.04.2015ж

4.Тоқсан: IV

5.Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы: Тіркес екпіні, дыбыс екпіні.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың тіркес екпіні, дыбыс екпіні туралы білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың екпін және оның түрлерін түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру,деңгейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1.Тасымал туралы түсінік.

2. 334 -жаттығу
ІІІ Білім тексеру:

  1. Екпін дегеніміз не?

  2. Сөз екпіні деген не?

  3. Ой екпіні деген не?

  4. Қазақ тіліндегі екпіннің ерекшелігі туралы айт.


IV Жаңа сабаққа дайындық

1.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау


V Жаңа тақырыпты түсіндіру:



Кейде тілімізде бірнеше сөз тізбектеліп барып түгелімен бір ғана екпінге ие болады. Екпіннің мұндай түрі тіркес екпіні деп аталады.

Мысалы: тәлім – тәрбие, ата – ана, оқу үшін, сен ғой, қырық шақты, ән сал, көк ала, қыпша бел, Абай көшесі, ат үсті, қас пен көздің арасында, құлақ сал, көп сөйледі, тез жазды, т.б.

Айтылуыда тіркес құрамына енген сөздердің ара жігі үзілмей, бірігіп айтылады.

Сөйлеушінің көтеріңкі көңіл күйін, абыржыған ішкі сезімін тыңдаушыға жеке бір дыбыс арқылы жеткізетін сәттер болады. Бір сөздің ішіндегі бір дыбысты көтеріп не созып айту тәсілі дыбыс екпіні деп аталады. Қуанышты көңіл күйді дауысты дыбыстарға түскен екпін білдіреді: т-тарт қолыңды, тыныш отыр-р-р, ж-жап есікті, т.б.
VІ. Түсінік тексеру

Оқулықпен жұмыс

345 – жаттығу

Үлгі – сызбада көрсетілген бір тіркес екпініне бағынатын сөздердің тұсына соған тұлғалас бірнеше сөз жазыңдар.

346 – жаттығу

Ауызша орындалады.

348 – жаттығу

Қарамен жазылған сөздерді буынға бөліп жазыңдар.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту

1..Деңгейлік тапсырмалар:



І деңгей

  1. Дыбыс екпіні туралы айт және оған мысал келтір.

ІІ деңгей

  1. Төмендегі өлең шумағынан сөз екпінін тап.

Көк майса бетегелі жерің қайда?

Күмістей толқындаған көңіл қайда?

Ың – жың боп жер қайысқан төрт түлікпен

Жөңкіліп көшіп қонған елің кайда? (М. Дулатов)

ІІІ деңгей

1.Жаңылтпаш жаз.
VIІІ. Сабақты қорыту

      1. Бағалау

      2. Үйге тапсырма:

1Ой екпіні, тіркес екпін туралы түсінік.

2. 349 -жаттығу


Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі.




  1. Сыныбы: 5 «Ә»




  1. Күні, айы, жылы: 16.04.2015




  1. Тоқсан: IV




  1. Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы:  Диктант «Аю мен бөрене»

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере

отырып, лексиканы, фонетиканы пысықтау,  сауатты жазуға  және  сөйлеуге  үйрету;

  ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын арттыра
отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру;

   б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік  тілді  құрметтеуге,


қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға  тәрбиелеу;

Сабақтың  түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:  сөздік

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Күтілетін  нәтиже: лексиканы және фонетиканы  меңгеру, сауатты жазу;

Сабақтың  барысы:

   І. Ұйымдастыру  бөлімі

- Оқушылармен амандасу            - Кезекшінің  мәліметі

         ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру

  ІІІ. Жаңа  сабақ

Қиын  сөздер : оқушылардан сұрау және тақтаға жазу.

                                      

«Аю мен бөрене»
Қалың орманды аралап келе жатқан бір аю бал арасына кез болыпты. Ағаш басындағы бал арасына тамсанып, аузынан сілекейі шұбырып, оны жегісі келеді. Аю ағаш басына өрмелеп, ұяға жақындағанда, ілініп тұрған ауыр бөрене оған кедергі жасапты. Балға ұмтылған аю бөренені итеріп жібереді. Ары серпілген ауыр бөрене өз салмағымен қайта оралғанда, аюдың басына сарт ете калады. Қара күшке сенген ожар аю ашуланып, бөренені одан бетер қатты итереді. Өз салмағымен қайта оралған бөрене аюдың басына тағы да сарт етеді. Аюдың құлағы шыңылдап, басы айналады. Бұған ызыланған аю бар күшімен бөренені үшінші рет итеріп жібергенде, қайта оралған бөрене аюдың басын қақ айырып, ағаштан ұшырып түсіріпті.
Тапсырма: АЮ, БӨРЕНЕ сөздеріне фонетикалық талдау жасаңдар.
ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар  қою арқылы  бекіту.  

              V. Үйге тапсырма

 Өткенді  қайталау

              VІ. Бағалау бөлімі

Диктант  жұмысы  бойынша  бағалау. 

              VІІ. Сабақты  қорытындылау


Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: IV

5.Мұғалім: .

Сабақтың тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың тіл дыбыстары және оның түрлері туралы түсініктерін бекіту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы нығайту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын арттыру, фонетикалық талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: қайталау

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару


ІVжаңа сабаққа дайындық


  1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

  2. Сабақ мақсатын түсіндіру


ІІ Үй тапсырмасын сұрау

1Ой екпіні, тіркес екпін туралы түсінік.

2. 349 -жаттығу
IIІ.Өткен материалдар бойынша білімін тексеру

І деңгей

1.Фонетика нені зерттейді?

2.Шаңырақ сөзіне фонетикалық талдау жаса.

ІІ деңгей



  1. Буын дегеніміз не? Мысалмен дәлелде.

2.Бақытты фонетикалық сөзіне сатылай кешенді

талдау жаса.


ІІІ деңгей

1.Тасымал дегеніміз не?

2.Екпін дегеніміз не? Оның неше түрі бар?

3.Өз өмірбаяныңды жазып шық.


VІІ. Сабақты бекіту

  1. 350 – жаттығу

І топ

* Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің

мағынасын түсіндір.

351 – жаттығу

ІІ топ

* Сөйлеудегі интонацияға, кідіріске екпінге



көңіл бөліңдер.

352 - жаттығу

ІІІ топ

* Екпін ерекше түсетін сөздерді анықтаңдар.



VIІІ Сабақты қорыту

  1. Бағалау

  2. Үй тапсырмасы: «Көктем» тақырыбында мәтін құрау.

354- жаттығу


Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5 «Ә»

3.Күні, айы, жылы: 17.04.2015

4.Тоқсан: IV

5.Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы: Сөзжасам туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға сөзжасам туралы түсінік беру, сөздердің мағынасын түсініп, жасалу жолдарын нақтылы мысалдар арқылы түсіндіру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушыларды қосымшалар, тағы басқа тәсілдер арқылы арқылы сөздердің жасалу жолдарын ажырата алу дағдыларын арттыру, талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

Жаңа сабаққа дайындық

  1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

  2. Сабақ мақсатын түсіндіру


Жаңа тақырыпты түсіндіру:

«Сөзжасам» дегеніміз – жаңа сөздердің жасалуы. Ойла дегенде ой деген сөзге – ла қосымшасы жалғану арқылы ойлау іс-әрекетін білдіретін жаңа сөз (ойла)жасалған. Мал деген сөзге -шы қосымшасы жалғану арқылы малды бағатын адам мәтіндегі жаңа мағыналы сөз (малшы) жасалған. Бес және атар деген екі сөздің бірігуінен жаңа мағыналы бесатар сөзі жасалған, ол – мылтықтың бір түрі.

Кәрі және жас деген сөздердің қосарлануы арқылы (кәрі-жас) бүкіл жұртшылық дегенді білдіретін жаңа мағыналы сөз жасалған.

Тілімізде қол деген сөз бар: бастапқы мағынасы – дене мүшесінің атауы, кейінгі мағынасы – әскер (қол).

Айғыр және жуа сөздерінің тіркесуінен (айғыр жуа) өсімдіктің атын білдіретін жаңа мағыналы сөз туған.

Жаңасөз тудырудың бірнеше тәсілі бар: жұрнақарқылы, екі сөзді біріктіру арқылы, екі сөзді қосарлау арқылы, екі сөзді тіркестіру арқылы жасалады.

Қазақ тіліндегі сөздер түбір сөздер және туынды сөздер болып бөлінеді. Жоғарыдағы келтірілген мысалдар – туынды сөздер. Ал түбір сөзге

сөздің бастапқы мағынасы жатады: ой, мал, бес, ат, кәрі, жас, бала, айғыр, т.б.

Түсінік тексеру

І топ


355 -жаттығу

  1. Мына сөздердің қайсысы түбір, қайсысы жаңа мағынаға ие болған туынды сөз екенін айтыңдар.

ІІ топ

356 - жаттығу



  1. Мәтінді көшіріп жазып, әр түрлі тәсілмен жасалған туынды сөздердің астын сызыңдар.

Сабақты бекіту

Терме диктант жазу.

Екі жақ та қолға түскендердің қолдарын байлап, өз жағына қарай айдап әкетіп барады, әсіресе, иесіз қалған аттарды қуып жүргендер

көп – ақ. Енесей қашуға жөнелген бір топ аттарды қуа жөнеліп еді,

мойнынан оқ тиіп,Енесейдің аты омақаса құлап, Енесей жерді сүзе құлады. Қосалқы атты жетелеп жүрген Бекентай ауыздығымен алысып қызып алған тың атты тоса берді.
Сабақты қорыту


  1. Бағалау

2.Үй тапсырмасы:

1. Сөзжасам туралы түсінік

2.357-360 - жаттығу


Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5 «Ә»

3.Күні, айы, жылы: 21.04.2015

4.Тоқсан: IV

5.Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы: Сөзжасам туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға сөзжасам туралы түсінік беру, сөздердің мағынасын түсініп, жасалу жолдарын нақтылы мысалдар арқылы түсіндіру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушыларды қосымшалар, тағы басқа тәсілдер арқылы арқылы сөздердің жасалу жолдарын ажырата алу дағдыларын арттыру, талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

Үй жұмысын тексеру:

1. Сөзжасам туралы түсінік

2.357-360 - жаттығу


Жаңа сабаққа дайындық


  1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

  2. Сабақ мақсатын түсіндіру


Жаңа тақырыпты түсіндіру:

«Сөзжасам» дегеніміз – жаңа сөздердің жасалуы. Ойла дегенде ой деген сөзге – ла қосымшасы жалғану арқылы ойлау іс-әрекетін білдіретін жаңа сөз (ойла)жасалған. Мал деген сөзге -шы қосымшасы жалғану арқылы малды бағатын адам мәтіндегі жаңа мағыналы сөз (малшы) жасалған. Бес және атар деген екі сөздің бірігуінен жаңа мағыналы бесатар сөзі жасалған, ол – мылтықтың бір түрі.

Кәрі және жас деген сөздердің қосарлануы арқылы (кәрі-жас) бүкіл жұртшылық дегенді білдіретін жаңа мағыналы сөз жасалған.

Тілімізде қол деген сөз бар: бастапқы мағынасы – дене мүшесінің атауы, кейінгі мағынасы – әскер (қол).

Айғыр және жуа сөздерінің тіркесуінен (айғыр жуа) өсімдіктің атын білдіретін жаңа мағыналы сөз туған.

Жаңасөз тудырудың бірнеше тәсілі бар: жұрнақарқылы, екі сөзді біріктіру арқылы, екі сөзді қосарлау арқылы, екі сөзді тіркестіру арқылы жасалады.

Қазақ тіліндегі сөздер түбір сөздер және туынды сөздер болып бөлінеді. Жоғарыдағы келтірілген мысалдар – туынды сөздер. Ал түбір сөзге

сөздің бастапқы мағынасы жатады: ой, мал, бес, ат, кәрі, жас, бала, айғыр, т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет