Тест сұРАҚтары қазақ әдебиеті неше түрге бөлінеді?



бет10/16
Дата10.06.2016
өлшемі1.26 Mb.
#126437
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Ұяң дауыссыздар туралы түсінік

  2. 276.277 - жаттығулар


ІІІ. Білім тексеру

Шығармашылық диктант

  • Төмендегі сөздерге қосымша жалғап, сөйлем құрап жазыңдар.

    1. Автоцистерна, кросс, миллиграмм, съезд,повесть

    2. Металл, фантастика, штамп, факт, митинг, ромб, киоск, шрифт.

IV.Жаңа тақырыпты түсіндіруге дайындық

4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау

V. Жаңа сабақ

Дауыссыз дыбыстардың түрлері

Дауыссыздар салдыр мен үннің қатысына қарай: қатаң, ұяң, үнді болып үш топқа бөлінеді.
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан үн басым болатын дайыссыз дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз. Үнді дауыссыздар мыналар: р, л, й, у (тау), м, н, ң.

VІ. Жаңа сабақ бойынша түсінік тексеру.

1.Оқулықпен жұмыс

279– жаттығу (жазбаша)

* Үнді дауыссыздарға аяқталған сөздерді жазыңдар

286–жаттығу(ауызша)

  • Үнді дыбыстан басталатын бірнеше биологиялық терминдердің атын жазыңдар..

288– жаттығу

  • Мәтінді көшіріп жазып, үнді дауыссыздары бар сөздердің астын сызыңдар.



VІІ Сабақты бекіту

Өздік жұмыс.

І топ

1.Сөз ортасында қос дауыссыз кездесетін атауларды жазыңдар.

2. Балалар сөзіне фонетикалық талдау жаса

ІІ топ

1. Бірдей дыбыстардан басталатын сөздерден сөйлем құрап жазыңдар.

2.Даңғыл сөзіне фонетикалық кешенді талдау жаса

ІІІ топ

1. қай жағынан оқысаңда бірдей жазылып, бірдей айтылатын сөздер тауып жазыңдар.

2. Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса

Моншақ, рахмет

VІ. Сабақты қорыту

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма:

    1. Үнді дауыссыздар туралы түсінік

    2. 292-295 - жаттығулар



Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5 «Ә»

3.Күні, айы, жылы: 20.02. 2015ж

4.Тоқсан: IІІ

5.Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы: Буын, оның түрлері Ашық буын

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың буын және оның түрлері туралы білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың буын және оның түрлерін түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру,деңгейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

IV Жаңа сабаққа дайындық

1.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау

V Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Сөз бірнеше фонетикалық бөлікке жіктеледі. Балалар мектепке келді деген сөйлемде үш сөз бар. Осы сөйлемдегі сөздер естілуі жағынан Ба-ла-лар мек-теп-ке кел-ді болып бірнеше шағын дыбыс тобына жіктеліп тұр. Осындай дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі БУЫН делінеді.

Сөздердің әрбір фонетикалық бөлшегі болған буын бір не бірнеше дыбыстан (фонемадан) құралады: Мысалы, қант, а-ла-мын сөздеріндегі буындарды алсақ, бірінші сөз бір буыннан, екінші сөз үш буыннан құрылып тұр. Бірінші сөзде буын төрт дыбыстан, екінші сөздегі бірінші буын бір дыбыстан, екінші буын екі дыбыстан, үшінші буын үш дыбыстан құралған.

Демек, буын дегеніміз – Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек. Дауысты дыбыстың Бір өзі буын бола алады. Дауыссыз дыбыстар жеке тұрып өздігінен буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Буын жеке дауыстыдан және дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан, оның құрамы үнемі бір қалыпты болмайды. Қазақ тілінде буынның үш түрі бар. Олар: 1)ашық буын, 2) тұйық буын, 3) бітеу буын.

1.Ашық буын. Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыстыдан басталып дауыстыға аяқталатын буынды ашық буын деп атаймыз: а-ға, ба-ла, қа-ла, т.б. Ашық буынның ішндегі жалғыз дауыстыдан болған буынды жалаң буын дейміз: а-дам, а-та.

2. Тұйық буын. Дауыстыдан бастылып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын деп атаймыз: ат, аз, ақ, өрт, ұл, ант, т.б.

Тұйық буынға жалаң буын қосатын болсаң, онда буын жігі өзгереді: өрт+і=өр-ті, оқ+ы=оғы, еп+і= е-бі, ек+ін=е-гін, т.б.

3. Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған (дауысты дыбыс ортада келетін) буынды бітеу буын дейміз: тал, төрт, бар, жаз, кел, кең, қант, т.б.

Сөздік қорды құрайтын түбір сөздердің көбі тұйық және бітеу буынды болып келеді. Ашық буынның өз алдына сөз болуы өте сирек.

VІ. Түсінік тексеру

1.Оқулықпен жұмыс

296-жаттығу(ауызша)

* Мәтінді оқып, тарихи сөздерді тауып, оларды буынға бөліңдер. Әрбір буын қанша дыбыстан құралған және қайсысы буын құрайтын, қайсысы буын құрай алмайтын дыбыстар екенін айтыңдар.

300 –жаттығу



  • Екінші абзацтағы сөздерді буынға бөле отырып көшіріп жазыңдар. жазыңдар.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту

1.Перфокартамен жұмыс


Сөйлем

Ашық буын

Бітеу буын

Тұйық буын












Біздің заманымызда не көп, сан түрлі таң ғажайып

мамандық көп.

( І. Есенберлин)


























ауыл осы қонысқа кейін орналасқаннан бері қарай, ол бір күн дамыл танытқан емес.

( М.Әуезов)



























Сайдың тасындай, күмістей жалтылдап күнге шағылысқан, қорғасындай балқып.

























Ералин жуынып шыққан соң қорасына қарап тұрғанда есіктен басын ғана қылқитып қарт анасы шықты.

(Ғ. Мүсірепов)



























Мал, жан көп, бай ауыл осы орынды қыстауға лайықтап алғаннан әлі жаңа қыстау сала алмай ескілеу тар қораға сия алмай күннің көзі жылынысымен киіз үйге шығыпты.

( М.Әуезов)


























2.Деңгейлік тапсырмалар:



І деңгей

1. Буын құрайтын дыбыстарды жаз.

2. мәтінді буынға бөліп жаз.

Абай – өз заманының жаршысы. Оның шығармалары – сол заманның шежіресі. Оларда сол кездегі қазақ қауымының тұрмыс – тірішілігі барлық ерекшеліктерімен, тек өзіне ғана тән белгі – бедерімен, өзіндік бояу өрнектерімен мейлінше айқын да толық бейнеленген. (Ж.Смағұлов)

ІІ деңгей

1. Буын дегеніміз не?

2 Буын түрлеріне ажыратып жаз.

Адамның бір атаның балалары екені рас болса, белгілі бір заманның баласы екен де даусыз.

ІІІ деңгей

1.Бітеу буынды сөздерге мысал келтір.

2. «Менің қалам» деген тақырыпта мәтін құра. Мәтіннен буын түрлерін ажыратып жаз.

VIІІ. Сабақты қорыту

      1. Бағалау

      2. Үйге тапсырма:

1. Буын және буын түрлері туралы түсінік. туралы түсінік .

2. 301-305 -жаттығулар

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5 «Ә»

3.Күні, айы, жылы: 24.02. 2015ж

4.Тоқсан: IІІ

5.Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы: Тұйық буын

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың буын және оның түрлері туралы білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың буын және оның түрлерін түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру,деңгейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

IV Жаңа сабаққа дайындық

1.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау

V Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Сөз бірнеше фонетикалық бөлікке жіктеледі. Балалар мектепке келді деген сөйлемде үш сөз бар. Осы сөйлемдегі сөздер естілуі жағынан Ба-ла-лар мек-теп-ке кел-ді болып бірнеше шағын дыбыс тобына жіктеліп тұр. Осындай дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі БУЫН делінеді.

Сөздердің әрбір фонетикалық бөлшегі болған буын бір не бірнеше дыбыстан (фонемадан) құралады: Мысалы, қант, а-ла-мын сөздеріндегі буындарды алсақ, бірінші сөз бір буыннан, екінші сөз үш буыннан құрылып тұр. Бірінші сөзде буын төрт дыбыстан, екінші сөздегі бірінші буын бір дыбыстан, екінші буын екі дыбыстан, үшінші буын үш дыбыстан құралған.

Демек, буын дегеніміз – Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек. Дауысты дыбыстың Бір өзі буын бола алады. Дауыссыз дыбыстар жеке тұрып өздігінен буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.


Буын жеке дауыстыдан және дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан, оның құрамы үнемі бір қалыпты

болмайды. Қазақ тілінде буынның үш түрі бар. Олар: 1)ашық буын, 2) тұйық буын, 3) бітеу буын.

1.Ашық буын. Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыстыдан басталып дауыстыға аяқталатын буынды ашық буын деп атаймыз: а-ға, ба-ла, қа-ла, т.б. Ашық буынның ішндегі жалғыз дауыстыдан болған буынды жалаң буын дейміз: а-дам, а-та.

2. Тұйық буын. Дауыстыдан бастылып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын деп атаймыз: ат, аз, ақ, өрт, ұл, ант, т.б.

Тұйық буынға жалаң буын қосатын болсаң, онда буын жігі өзгереді: өрт+і=өр-ті, оқ+ы=оғы, еп+і= е-бі, ек+ін=е-гін, т.б.

3. Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған (дауысты дыбыс ортада келетін) буынды бітеу буын дейміз: тал, төрт, бар, жаз, кел, кең, қант, т.б.

Сөздік қорды құрайтын түбір сөздердің көбі тұйық және бітеу буынды болып келеді. Ашық буынның өз алдына сөз болуы өте сирек.

VІ. Түсінік тексеру

1.Оқулықпен жұмыс

VІІ. Жаңа сабақты бекіту

1.Перфокартамен жұмыс


Сөйлем

Ашық буын

Бітеу буын

Тұйық буын












Біздің заманымызда не көп, сан түрлі таң ғажайып

мамандық көп.

( І. Есенберлин)


























ауыл осы қонысқа кейін орналасқаннан бері қарай, ол бір күн дамыл танытқан емес.

( М.Әуезов)



























Сайдың тасындай, күмістей жалтылдап күнге шағылысқан, қорғасындай балқып.

























Ералин жуынып шыққан соң қорасына қарап тұрғанда есіктен басын ғана қылқитып қарт анасы шықты.

(Ғ. Мүсірепов)



























Мал, жан көп, бай ауыл осы орынды қыстауға лайықтап алғаннан әлі жаңа қыстау сала алмай ескілеу тар қораға сия алмай күннің көзі жылынысымен киіз үйге шығыпты.

( М.Әуезов)


























2.Деңгейлік тапсырмалар:



І деңгей

1. Буын құрайтын дыбыстарды жаз.

2. мәтінді буынға бөліп жаз.

Абай – өз заманының жаршысы. Оның шығармалары – сол заманның шежіресі. Оларда сол кездегі қазақ қауымының тұрмыс – тірішілігі барлық ерекшеліктерімен, тек өзіне ғана тән белгі – бедерімен, өзіндік бояу өрнектерімен мейлінше айқын да толық бейнеленген. (Ж.Смағұлов)

ІІ деңгей

1. Буын дегеніміз не?

2 Буын түрлеріне ажыратып жаз.

Адамның бір атаның балалары екені рас болса, белгілі бір заманның баласы екен де даусыз.

ІІІ деңгей

1.Бітеу буынды сөздерге мысал келтір.

2. «Менің қалам» деген тақырыпта мәтін құра. Мәтіннен буын түрлерін ажыратып жаз.

VIІІ. Сабақты қорыту

      1. Бағалау

      2. Үйге тапсырма:

1. Буын және буын түрлері туралы түсінік. туралы түсінік .

2. 306 -жаттығу

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5 «Ә»

3.Күні, айы, жылы: 26.02.2015

4.Тоқсан: IІІ

5.Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы: Бітеу буын

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың буын және оның түрлері туралы түсініктерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың фонетика жайындағы, тіл дыбыстары және олардың түрлері туралы теориялық білімдерін кеңейту және олдары практикада қолдана білуге үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту, талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: бекіту сабағы

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

IV.Жаңа тақырыпты түсіндіруге дайындық

1.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау

VІІ Сабақты бекіту

Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей

1.Буын құрайтын дыбыстарды жаз.
2.Төмендегі сөздерден ашық буынды тап.

Күн шығып, ел тұра бастады, - Нұрлан әлі жоқ.


ІІ деңгей

1.Мәтіндегі сөздерді буын түрлеріне қарай талда.

Қорған кезінде топырақ араластыра тастан қаланған екен де, бұл кезде қорғанның үстіне жыңғыл мен шеңгел араластыра



шығып, өзінше ол да бір сән беріп тұр.

ІІІ деңгей

1.«Егемен Қазақстан» тақырыбына шағын шығарма жазып, буын түрлеріне талда.
Оқулықпен жұмыс:

306– жаттығу ауызша айту

* Мәтіннен өздерің қалаған үш сөзді буын түрлеріне ажыратып талдаңдар.

308 – жаттығу

  • Мәтіннен аралас буынды сөздерді теріп жазыңдар.

309 – жаттығу

  • Қарамен жазылған сөздерді буынға бөліп жазыңдар.

VІ. Сабақты қорыту

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма:

    1. Буын және оның түрлері туралы қайталау.

2 сөйлем алып фонетикалық талдау жасау

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5 «Ә»

3.Күні, айы, жылы: 27.02.2015

4.Тоқсан: IІІ

5.Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы: Тасымал

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың тасымал туралы білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың тасымал және оның түрлерін түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру,деңгейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

IV Жаңа сабаққа дайындық

1.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау

V Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Сөздің жолға симаған бір я бірнеше буынын келесі жолға тасымалдауға болады .

Сөздің жолға сыймаған бөлігін екінші жолға тасымалдау буын жігінен жасалады. Мысалы:са-бақ, мек-теп, таңер-теңгі, таң-ертеңгі. Мына сияқты санаулы сөздерде тасымал дауытыдан басталады: жу-ын, қи-ыр, ти-ын, бу-ын, жи-ын.

Мына төмендегі сөз түрлерін тасымалдауға болмайды.

  1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды. Мысалы:от,кел,ет, қарт,т.б.

  2. Сөздің бір әрпін келесі жолға тасымалдауға болмайды. Сондай – ақ ата, аю, кею, сия, қия сөздеріндегі и,а,я,ю әріптерін тасымалдауға болмайды.

  3. А.Құнанбаев, М. Жұмабаев деген сияқты қысқартылып жазылған кісі атын оның фамилиясынан бөліп тасымамдауға болмайды.



  1. Қысқартылып жазылған өлшем атауларын (км, кг, г, м, см, мм, т.б) алдындағы саныннан бөліп тасымалдауға болмайды: 10кг, 25км.




  1. Бас әріптері және бас әріп пен сөздің басқа буыны арқылы қысқарған сөздер тасымалданбайды. Мысалы: АҚШ, ТМД, ҚазҰУ, АлҰУ, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет