Амбулаторлы-емханалық жағдайда онкология, маммология
501. Гистологиялық тексеруде бұған асты лимфалық түйінде жалпақ клеткалы обырдың жасушалары анықталған. Ісіктің орналасқаның қай жерден іздеу керек?
1.Асқазан
2.Тік ішек
3.Өңештің жоғарғы 3/1
4.Гайморова пазуха
5.Төменгі ерін
502. 57 жастағы науқасты үйде қаралды: бірнеше күн бойы тамақ ішкеннен кейін эпигастральді аймақта ауырлық сезім пайда болған және жүрек айнуды басу үшін құсуды өзіндік тудырғандығы анықталған. 5-7 кг салмақ жоғалтқан. Әлсіздік байқалады, бұрын 12 елі ішектің жара ауруымен ауырған. Физикальді қарағанда тері тургоры төмендеген, асқазан «шылпыл шуы» пайда болған. Бұл жағдайда не істеу керек?
1.Зерттеу
2.Асқазанға зонд қою, үнемі жуып отыру
3.Терапия бөліміне жатқызу
4.Хирургиялық онкологияға жатқызу
5.Қысқа уақытты дайындықтан кейін хирургиялық стационарға жатқызу
503. Науқасты тексергеннен кейін қалқанша безінің оң жақ бөлігінің фолликулярлы обырының IIIа сатысы анықталған. Науқасқа қандай операция көлемі жасалады?
1.Экономды резекция
2.Оң жақ бөліктің субтоталды резекциясы
3.Қалқанша безінің эктирпациясы
4.Крайля операциясы
5.Гемиструмэктомия
504. Егерде сүт безі обыры не цитологиялық, не гистологиялық верифицирленбесе, бірақта дәрігерде клиникалық сүт безі обырына күмән бар, онколог не істеуі қажет:
1.Отаалды курс терапиясын өткізеді
2.Химиотерапия тағайындау
3.Науқасты емханаға хирургтың бақылауына жіберу
4.Сүт безіне секторалды резекция экспересс - гистологиямен
5.Бірден радикалды мастэктомия операциясын жүргізу
505. Дәрігерге бұрын тізе буынында ауыспалы ауырсынулармен ауырмаған 49 жастағы науқас қаралды. Анамнезінен: темекі тартады, құрғақ жөтел, СОЭ – 48 мм/сағ, ревматоидты пробалар оң нәтижелі, рентгенограммада: түбір аймағындағы зонада айшықталу, бірінші өкпе алаңында ортанғы бөлікте сәулелі контурлармен біркелкі емес домалақ көленкелер түзілу. Жағдайдың ең тиімді әдісін көрсетіңіз:
1.Шайындыларды цитологиялық зерттеумен бронхоскопия
2.Туберкулинді пробалар
3.Буындардың пункционды биопсиясы
4.Өкпе томографиясы
5.Өкпе рентгенографиясы
Амбулаторлы-емханалық жағдайында оториноларингология
511. Науқас шағымы: тыныс алуының қиындауы, мұрын аймағының ауырсынуы, дене қызуының 37.0 С көтерілуі. Бұл симптомдар үш күн бұрын мұрын жарақатынан кейін пайда болған, мұрынынан қан кеткен. Объективті: мұрын пердесі аймағының жұмсақ тканьдер инфильтрациясы есебінен мұрын жолдарының таралуы. Зонттау кезінде инфильтрат орталығының флюктуациясы байқалады. Аталған диагноздардың қайсысы аса ықтимал болып табылады?
1.Мұрын пердесінің іріңдеген гематомасы
2.Мұрыннан қан кету гипертраниялық ауру
3.Мұрын сүйектерінің жабық сынуы, мұрыннан қан кету
4.Мұрын қуысының бөгде заттар
5.Мұрын пердесінің қансыраған полипі
512. Мұрынның су аққаннан кейін науқаста сол жақ мұрында ісіну, қызару және мұрын терісінің ауырынуы болды. Ауырсыну тіске, самай аймағына, сол жақ көзге берілді, t – 38 С.
Объективті: сол жақ мұрын қанатында шектелген, ортасында іріңдігі бар ашық қызыл түсті ісіну көрінеді. Аталған диагноздардың қайсысы аса ықтимал болып табылады?
1.Мұрын фурункулы
2.Полипозды риносинусит
3.Созылмалы гипертрофиялы ринит
4.Созылмалы атрофиялық ринофарингит
5.Сол жақтық гемисинусит
513. Науқас 36 жаста. Сол жақ мұрын қанатындағы фурункулдың іріңдігін жарғаннан кейін жалпы жағдайы нашарлады. Күшті қалтырау, терлеу, гектикалық температура, қатты бас ауруы пайда болды. Жергілікті мұрын қанаты айналасында, инфильтрат бар жерде ісінуі байқалады. Ол сол жақ бет және ерін аймағына таралған. Аталған диагноздардың қайсысы аса ықтимал болып табылады?
1.Мұрын фурункулы
2.Кавернозды синус тромбозды, риногенді сепсис
3.Полипозды риносинусит
4.Созылмалы атрофиялы ринофарингит
5.Сол жақты гемисинусит
514. 4 жастағы баланың мұрын демалысы қиындады, ауызбен демалады. Объективті: бала бозарған, аузы ашық, ауыз-мұрын қосылысы айқын емес. Қатты таңдай жоғары көтерілген, маңқаланған.
Аталған диагноздардың қайсысы аса ықтимал болып табылады?
1.Бадамша безінің гипертрофиясы
2.Есту түтігі безінің гипертрофиясы
3.Жұтқыншақ арты іріңдігі
4.Аденоид
5.Паратонзиллярлы іріңдік
515. Науқастың шағымы: маңдай мен бетінің сол жақ бөлігінің ауруы, басының ауруы, мқрынның ағуы. Объективті: риноскопияда сол жақ мұрын қуысының шырышты қабатының инфильтрациясы гиперемиясы, ортаңғы мұрын жолының іріңді бөліністер. Пальпацияда: жоғарғы жақ қуысы аймағы мен сол жақ қас үсті аймағындағы ауырсыну анықталады. Рентгенге түсіргенде: мұрын қосалқы қуыстарының оң жақ гаймор және маңдай қуысында қараңғылау. Аталған диагноздардың қайсысы аса ықтимал болып табылады?
1.Жедел ринит
2.Кавернозды синустромбозы, риногенді сепсис
3.Созылмалы гипертрофиялы ринит
4.Созылмалы артрофиялы ринофарингит
5.Сол жақты гемисинусит
Амбулаторлы-емханалық жағдайдағы офтальмология
521. Балалар бақшасына баратын 4 жастағы қыз балада жедел вирусты инфекция анықталды.Науқас басталғаннан соң 3 күннен кейін сол көзге,одан бір күннен кейін оң көзге шағымданған.Ата анасы баланы жанұялық дәрігерге әкелген. Объективті: айқын көзден жас ағу,жарыққа қарай алмау,блефароспазм. Кабақ пен көз алмасының конъюнктивасы ісінген,қызарған, нүктелі қанқұйылыстармен, оның бетінде – жабынды тәрізді бөліністер (жеңіл алынады).Қасаң қабықта нүктелі инфильтраттар.Болжама диагноз қойыңыз және өз шешіміңізді түсіндіріңіз.
1.Жедел эпидемиялық конъюнктивит; себебі, конъюнктивада қанқұйылыстар бар
2.Жедел бактериалды конъюнктивит;конъюктивада қызару бар
3.Гонобленнореялық конъюнктивит;себебі қасаң қабық синдромы және бөліністер бар
4.Екі көзде пневмококкты конъюнктивит;себебі конъюктивада жеңіл алынатын жабындылар бар
5.Хламидиялық конъюнктивит;асқынулар бар- қасаң қабық синдромы және кератит.
522. Ер адам 28 жаста.2 жұма бұрын басынан соққы алған.Қазір оң көзінің соңырлығына шағымданады.Сырттай көзде өзгерістер жоқ.Көздің оптикалық орталыры мөлдір.Көз түбінде көру нервісінің дискісі ақшыл түсті,шекарасы анық,қан тамырлары тарылған.Басқа көз түбінде басқа өзгерістер жоқ.Сол көзде - диск қызыл түсті,қан тамырлары,тор қабат өзгермеген.ОҢ көздің көру өткірлігі дұрыс жарық сезгіштікке тең.Сол көздің көру өткірлігі бірге тең. Диагноз қойыңыз.
1.ОД-Жарақаттық нейрооптикопатия
2.ОД -Жарақаттық ишемиялық нейрооптикоопатия
3.ОД-Көру нервісінің жарақаттық екіншілік семуі
4.ОД-Көру нервісінің жарақаттық біріншілік семуі
5.ОД-Көру нервісінің жартылай жарақаттық семуі
523. ЖҰА оң көзінің темір жарықшасымен жарақатталған науқас келді. ЖДА-ға металлдың ұшқынынан оң жақ көзі зақымдануына шағымданды. Объективті: ОД – склераның аралас инъекциясы,көру өткірлігі 0,05. Қасаң қабықта 12 сағатта жара бар. Шатыраш қабықта бөгде зат көрінеді. Алдыңғы камера түбінде 3 мм қан деңгейі бар. Диагноз қойыңыз, өз шешіміңізді түсіндіріңіз.
1.ОД-Қасаң қабықтың өтпелі жарақаты,себебі қасаң қабықта жара және аралас инъекция бар
2.ОД- Қасаң қабықтың өтпелі жарақаты ,себебі қасаң қабықта жара және гифема бар
3.ОД- Қасаң қабықтың өтпелі жарақаты ,себебі қасаң қабықта жара және гипопион бар
4.ОД-Қасаң қабықтың өтпелі жарақаты , себебі шатыраш қабықта бөгде дене бар
5.ОД- Қасаң қабықтың өтпелі жарақаты, себебі көздің көру өткірлігі 0,05 дейін төмендеген
524. Жанұялық дәрігерге 35 жастағы ер адам оң көзінен жас ағатынына шағымданып келген.Сырттай қарағанда көз жағынан өзгерістер жоқ.Жас қалтасын басқанда,жас нүктесінен бөліністер жоқ.Колларгол сынамалары теріс.Болжама диагноз қойыңыз және оны дәлелдеңіз.
1.Жас нүктелерінің тарылуы,себебі өзекше және мұрын сынамалары теріс.
2.Жас өзектерінің бітелуі, себебі өзекше және мұрын сынамалары теріс.
3.Созылмалы дакриоаденит,себебі жас нүктелерінен бөліністер жоқ.
4.Созылмалы дакриоцистит,себебі көзден жас ағатына шағымданады.
5.Жас-мұрын өзегінің тарылуы,себебі көзден жас ағатынына шағымданады.
525. Бірнеше күн бұрын қасаң қабықтан беткей бөгде алынған. Оған дейін көзінен жас ағатын. Бір күннен соң жарақат алған көзден жас аға басталады. Тағы бір күннен кейін көзде ауырсыну,көзден жас ағу,қабақтарын аша алмау байқалды. Объективті: көзде перикорнеалды инъекция,қасаң қабықтың ортасында бір қыры көтеріңкі, түбі сары түсті ақау бар. Қасаң қабықтың беті флюоресцейінмен боялады. Шатыраш қабықтың түсі өзгерген,суреті анық емес,алдыңғы камераның түбінде 2 мм ірің деңгейі бар. Жас қалтасын басқанда жас рүктесінен ірің бөлінеді. Диагноз қойыңыз.
1.Қасаң қабықтың жылжымалы жарасы,гипопион,созылмалы дакриоцистит
2.Қасаң қабықтың іріңді жарасы, іріңді дакриоцистит, иридоциклит
3.Қасаң қабықтың іріңді жарасы,іріңді дакриоцистит, іріңді иридоциклит
4.Қасаң қабықтың жылжымалы жарасы,созылмалы дакриоцистит, іріңді иридоциклит
5.Іріңді кератоиридоциклит, созылмалы дакриоцистит
ЖДА жағдайындағы урология
531.Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясының бастапкы анықтау әдісі:
1.Уретроскопия
2.Цистоскопия
3.Тік ішекті аркылы саусақпен простатаны тексеру
4.Хромоцистоскопия
5.Цистоманометрия
532.3-стақанды сынау кезіндегі уретриттің айқын себебін көрсетіңіз:
1.Зәрдің бірінші бөлшегінде лейкоциттар бар болуы
2.Зәрдің екінші бөлшегінде лейкоциттар бар болуы
3.Зәрдің үшінші бөлшегінде лейкоциттар бар болуы
4.Зәрдің бар бөлшектерінде лейкоциттар бар болуы
5.Зәрдің бірінші және үшінші бөлшектерінде лейкоциттар бар болуы
533.Бір мезгілді терминальді гематурия болды. Қандай зерттеу тәсілі диагноз қоюға қажет:
1.Ультрадыбысты зерттеу
2.Цистоскопия
3.Экскреторлы урография
4.Ретроградты цистография
5.Қуықтың шолу урограммасы
534.Күндiзгi поллакиурия қай жағдайда кездеседi:
1.Қуық асты безiнiң аденомасы
2.Қуық асты безiнiң жарақаты
3.Нейрогендi қуықта
4.Несеп ағардың аллергологиялық ісігі
5.Қуық тастарында
535.Науқас М., 40 жаста. Шақыруға себебі: жағдайы нашарлады. Қараған кезде сол жақ белден шап және сан аумағына қарай қатты толғақ тәрізді ауырсыну сезіміне шағымданды. Ауырсыну сезімі 4 сағат бойы жалғасады. Анамнезінде ЗТА. Физикалық жүктемеден кейін жағдайы нашарлайды. Қарау бойынша мәліметтері: науқас мазасызданады, тері жамылғысы бозғылт, ұстағанда суық. Пальпациялағанда оң жақ қабырғалы-омыртқалық бұрыш аумағында ауырсынуы, арқа бұлшықетінің және алдынғы ішперде қабырғасының кернеуі белгіленеді. Жоғары айтылған клиникалық көрінісінде ШМК дәрігерінің тактикасы қандай?
1.бел аумағына суықты қою
2.спазмолитикалық препараттар
3.хирургиялық стационарға жоспарлы ауруханаға жатқызу
4.антибактериальді препараттар
5.ауырсыздандыру, хирургиялық стационарға шұғыл жатқызу
ЖТД жұмысындағы коммуникативті дағдылар
541.34 жастағы А деген әйел тез және қысқа уақытты реакцияларға бейім, бұл оған қысқа уақытқа өз күшін ауыр жұмысты орындатуға және өзін шабуылдан қорғауға қолданады. Бұл адам тәкапарлық пен шыншылдықты басты санайтын адам. Суреттелген әйел қайсы темпераментке жатады?
1.Сангвиник
2.Холерик
3.Меланхолик
4.Флегматик
5.Астеник
542.Медициналық ұжымда серіктестік қарым-қатынас күшейтеді:
1.Ұжым жетекшісінің авторитарлы позициясын
2.Ұжым жетекшісінің демократиялық позициясын
3.Ұжым жетекшісінің адамгершілік позициясын
4.Ұжым жетекшісінің еліктеу позициясын
5.Ұжым жетекшісінің бақылаушы позициясын
543.Дәрігерге қаралуға мылқау науқас келді. Бұл жағдайда дәрігер неге және қандай коммуникация әдістерін қолданады?
1.Вербальды қарым-қатынас, өйткені мылқаулар ерін қимылынан барлығын оқи алады
2.Вербальды емес қарым-қатынас, өйткені мылқаулар барлық дене тілдерін өте жақсы игерген – мимикамен, дене қалпын, қимыл –қозғалыстарды ыммен білдіру
3.Паравербальды қарым-қатынас, өйткені мылқаулар интонацияның, дауыстың, үзілістің шамалы өзгерісіне тез мән береді және т.б..
4.Вербальды және вербальды емес қарым-қатынас, өйткені тек осындай комплекс мұндай категориялы науқастарға толық құнды ақпаратты беруді қамтамасыз етеді
5.Вербальды және паравербальды қарым-қатынас, өйткені мұндай науқастар мимика, ыммен білдіру және т.б назар аудармайды.
544.А.Е. Личко бойынша басты белгісі асоциальды қылықтарға, арсыздыққа, өтірікке бейімділік болып табылатын, акцентуация түрін анықтаңыз, бұл олардың патологиялық сипатын көрсетеді (психопатия).
1.Тұрақсыз
2.Истероидты
3.Астеноневротикалық
4.Эпилептоидты
5.Сенситивті
545.Науқасқа кеңес беру кезінде дәрігер науқастың дене қалпы мен мимикасына қарап, оның агрессивті екенін, қандайда бір мәселені жасырып тұрғанын байқады. Бұл жағдайда қарым-қатынас қандай рөл ойнайды?
1.Ақпарат алмасу
2.Науқасқа әсер ету
3.Кәсіби білімін жақсарту
4.Дәрігер имиджін жақсарту
5.Қатынас орнату
ЖТД жұмысындағы дәйектемелі медицина
551.12-13 жастағы сау оқушыларда антропометриялық көрсеткіштерді зерттеу керек. Осы сұраққа қай зерттеу дұрыс жауап береді?
1.жағдайлар сериясы
2.көлденең зерттеу
3.жағдай бақылау
4.когортты зерттеу
5.рандомизирленген бақыланатын зерттеу
552.Аспиринды қабылдау қайталамалы миокард инфарктісін алдын-алатынын анықтау үшін қандай зерттеуді жүргізу қажет? Зерттеудің дизайнын анықтаңыз.
1.когорталық зерттеу
2.жағдайлардың сериясын баяндау
3.«жағдай-бақылау» зерттеуі
4.рандомизацияланған клиникалық тәжірибе
5.РБЗ-ны жүйелік шолу
553.«Цизаприд» дәрісін қабылдау фонында ауыр қарыншалық аритмиялардың пайда болу оқиғалары дәрігерлермен тіркелген. өткен жылдың ортасына қарай әлем бойынша 386 ұқсас оқиғалар тіркелген, олардың 125-і науқастардың өліміне әкелді. Зерттеудің дизайнын анықтаңыз.
1.когорталық зерттеу
2.жағдайлардың сериясын баяндау
3.«жағдай-бақылау» зерттеуі
4.рандомизацияланған клиникалық тәжірибе
5.РБЗ-ны жүйелік шолу
554.Ишемиялық тип (population) бойынша қанайналымның жедел бұзылысымен науқастарға ацетилсалицил қышқылының (intervention) тағайындалуы емнің жоқтығына қарағанда (comparison) қайталамалы инсульт қаупінің төмендеуіне әкеледі ме? Клиникалық сұрақтың типін анықтаңыз.
1.сұрақ аурудың этиологиясы мен себептеріне қатысты
2.сұрақ терапияға қатысты
3.сұрақ диагностикаға қатысты
4.сұрақ экономикалық нәтижелілікке қатысты
5.сұрақ қауіпке қатысты
555.Зерттеудің дизайнын анықтаңыз: туған кездегі (архивтік мәліметтер бойынша анықтайды) балалардың кейінгі интеллектуалдық дамуымен (IQ бағалау) дене массасын бағалауға арналған зерттеу.
1.когорталық проспективтік
2.когорталық ретроспективтік
3.«оқиға-бақылау» зерттеуі
4.рандомизацияланған бақыланатын зерттеу
5.мета-анализ
Достарыңызбен бөлісу: |