Тыңайтқыштар-өсімдіктердің топырақтан минералды және органикалық қоректенуін жүзеге асыратын, топырақтың құнарлылығын арттыратын құрамында қоректік элементтері бар заттар



бет4/12
Дата21.12.2023
өлшемі0.96 Mb.
#487474
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Ғылыми жоба ботаника микология Бөкейхан Айсұлу жби-012 тобы

2-сурет.Құс саңғырығы
Бактериалды тыңайтқыштар-жалпы құрамында топырақ микроорганизмдері кездесетін тыңайтқыштардың бір түрі. Бактериалды тыңайтқыштардың құрамында қоректік элементтер болмайды. Бактериалды тыңайтқыштардың негізгі қасиеті-өсімдіктің тамыр жүйесі арқылы топырақтан қоректенуін қамтамасыз етуі болып табылады. Бактериалды тыңайтқыштар қатарына-нитрагин, азот бактерин, фосфорбактерин жатады.
Нитрагин-ауадағы газ күйінде кездесетін өсімдік қабылдамайтын бос азотты сіңіріп, түйнек бактерияларының әсерінен пайда болатын өсімдіктің тамырына әсер ететін сіңімді қосылыс түрі [1].

3-сурет.Нитрагин тыңайтқышы
Азот бактерин-азотоген тәрізді тамыр түйнек бактерияларының әсерінен ауадағы бос азотты қабылдай алатын қосылыс түрі.



4-сурет.Азот бактерин тыңайтқышы


Фосфорбактерин-топырақ құрамында кездесетін органикалық заттардың құрамындағы фосфорлы қосылыстарды минералдандыру қабілетіне ие қосылыс түрі.Фосфорбактерин тыңайтқышы сұйық және құрғақ препараттар күйінде пайдаланылады.

5-сурет.Фосфорбактерин


Минералдық тыңайтқыштар-жалпы құрамында өсімдікке қажет минералды тұздар түрінде болатын қосылыстар. Минералдық тыңайтқыштар табиғи қоректендіргіш элементтері бойынша 3 түрге бөлінеді:азот, калий, фосфор тыңайтқыштары [1].
Азот тыңайтқыштары-құрамында өсімдікке қажет қоректік азот заты кездесетін тыңайтқыштың бір түрі.Азот тыңайтқыштары қатарына-аммоний сульфаты,аммиак селитрасы, мочевина, азотты сұйық тыңайтқыштар жатады.
Аммиак селитрасы-құрамында азот көбінесе, нитратты қосылыс түрінде, аз мөлшерде аммиакты түрде болатын жоғары концентрациялы азот тыңайтқышы. Аммиак селитра тыңайтқышын дақылдарды өсіп-өну кезеңдерінде қоректендіру үшін мақсатында қолданылады [1].
Аммоний сульфаты-құрамында азот кездесетін және құрғақ күйінде жақсы себілетін азот тыңайтқышының бір түрі.Аммоний сульфаты тыңайтқышы өсімдік өсетін топырақтың қышқылдануын қамтамасыз етеді. Бұл тыңайтқыш түрі азоттың нитратты тыңайтқыш түріне қарағанда ауыл шаруашылығында өте тиімді болып табылады. Себебі, жауын-шашынның суына тез шайылып кетпейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет