10-сурет.Қырыққабат өсімдігін өсіру барысы
Қырыққабат өсімдігі дұрыс өніп-өсуі үшін минералды тыңайтқыштармен тыңайту жұмыстары жүргізілді. Қырыққабат өсімдігін тыңайту екі жолмен жүргізіледі. Бірінші жолы-қырыққабат өсімдігін көшет арқылы отырғызғаннан кейін 10-15 тәулік өткен соң тыңайтады.Бұл әдіс жолымен тыңайту барысында әр дақылға 0,5-0,8 мг аммиак селитрасы, 0,1 мг суперфосфат және 0,3- 0,4 мг хлорлы калий тыңайтқышын енгізеді [ 5].
Екінші тыңайту әдісі- қырыққабат өсімдігінің қаудандары қалыптаса бастаған кездегі тыңайту болып табылады.Бұл әдіс жолымен тыңайту барысында әр дақылға 1-1,5 мг аммиак селитрасы, 0,1 мг суперфосфат және 0,5 мг хлорлы калий тыңайтқышы ертінді күйінде қолданылады.
Қырыққабат өсімдігін тыңайту барысында өсімдіктердің тамыр жүйесін зақымдау үшін өсімдіктен 10 см алшақ тереңдікке енгізу арқылы тыңайтады.
Қырыққабат өсімдігі тыңайтылғаннан кейін жүйелі түрде суаруды қажет етеді. Қырыққабат өсімдігінің қауданы өскенге дейін өсімдікті 8-10 тәуліктен кейін суарады. Қырыққабат өсімдігінің қауданы толықтай пісіп жетілгеннен кейін өсімдікті әрбір 10-12 тәулік сайын суарады. Қырыққабат өсімдігін жиі суарып тұрған дұрыс. Себебі өсімдікті уақытында суармау салдарынан өсімдік қаудандарының өсуі баяулайды, өнімділік деңгейін біршама төмендетеді.
Қырыққабат өсімдігін көшетсіз өсіру барысында қырыққабат өсімдігінің суыққа төзімділік қабілеті артады.Қырыққабат өсімдігінің көшетсіз өсіру барысындағы өсіп-даму кезеңі 13-15 тәулікті құрайды.
11-сурет.Қырыққабат өсімдігіне тыңайтқыштардың әсері
Қырыққабат өсімдігіне органикалық және минералды тыңайтқыштарды пайдалану қырыққабат өсімдігінің өнімділігінің артуына және өсімдіктің жемісінің тез пісіп жетілуіне мүмкіндік береді. Қырыққабат өсімдігін тыңайту барысында көңге азот,фосфор,калий тыңайтқыштары қосылады.Көңге азот, фосфор, калий тыңайтқыштарын қосу қырыққабат өсімдігінің өнімділігін және сапасын арттырады.
Қырыққабат өсімдігін минералды қоректендірудің екі негізгі әдістері қолданылады. Бірінші әдіс түрі-қырыққабат өсімдігінің көшетін егіп болғаннан кейін, 2-3 аптадан кейін 0,4-0,8 мг аммиакты селитра, 0, 1мг суперфосфат және 0,5 мг калийлық тұз арқылы тыңайтылады.
Екінші әдіс түрі-қырыққабат өсімдігін тыңайту барысында өсімдікті қарқынды суару болып табылады. Қырыққабат өсімдігін тыңайтқаннан кейін суару минералды және қоректік заттардың дұрыс сіңірілуіне мүмкіндік береді.
Қырыққабат өсімдігі барлық вегетациялық кезеңінде азот тыңайтқышын аса көп мөлшерде қажет етеді. Азот тыңайтқышы қырыққабат өсімдігінің сабақтары және жапырақтарының дұрыс өсуін қамтамасыз етеді.
Жалпы қырыққабат өсімдігін азот тыңайтқышымен тыңайту арқылы қырыққабат өсімдігінің құрамындағы құрғақ заттың, қанттың және витаминдердің мөлшері артады.
Қырыққабат өсімдігіне фосфор тыңайтқышын қолданудың маңызы өте зор болып табылады.Себебі, фосфор тыңайтқышы қырыққабат өсімдігіндегі тамыр жүйесінің дұрыс қалыптасуына әсер етеді.
Қырыққабат өсімдігіне калий тыңайтқышын қолданудың маңызы өте зор болып табылады. Қырыққабат өсімдігіне калий тыңайтқышын жеткілікті мөлшерде қолдану арқылы қырыққабат өсімдігінде крахмал, қантты зат, май сияқты заттардың түзілуі біршама жоғырылайды. Қырыққабат өсімдігіне калий тыңайтқышын жеткілікті мөлшерде қолдану арқылы қырыққабат өсімдігінде болатын фотосинтез процесінің қарқындылығы жоғарылай түседі.Қырыққабат өсімдігіне калий тыңайтқышын қолдану арқылы өсімдіктің жапырақтарындағы хлорофилл пигментінің дұрыс түзілу процесі орын алады.
Тыңайтқыштар
|
Азот
|
Фосфор
|
Калий
|
Қырыққабат өсімдігіне тигізетін әсері
|
Азот тыңайтқышы өсімдіктің бойы,гүлі,жапырақтарының дұрыс өсуін қамтамасыз етеді.
Азот тыңайтқышы жеткілікті мөлшерде қолданылғанда қырыққабат
Өсімдігінің өсуі мен дамуы жақсарып,мол өнім алуға болады.
|
Фосфор тыңайтқышы қырыққабат өсімдігінің гүлденуі мен жемісінің пісіп жетілуін қамтамасыз етеді.Хлорофилл пигментінің түзілуіне қатысады.
Жемістің сапасын жақсартып,өнімділігін біршама арттырады.
|
Калий тыңайтқышы қырыққабат өсімдігіне өте қажет.Калий тыңайтқышы жеткілікті мөлшерде қолданылғанда қырыққабат өсімдігінде крахмал,қантты зат және майдың түзілуі жоғарылайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |