8-сурет.Калий тыңайтқыштары
2.Қырыққабат өсімдігінің биологиялық ерекшелігі
Қырыққабат (Brassіca)-жоғары сатыдағы өсімдіктер қатарына жататын орамжапырақтар тұқымдасына жататын бір, екі немесе көп жылдық өсімдік түрі. Қырыққабат өсімдігінің жапырақтары ірі пішінді болып келеді және жапырақтары кезектесіп орналасады. Қырыққабат өсімдігінің негізгі ерекшелігі- 15 – 18°С-қа жеткенде өсіп-өніп, жарық сүйгіш және суыққа өте төзімді болып келеді. Қырыққабат өсімдігінің құрамында қант, кальций, калий, фосфор және майлар, адам ағзасына қажет дәрумендер болады. Қырыққабат өсімдігінің жемісі-ұзындығы 8 см-ге дейін жететін екі ұялы бұршаққын түрінде болады. Қырыққабат өсімдігінің тұқымдарының пішіні ұсақ болып келеді. Қырыққабат өсімдігінің тұқымдарының мөлшері 1,5мм-ді құрайды, олардың түсі ашық сұр түстен қара қоңыр түске дейін өзгереді [3].
Қырыққабат өсімдігі саздық және қара қоңыр топырақтарда жақсы өседі. Қырыққабат өсімдігі қышқыл топырақтарда нашар өседі. Қырыққабат өсімдігі жалпы екі жыл шамасында өсетін өсімдік болып саналады. Қырыққабат өсімдігі бірінші жылы-сабақтарын,жапырақтарын және қаудан бөліктерін қалыптастырады. Қырыққабат өсімдігі екінші жылы гүл өркендерін, жемістерін және тұқым бөліктерін қалыптастырады.
Қаудан-қырыққабат өсімдігінің ұлғайып өскен ұштық жабық бүршік түрі. Қырыққабат өсімдігінің қаудандарының пішіндері-шар, жайпақ, шошақ және сопақша тәрізді болып келеді. Жалпы қырыққабат өсімдігінің қауданының салмағы 0,5 тен 20 кг-ға дейін жетеді. Ақ қауданды қырыққабатты жыл бойы жаңа піскен және қайта өңделген күйінде тағамға пайдалануға болады. Қырыққабат өсімдігінің қауданының түстері-ақ,сарғыш және жасыл түсті болады. Қырыққабат өсімдігінің дәнінің салмағы 4 г-ға дейін болады. Қырыққабат өсімдігі мал азықтық дақыл және тағамдық дақыл ретінде кеңінен қолданылады [2].
9-сурет.Қырыққабат өсімдігі
3.Қырыққабат өсімдігін өсіру барысында тыңайтқыштардың әсерін зерттеу
Қырыққабатты өсіру жұмыстары ашық қара қоңыр және сазды ылғалды топырақтарда жүргізілді. Қырыққабат өсімдігін дұрыс өсіп-өнуі үшін сазды және ылғалды топырақтарда отырғызу керек. Көбінесе қырыққабат өсімдігінің көшеттері ашық жерге мамыр айының бастапқы он күндігінде отырғызылады. Қырыққабат өсімдігін отырғызу барысындағы қатар аралығы 70 см-ді құрауы тиіс. Қырыққабат өсімдігін отырғызу барысында ең дұрыс өсіру тәсілі топырақ текшесінде өсіру болып табылады. Қырыққабат өсімдігі дұрыс өсіп-өнуі үшін қатар аралықтарын әрбір суарудан кейін міндетті түрде қопсыту қажет [4].
Достарыңызбен бөлісу: |