Тыңайтқыштар-өсімдіктердің топырақтан минералды және органикалық қоректенуін жүзеге асыратын, топырақтың құнарлылығын арттыратын құрамында қоректік элементтері бар заттар


-сурет.Қырыққабат өсімдігіне тыңайтқыштардың қарқынды әсері



бет9/12
Дата21.12.2023
өлшемі0.96 Mb.
#487474
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Ғылыми жоба ботаника микология Бөкейхан Айсұлу жби-012 тобы

12-сурет.Қырыққабат өсімдігіне тыңайтқыштардың қарқынды әсері

Қара қоңыр топырақта өсірілген қырыққабат өсімдігіне тыңайтқыштарды себу арқылы қырыққабат өсімдігінің ерте өсу фазаларында минералды қоректік элементтердің пайызы біршама артты. Қырыққабат өсімдігіне азот, фосфор және калий тыңайтқыштары жеткілікті мөлшерде қолданылды.


Қырыққабат өсімдігіне тыңайтқыштардың нормадан көп қолданылуы қырыққабат өсімдігінің қаудандарының қаулап өсуіне әсерін тигізді.



Тыңайтқыштардың түрлері

Азот мөлшері %

Фосфор мөлшері %

Калий мөлшері
%

Азот фосфор калий тыңайтқышының 1еселік нормасы

4,4

0,32

4,4

Азот фосфор калий тыңайтқышының 2еселік нормасы

5,0

0,49

4,7

Азот фосфор калий тыңайтқышының 3еселік нормасы

5,9

0,53

5,8



Кесте 2.Қырыққабат өсімдігінің химиялық құрамы
Қырыққабат өсімдігіне минералды тыңайтқыштарды қолдану арқылы қырыққабат өсімдігінің құрамындағы қоректік заттардың мөлшеріне біршама әсер ететіні зерттеу жұмсытары кезінде анықталды.
Қырыққабат өсімдігіне минералды тыңайтқыштарды жеткілікті мөлшерде қолдану барысында қырыққабат өсімдігі мүшелеріндегі қоректік элементтердің мөлшері тыңайтқыш нормаларына байланысты біршама өзгеріске ұшырады.
Қырыққабат өсімдігінің бастапқы өсу сатысында азот, фосфор мен калий мөлшері көп болды, ал вегетациялық кезеңінің соңғы сатысында азот,фосфор және калий тыңайтқыштарының мөлшері азая бастағанын көруге болады.
Қырыққабат өсімдігінің вегетациялық кезеңіндегі минералдық тыңайтқыштардың мөлшерінің төмендей бастауы,минералды тыңайтқыштардың көбею мүшелеріне қарай өтуіне тікелей байланысты болды.
Қырыққабат өсімдігінің вегетативтік мүшелеріне қарағанда көбею мүшелерінде калий тыңайтқышының мөлшері біршама көп болды.
Қырыққабат өсімдігіне азот фосфор калий кешендік тыңайтқыштарының 1,2,3 еселік нормаларымен тыңайту жұмыстары жүргізілді.
Зерттеу жұмыстары кезінде азот фосфор калий кешендік тыңайтқыштарының 1,2,3 еселік нормаларымен тыңайту жұмыстары барысында минералды тыңайтқыштардың мөлшері де біршама өзгеріп отырды.
Қырыққабат өсімдігіне азот фосфор калий кешендік тыңайтқышының 1 еселік нормасымен тыңайту барысында азот мөлшері 4,4%-ға, фосфор мөлшері 0,32%-ға және калийдің мөлшері 4,4%-ға жоғарылады.

Қырыққабат өсімдігіне азот фосфор калий кешендік тыңайтқышының 2 еселік нормасымен тыңайту барысында азот мөлшері 5,0 %-ға, фосфор мөлшері 0,49%-ға және калийдің мөлшері 4,7 %- ға жоғарылады.


Қырыққабат өсімдігіне азот фосфор калий кешендік тыңайтқышының 3 еселік нормасымен тыңайту барысында азот мөлшері 5,9%-ға, фосфор мөлшері 0,53 %-ға және калийдің мөлшері 5,8 %-ға жоғарылады.

Қырыққабат қауданы түзіле бастаған фазада қырыққабат өсімдігінде кездесетін қоректік элементтердің мөлшері тәжірибеде қолданылған тыңайтқыштардың мөлшеріне тәуелді болды.


Қырыққабат өсімдігінің тыңайтқыштар қолданған нұсқаларында азот мөлшері 3,9-4,9%, фосфордың мөлшері 0,32-0,53 % және калийдің мөлшері - 3,9-5,5% құраса, қырыққабат өсімдігіне жасалған эксперимент нәтижесінде олардың саны сәйкесінше азоттың мөлшері 2,9%-ды , фосфордың мөлшері 0,29 %-ды және калийдің мөлшері 3,3%-дан аспады.
Қырыққабат өсімдігіне жасалған талдау жұмыстарына нәтижесіне тоқталсақ, қоректік заттардың мөлшері қырыққабат өсімдігінің биологиялық ерекшеліктерінен ғана емес, сонымен қатар тыңайтқыштар енгізу арқылы олардың нормаларына тәуелді болатындығының,сол нормаларына байланысты мөлшерінің өзгеруін тәжірибе жұмыстары кезінде анықтау жұмыстары жүргізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет