Тыңайтқыштар-өсімдіктердің топырақтан минералды және органикалық қоректенуін жүзеге асыратын, топырақтың құнарлылығын арттыратын құрамында қоректік элементтері бар заттар



бет5/12
Дата21.12.2023
өлшемі0.96 Mb.
#487474
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Ғылыми жоба ботаника микология Бөкейхан Айсұлу жби-012 тобы

6-сурет.Азот тыңайтқыштары


Фосфор тыңайтқыштары- құрамында өсімдікке қажет фосфор заты кездесетін тыңайтқыштардың бір түрі.Фосфор тыңайтқыштарының ең негізгі түрлеріне- суперфосфат және фосфорит ұнтақты тыңайтқыштары жатады.
Фосфор тыңайтқыштары өсімдіктің жемісінің пісіп жетілуін, өсімдіктің өнім сапасының жоғарылауына үлкен әсер тигізеді [1].
Суперфосфат-жалпы құрамында фосфордың қос тотығы бар, суда жақсы еритін ақшыл-сұр түсті ұнтақ түріндегі тыңайтқыштың бір түрі. Суперфосфат тыңайтқышы көбінесе бейтарап және сілтілі топырақтарда пайдаланылады.
Фосфорит ұнтағы-аздап ылғал тартатын, суда мүлем еримейтін ақшыл түсті келген тыңайтқыштың бір түрі. Фосфорит ұнтақты тыңайтқышын көбінесе ылғалы мол қышқыл топырақтарда жиі қолданылады [1].
Өсімдік организміндегі синтездеу процесі мен зат алмасудың көптеген сатысы фосфор қышқылының қатысуымен өтеді. Өсімдікте фосфор шамалы мөлшерде түрлі минералдық қосылыстар түрінде кездеседі. Оған негізінен орта фосфор қышқылының тұздары жатады. Өсімдік организмінде фосфор көптеген процестерге қатысады. Мысалы, құрамында фосфор қышқылы бар АТФ-сыз фотосинтез және тыныс алу процестері өтпейді, сондай-ақ өсімдіктегі қосылыстардың түрленуі болмайды. Өсімдіктегі көмірсулардың синтезделуі мен ыдырауы фосфордың қатысуымен өтеді. Өсімдік организмінде фосфор қышқылы азотты заттардың алмасуында ерекше рөл атқарады.

7-сурет.Фосфор тыңайтқыштары


Калий тыңайтқыштары-құрамында өсімдікке қажет калий заты кездесетін минералды тыңайтқыштың бір түрі.Калий тыңайтқыштары химиялық құрамы жағынан-тұз,күкірт және көмірқышқылының тұздарынан тұрады.Калий тыңайтқыштары суда жақсы ериді және өсімдік жасушасының бойында тез сіңіріледі.Сонымен қатар калий тыңайтқыштары өсімдік жасушаларының ылғалдануына,көмірсу алмасуына,фотосинтез өнімдерінің жапырақтан сабақтарға және тамыр жүйесіне дейін өтетін барлық процестерге қатысады.
Калий тыңайтқыштары өсімдіктердің ауруға төзімділік қабілеттерін арттыруға қатысады.Калий тыңайтқыштары өсімдіктерде крахмал және қантты заттардың жинақталуы мен қозғалуында маңызды рөл атқарады.Калий тыңайтқыштары өсімдік жапырақтарының сарғаймауын және түрлі сыртқы орта жағдайларының әсеріне сабақтарының беріктігін қамтамасыз етеді [1].
Калий өсімдік организмдегі кейбір ферменттердің қызметіне әсер етеді. Мысалы, амилаза, инвертаза сияқты ферменттердің белсенділігін арттырады. Өсімдікте кейбір витаминдердің түзілуі калий элементінің қатысында өтеді. Мысалы, аммиактан азотты органикалық заттардың пайда болуына әсер ететін тиамин витамині калий қатысында түзіледі. Калий жетіспесе плазма коллоидтарының суды ұстап тұру қабілеті төмендейді, өсімдік сола бастайды. Калий ауыл шаруашылық дақылдарының суыққа және түрлі ауруларға төзімділігін күшейтеді.Калий өсімдік клеткаларының толысуына, бүршіктердің неғұрлым қаулап жетілуіне үлкен әсер етеді. Өсімдік тіршілігінде калий көптеген физиологиялық үрдістерге қатысады. Ол қарапайым және күрделі көмірсулардың синтезделуіне ықпал етіп, жапырақтағы көмірсулардың тамырға жылжуына себепші болады. Фотосинтез және тыныс алу үрдістері өсімдіктің калиймен қоректену деңгейіне байланысты болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет