Тиімділігі арттыру жолдарын зерттеу


Қашықтықтан білім беруде биологиядан жаңа технологияларды қолдану



бет12/18
Дата16.05.2024
өлшемі373.45 Kb.
#501268
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
МД Уалшерова

2.4.1Қашықтықтан білім беруде биологиядан жаңа технологияларды қолдану
Қашықтықтан білім беру –жаңа ақпараттық технологиялар мен мульти-медиялық жүйелер оқытудың элементтері үйлестірілген ерекше, жетілген түрі.
Қазіргі замандағы телекоммуникациялық және электронды басылымдар дәстүрлі оқыту түрінің барлық құндылықтарын сақтай отырып, кемшілік-терін жеңіп шығуға мүмкіндік береді. Қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері классикалықпен қатар салыстыру бойынша мынандай жетістіктерге ие:
- Жеке адамның үздіксіз әлеуметтену мүмкіндігі;
- Икемділік (оқытудың уақыты, орны, көлемі және қимылы
бойынша);
- Жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігі;
- Оқу ақпаратына қол жеткізу ,оны жедел жаңарту.
Қашықтықтан оқыту -оқытушымен оқушының оқыту құралдары арқылы интерактивті қарым - қатынас әрекет үрдісін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық -педагогикалық технология (ереже бойынша компьютерлік техника). Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады:
- туындайтын мәселелерді қарастыру;
- мақсат пен міндеттерді қою;
- білім, тәжірибелерді беру;
- ұйымдастыру қызметі;
- білім алушылардың арасында өзара байланысты орналастыру;
- оқу үрдісін бақылау.
Қашықтықтан оқыту артықшылықтары төмендегідей болып
табылады:
-кез келген жерде, кез келген мерзімде оқуға мүмкіндігі бар; 
- кәсіби қызметпен қатар білім алуға болады.
Оқу үрдісінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың жаңа жетістіктерін пайдалана отырып, оқушылар мен оқытушылар арасындағы белсенді сұхбат, оқу ақпаратына мүмкіндік беріледі.
Білім алушының мекен жайына, денсаулық жағдайына, элитарлық және материалдық жағдайына қарамастан тепе - тең дәрежеде білім алуға мүмкіндігі бар.Қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалана білім беру үрдісінің негізіне арнайы жасалған оқу - әдістемелік материалдармен білім алушының мақсатты және бақыланатын өзіндік жұмыс жасауы алынған. Қашықтықтан оқытудың компонеттері мен әдістемелік тәсілдері оқытуды мүмкіндігінше ыңғайлы және тиімді етуге бағдарланған. Жаңа тұжырымдама әрбір нақты адамның өз мүмкіндіктерін есепке ала отырып, соны іс жүзінде көрсету мен жетілдіру арқылы білім беруді жекелеп жүргізудің сипат алғанын көрсетеді. Бұл оқушылардың және мұғалімдердің өздерінің әртүрлі жеке мүмкіндіктеріне сәйкес алуан түрлі білім беру бағдарламаларын жасау арқылы іске асырылады. Білім беруді жетілдірудің осы бағытындағы маңызды фактор болып оқушылардың қазіргі және болашақта қолданылатын ақпараттық - қатынастық технологияларды пайдалану арқылы оқуға деген өз ынтасын (мүмкіндігін), өздерінің жеке басының когнитивті іс-әрекет жасауға икемділігін қалыптастыру ісі саналады.
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (АКТ) білім берудіжаңғыртудың маңызды бөлігі болып табылады. АКТ ақпараттық өңдеудің әртүрлі құрылғылары мен әдістерін, ең алдымен қажетті бағдарламалыққамтамасыз етумен жабдықталған компьютерлермен біргеақпаратпен қамтамасыз етеді. Олар мұғалімдер мен білім алушылардың дистанциялықәрекеттесуіне, басқаша айтқанда – қашықтан білім алуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет