Тиімділігі арттыру жолдарын зерттеу


Қашықтықтан оқытуда электронды оқытуды ұйымдастыру жүйелері



бет15/18
Дата16.05.2024
өлшемі373.45 Kb.
#501268
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
МД Уалшерова

3.2 Қашықтықтан оқытуда электронды оқытуды ұйымдастыру жүйелері

Электрондық оқытуды ұйымдастыруда оқыту үдерісін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін электрондық оқыту ортасын таңдау маңызды рөл атқарады. LMS\LCMS-ді (Learning Management System) таңдаудың негізгі белгілеріне келесілер жатады:


-Функционалдылық жүйеде əрдеңгейлі қызметті, атап айтқанда,
форумдарды, чаттарды, оқушылардың белсенділік талдамасын, курстарды жəне оқушыларды басқаруды жəне басқа да жинақтауларды білдіреді;
-Үлгі қорында контентті жаңарту қарапайымдылығын білдіреді. Басқару ыңғайлылығы жəне ішкі əсерлерден қорғау жүйеге қолданушылардың қарым-қатынасына, оларды пайдалану тиімділігіне айтарлықтай əсерін тигізеді.
-Тұрақтылық - жұмыстың əртүрлі режимдеріне жəне қолданушылардың белсенділік деңгейіне қатысты жүйе жұмысының орнықтылық деңгейін білдіреді;
-Жүйенің өз құны мен оны енгізу, курсты дайындау жəне жүргізуқұндары қоса алынады;
-оқушыларға (студенттерге) лицензия санына шектеудің болуы немесе болмауы;
-Контентті дайындау құралдарының болуы. Оқу контентінің кіріктірілген редакторы курсты дайындауды жеңілдетіп қана қоймай, сондай-ақ əртүрлі саладағы оқу материалдарын біріктіріп көрсетуге мүмкіндік береді;
SCORM көмегі- SCORM стандарты электрондық курстармен алмасудың халықаралық негізі болып табылады жəне оның жүйеде болмауы жинақылықты төмендетіп, тасымалдау курстарын құруға мүмкіндік бермейді;
- білімді тексеру жүйесі. Онлайн режимінде оқушылардың білімін тексеруге мүмкіндік береді. Əдетте мұндай жүйеге тесттер, тапсырмалар жəне форумдардағы оқушылардың белсенділік деңгейін тексеру кіреді. - қолдану ыңғайлылығы. Жаңа жүйені таңдауда оны қолдану ыңғайлылығын қамтамасыз ету керек. Əлеуметтік оқушылар қолайсыз болып көрінген немесе қозғалту барысында қиындық туғызған технологияны қолданбайтындықтан, бұл маңызды параметр. Оқыту технологиясы интуитивті түсінікті болуы қажет. Оқыту курсында көмек мəзірін табу, бір бөлімнен екінші бөлімге көшу жəне құрастырушымен қарым-қатынас оңай жүзеге асырылуы керек.
-Модульдік -электрондық оқытудың қазіргі заманғы жүйелерінде курстың құрамы басқа курстарда пайдалануға болатын микро-модульдер немесе оқу материалдарының блоктарынан тұрады;
-Қолжетімділікті қамтамасыз ету. Оқушылар кез келген уақытта, кез келген жерден оқу программасына кірерде кедергілерге тап болмауы қажет, сондай-ақ олардың жеке бас кемтарлықтары да қарастырылуы тиіс (ағзаның шектеулі қызметі, көзінің нашар көруі). Сондай-ақ программалық жабдықтың шектеулі ортасын пайдаланатын «ертеңгі күн»
технологиясын қолдану əлеуметтік қолданушылар ортасын айтарлықтай азайтады;.
Электрондық оқыту ұйымдары жүйелерін талдау жəне жіктеу. Электрондық оқыту ұйымдарының түрлі құралдарының ішінен келесі топтарды бөліп алуға болады:
- авторлық программалық өнімдер (Authoring Packages);
- контентті басқару жүйелері (Content Management Systems - CMS);
- оқытуды басқару жүйелері (Learning Management Systems -LMS);
- оқыту контентін басқару жүйелері (Learning Content Management Systems - LCMS).
Авторлық программалық өнімдер (Authoring Packages)Авторлық өнімдер оқытушылар программалау тілдерін қолдану барысында кездесетін қиындықтарды жою үшін арнайы дайындалған. Бұл программалар əдетте оқытушыларға визуалды программалау ортасында өз бетімен оқу контентін құруға мүмкіндік береді. Кодтау сцена артында орындалады. Оқытушы тек қажетті ақпаратты керекті орынға орналастырумен ғана айналысады. Бұл ақпарат мəтін фрагменті, иллюстрация немесе бейнефрагмент түрінде экранға тінтуір көмегімен орталастырылады. Бұл өнімдердің кемшілігі оқыту үдерісін жəне барлық оқушылардың үлгерімін уақытымен бақылай алмау болып та-былады. Ереже бойынша олар оқу үдерісі жайлы ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға емес, оқушымен тез кері байланыс орнататын сабақ дайындауға арналған.Дегенмен, мұндай программалардың көп бөлігінде бір уақытта оқушылар арасында байланыс орнату құралдары жоқ. Əдетте онда чаттарды, талқылауларды немесе екіжақты аудио алмасуды ұйымдастыру мүмкін. Интербелсенділік те əдетте шектеулі. Байқап отырғанымыздай, мұндай жүйелер электрондық оқыту ұйымдарының кейбір мəселелерін ғана шешеді.
Контентті басқару жүйелері (CMS) -контентті басқару жүйелері гарфикалық, дыбыстық, аудио, бейне, мəтіндік жəне басқа да файлдардың каталогтарын құруға жəне оларды басқаруға мүмкіндік береді. Мұндай жүйеде оқытушыға
немесе құрастырушыға өзіне қажеттіні тез табу үшін кілт сөздер арқылы іздеуге мүмкіндік беретін мəліметтер қоры бар.
Контентті басқару жүйесі, əсіресе, біршама оқытушылар курстарды дайындап жатқан жағдайларда тиімді, олар оқу материалдарының үзінділерін əртүрлі курстарға пайдаланып отырады. Бұл курстарды аз уақытта дайындауға мүмкіндік береді, мысалға, бизнесменнің жаңа суретін өңдегенше, оқытушы оны дайын суреттердің ішінен тауып алып қоюына болады. Мұндай жүйелер Web-сайттарды, оқыту материалдары бар порталдарды жасауға ыңғайлы,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет